Николай Титов | өмірбаяны

0

Николай Титов (1906–1960) 17 қарашада Ресейдегі Новосибирск облысы, Колывани селосында туған. 

1926 жылдан бастап Новосибирскідегі «Советская Сибирь» және «Молодая гвардия» газеттерінде, сонан соң «Большевистская сталь» (Кузнецк қаласы) газеті редакциясында, кейінірек Новосибирск радиосында жұмыс істейді. 

1934 жылы өлеңдерінің алғашқы кітапшасы шығады. Шекарашылар туралы өлеңдер циклін жазып, «Застава» атты кітап шығарды. Үшінші кітабы 1946 жылы шықты. Біраз уақыт Текелі қаласында тұрады. 

Шығармалары: Шахтерская поступь. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1946; «Огни пятилетки». Стихи. А., ҚМКӘБ, 1949; Стихи разных лет. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1953; Не отходи от телефона. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1955; Избранные. А., ҚМКӘБ, 1956; Рядом с юностью. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1959; Избранные. А., ҚМКӘБ, 1962; След. М., «Советский писатель», 1966; Приметы осени. Стихи. А., «Жазушы», 1984.