Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары

0

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 2
І тарау. Ақпараттық қызмет көрсету негізгі қызмет түріне жатады.
1.1. Құжаттарды іріктеп
алу … … … … … … … … … … … … … … … … … …5
1.2. Ақпараттық өнімдерді сапалы
басқару … … … … … … … … … … … .16

ІІ тарау. Ақпараттық өнім: типологиясы және қасиеті.
1. Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген
талаптары … … ..26
2. Ақпараттық өнімдердің және қызметтердің
түрлері … … … … … …35
ІІІ тарау.Ақпараттық қажеттілік және оны табу жолдары.
3.1.Ақпараттық қажеттіліктің
қасиеті … … … … … … … … … … … … … … 45
3.2. Кітапханадағы ақпараттық қажеттілікті анықтау жолдары … … … ..51
Қортынды … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..5 8
Пайдаланған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … .60

Кіріспе

Дипломдық жұмысты зертеу актуальдылығы: Еліміздің өркениетті мемлекет
болып, саяси және экономика жағынан шапшаң ілгері дамуы, сондай – ақ
әлеуметтік құрылымның өзгеруі жаңа пайдаланушылар тобының пайда болуына
ықпалын тигізді.
Қазіргі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз
болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі белгілі. Сондықтан
кітапхана қызметінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы, оның
сапалылығы мен нәтижелілігі тек болашағын сақтайды. Осы мақсатта өз
оқырмандарына жаңа дәстүрде қызмет етуді көздеген кітапхана қажетті
апқпаратты жедел және толық алуына мүмкіндік беретін, қызметі ақпараттық –
комуникативтік технологиялардың үйлесуі мен жүзеге асырылатын жаңа үлгідегі
кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыруда. Кітапханалар
оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру қазіргі заман
талаптарына сай бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда, ол оқырмандарды
дәстүрлі және электронды тасымалдағыш құралдарымен қамтамасыз ету,
кітапханалық библиографиялық үрдістерді автоматтандыру негізінде өзіндік
және әлемдік электронды ресурыстарға мемкіндік беру, қорды насихаттау және
білімгер жастардың рухани ой — өрісін, патриоттық педагогикалық,
эстетикалық және мәдени тәрбиесін дамыту.
Проблеманы құрастыру дәрежесі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы жолдаудың мемлекеттік
деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету
жағдайында, оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселелеріне жетік назар
аударылады.
Әлемдік ақпараттандыру және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция
компьютерлік мәдениетке оқытуға, ақпаратты қоғам технологияларына,
ақпараттық ресурыстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және
пайдалануына әр түрлі ақпараттарға көпаспектілі және оперативті түрде
кіруді қаматамасыз ететін түрлі деңгейдегі тораптарға деген қажеттілікті
күшейтіп отыр. Кітапхана ісіндегі қазіргі күнге сәйкес Кітапханалық
библиографиялық құралдарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарасытырып, осы
заман талабына сай кітапхана жұмысында оқырмандардың сұранымын
қанағаттандыру мақсатында, библиографиялық құралдардың тиімді пайдаланудың
жолдарын ұйымдастыру болып отыр.
Зерттеу объектісі: Кітапханатану, анықтамалық — библиографиялық
аппараттарды құрастыру, электронды түрде қызмет көрсетудің тиімдігін
зерттеу. Оқырмандардық ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу және сұранымдарын
сапалы түрде қанағаттандыру жолдарын дамыту. Түрлі жаңалықты ақпараттық
иновациялық өнімдерді пайдалану, кітапханалық анықтамалық библиографиялық
құралдарды ұйымдастыру қызметін дамытып жаңа заманға сай жүргізу жұмыстарын
қарастыру.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты – Кез келген
қажеттіліктегі, сыпайылық, сақтық, клиенттерге қызметкерлердің жеткізе білу
қаблеттілігі және олармен іскерлік қатынаста нәтижелілік сияқты, маңызды
істердің бөлімдерін қарастырамыз. Бір қарағанда осы талаптар кітапханашылар
мен ақпарат беруші қызметкерлер үнемі көрсетеді, өзгешеліктері жоқ.
Ақпараттық салада көпшілігінде басқаларға қарағанда, екі есе
сәйкеспеушіліктер болады. Ол үшін адамды түсіне білу керек, ақпараттың
қажеттілік себебін, оның түсіну қаблеті мен дайындалу деңгейін анықтау
керек. Кәсіби білім мен қабілеттен басқа (пән бойынша сұраным көлеміне тез
түсіну, ақпараттық ресурстардың білімінің мүмкіншілігін, іздестіруді басқа
да жолдармен жүргізе білуді), ақпараттық құрылым мамандарынан тырнақ алды
психологиялық білім және психологиялық шығармашылық, сонымен қоса қарым
қатынас жасағанда жоғары деңгейдегі біліктілікті талап етеді
Ғылымдағы жаңалықтар. Қазіргі кезеңде кітапхана ақпараттық
ресурстарын, мәдени бос уақытты пайдалы өткізетін, білім беретін орталық
болып саналады.
Кітапхана ісінде компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды
оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген
сұранымын қанағаттандыруға негізделген. Еліміздегі болып жатқан жаңалықтар
мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік
тапсырмаларды іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп
тіреледі. Осы ақпараттарды оқырмандардың қажеттілігіне қарай дер кезінде
тұтынушыларға жеткізу кітапханашылардың жұмысы. Жаңа ақпараттық
технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек
ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғарғы кәсіби деңгейін
және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін
қалыптастыруды талап етеді.
Тәжірибелік барысы: Дипломдық жұмыс Ақапараттық қажеттілік жиынтығы
тақырыбын қамтиды. Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қажеттілікке байланысты осы талаптарға сай, технологиялық процестердің
орындалу регламенттері қалыптасатыны анық: сұрақтарды қабылдау – оның
орындалуы – қызмет көрсетілуі – тұтынушының пікірін білу. Басқаша айтқанда,
тіл талабы технология тіліне аударылады және сапалылық жүйесіне құжат
жүргізіледі. Ақпараттық қызмет көрсету ісіне қатысты берілген
мінездемелермен қаншалықты келісуге болады ? Олардың тұтынушыларға
қаншалықты маңыздылық көзқарасымен талдап, орнатуға әрекет ету.
Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер: таңдап алынған тақырып
бойынша анықтамалық қажеттіліктерді ұйымдастыру жұмыстарын саралап, және
оларды бір – бірімен салыстырып көрдім. Сонымен қоса ақпараттық құралдардың
инавациялық жолдарын дамытуды қарастырып анықтамалық библиографиялық
аппараттарды электрондық түрлерін қолдануды зерттедім. Дипломдық жұмысымда
анықтамалық қажеттіктерді зерттеп бірнеше түрін қарастырып қарастырдым.
І тарау. Библиографиялық құралдарды топтастырудың түрлері.
1.1. Құжаттарды іріктеп алу
Іріктеп алу – библиографиялаудың аса маңызды процесі. ГОСТ 7.0-84
бойынша, библиографиялық іріктеп алу – бұл библиографияланатын құжаттарды
белгіленген сапалық өлшемдерге сәйкес іріктеп алу.
Библиографиялаудың ерекше кезеңі болып табылатын материалды
іріктеп алу белгілі бір дәрежеде библиографиялық құралдардың басым
көпшілігіне, атап айтқанда, барлық ғылыми-көмекші және ұсыныстық
көрсеткіштерге түгелдей тән. Іріктеп алу жұмысы мүлде жасалмайтын
құралдарды атап шығуға болады ( белгілі бір адамның тірі кезінде басылған
барлық шығармаларының көрсеткіштері, белгілі бір жер – қала, аудан, облыс
және басқа да аймақта жарық көрген баспасөз туындыларының көрсеткіштері).
Бұл жерде жиналған материалдың бәрін толық қамтып, елеп-екшеп жазу керек.
Әйтсе де жасалған жұмыста ой, мақсаттың, нақты болу жағын ескеру жөн.
Библиографиялық оқулыққа керекті құжаттарды іріктеп алу ісінің өзін басты
белгілері бойынша шектеулі (формальды, мазмұнды) және сапалық деп бөлуге
болады. Шектеулі іріктеу дегенге іздестіру, сұрастыру арқылы жинау, ал
сапалық іріктеуге – библиографиялық ақпаратқа сүйене отырып бағалау жатады.
Библиографиялаудың синтездік шағын кезеңінің екінші процесі
библиографиялық жазбаларды топтау болып табылады. Ол оқырмандардың құралдан
жақсы бағдар алуына, қажетті материалдарды тез табуына, олардың арсындағы
өзара байланысты көре білуіне көмектеседі; ал бірқатар жағдайларда басылып
шыққан шығармалармен танысудың тәртібін, ретін көрсетіп те береді. Топтау
негізгі үш операцияны: бүкіл жазбаларды таңдап алған белгілері бойынша
белгілі бір топтарға бөлуді; бөлімдердің, бөлімшелердің, рубрикалардың және
т.б. реттілігін анықтауды: рубрикалардың ішінде жазбаларды (кіші
рубрикаларды), яғни ішкі ең соңғы бөліністер дейтіндерді орналастыру әдісін
таңдап алуды қамтиды.
Топтаудың нақтылы бар әдістері мейлінше сан алуан, ал олардың
қайсысын таңдап алу құралдың жалпы ой төркініне, қандай мақсатқа және
қандай оқырманға арналатындығы, библиографияланып отырған документтің
сипаты мен мазмұны арқылы анықталады. Алайда, библиографиялық хабарламаның
негізгі қоғамдық қызметі жөніндегі түсініктерді басшылыққа ала отырып,
топтаудың ең алдымен 3 әдісін: формальды, мазмұндық және ұсыныстық
әдістерін ажыратып алу керек. Бірінші әдіс негізінен алғанда белгілі бір
сипаты бойынша нақты құжаттарды іздестіруге, екіншісі-тақырып (мазмұн)
бірлігімен байланысты баспа шығармаларын анықтауға, үшіншісі – басылып
шыққан материалдарға олардың ғылыми, көркемдік құндылығына, ұғымдылық
дәрежесіне және т.б. сәйкес баға беруге жәрдемдеседі.
Формальды топтаудың негізгі міндеті – құжаттардың сыртқы
белгілеріне қарап оны іздестіру, табу. Құжаттардың сыртқы белгілері дегенде
оның түрі, басылып шыққан жері, тілі, авторы кім екендігі және т.б.
айтамыз.
Кейбір жағдайларда формальды топтау құралда өз шешімін тапқан
көптеген құжаттар жайында мазмұнды түсінік алуға жәрдемдеседі. Мәселен,
хронологиялық тәртіппен (құжаттардың басылып шыққан жылдары бойынша)
орналастыру тақырып бойынша деректер тасқынының қалыптасуы мен эволюциясын
қадағалуға, басылып шыққан жері бойынша топтау белгілі бір қаладағы,
аудандағы, облыстағы баспа қызметінің көлемі мен сипатынан түсінік алуға
мүмкіндік береді. Материалдың авторлар фамилиясының алфавиті бойынша
орналастырылуы (мысалы, Сводный каталог русской книги гражданской печати
XVIII века, 1725 – 1800 деген еңбектің алғашқы үш томында) белгілі бір
қайраткердің шығармашылық белсенділігі мен ғылымның, әдебиеттің, өнердің
және т.б. дамуына қосқан үлесіне жақсырақ баға беруге көмектеседі.[18, Б. 6-
15]
Мазмұны жағынан топтаудың формальды топтаудан айырмашылығы – ол
библиографиялық суреттемелерге ғана негізделмейді, өйткені оларға
енгізілген құжаттар туралы деректер екінің бірінде олардың тақырыбын аша
бермейді. Мұнда библиографтың тікелей құжаттардың мәтініне немесе
аннотацияларға (рефераттарға) жүгінуі қажет. Әдетте, белгілі бір шығарма
көбінесе бірқатар тақырыптарға (мәселелерге) арналатын болғандықтан, оның
суреттемесін құралдың әртүрлі бөлімдерінде не қайталап отыру, немесе
сілтемелерді қолдану қажет болады.
Мазмұнына қарай топтау жүйелі, тақырыптық және пәндік болуы мүмкін.
Жүйелі орналастыру қайсы бір дайын әмбебап немесе салалық
саралау схемасын пайдалануды көздейді. Бір схема бойынша құрылған әртүрлі
құралдарда материалды топтау, әдетте, (бірдей атаулар пайдаланылады және
бөлімдерінің реті де) бірдей болады. Тақырып бойынша топтаудың ерекшелігі –
ішкі құрылымы өте сақталмайды. Бұл орайда жалпы бөліну саны, олардың реті,
атаулардың тұжырымдалуы тақырыбы жөнінен ұқсас немесе бірдей көрсеткіштерде
екінің бірінде әртүрлі болып шығуы мүмкін.
Пәндік жағынан топтағанда библиографиялық жазбалар басылып
шыққан тақырыбы жөнінен жақын шығармалардың негізгі мазмұнын бейнелейтін
рубрикаларда біріктіріледі, ал рубрикалардың өздері сол шығармалар
атауларының алфавиті бойынша орналасады. Мазмұны ауқымды рубрикалар ішінен
кіші рубрикалар бөлінеді. Пәндік жағынан орналастыру хабарламаны
тұтынушының нақты, біршама тар мәселелер жөніндегі қажет құжаттарды тез
табуына мүмкіндік береді. Алайда өзінің мазмұны жағынан көп пәнді, басылып
шыққан шығармаларды әр түрлі рубрикаларда көрсету қажеттілігі құралдың
көлемін тым ұлғайтып жібереді. Оның үстіне рубрикалардың алфавит ретімен
берілуі ұқсас жазбалар арасындағы байланысты үзеді, олардың логикалық
реттілігін бұзады және әлбетте, оқуға жетекшілік жасау мақсатына қызмет ете
алмайды. Сондықтан пәндік жағынан топтау әдетте мамандарға және даярлығы
бар пайдаланушыларға арналған ғылыми-көмекші салалық библиографиялық
құралдарда қолданылады.
Ұсыныстық топтау басылып шыққан нақты шығармаларды табуды
қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыға құралды құрастырушы
тұрғысынан әдебиетпен жұмыс істеудің неғұрлым дұрыс жолдарын да көрсетеді.
Сөйтіп, оның ерекшелігі белгілі бір педагогикалық ниетті көздейтіндігінде.
Практикада ұсыныстық топтаудың жалпылама топтаудан бастап жеке топтауға
дейінгі (тақырыпты дамыту негізі бойынша) ұғымдылық дәрежесі (неғұрлым
оңайынан қиынына қарай) немесе ұсынылып отырған шығармалардың біршама
құндылығы бойынша әртүрлі нұсқалары пайдаланылады. Орналастырудың таңдап
алынған тәртібін құралға алғы сөзде негіздеу және бөлімдер мен топтық
аннотацияларға кіріспе ескертпелерде тиісті түсінік беру қажет.
Ұсыныстық топтауда библиографиялық хабарламаның баға беру
қызметінің ашық және белсенді түрде көрінетіні әбден айқын. Бұл қызметтің
библиографиялау үшін жалпы мәні болғандықтан, даярлығы аз адамдарға да,
хабарламаны білгірлікпен тұтынушыларға – мамандарға да, ғылыми
қызметкерлерге және тағы басқаларға да арналған құралдарда ұсыныстық топтау
берген жөн, ал топтаудың нақты әдісі, әрине, әртүрлі болады.
Шығармалардың сапасына баға беру, олардың салыстырмалы құндылығын
дәл анықтау — өте қиын міндет. Оны шешкенде кездейсоқтық пен субъективтілік
элементтеріне жол беріп алуға болмайды. Библиограф, бұл кемшіліктерді,
әдебиетті мұқият зерттеп, мамандармен үнемі ақылдасып, сыни сипатта басылып
шыққан материалдарға (рецензияларға, шолу мақалаларға және тағы басқа)
жүгіне отырып жеңе алады.
Библиографиялық құралдарда материалдарды топтаудың қолданылып жүрген
түрлерін саралаудың жоғарыда қарастырылған әдістерінен басқа әдістер де
болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым немесе күрделі топтау болады. Бірінші
жағдайда құралдағы жазбалар қандай болса да бір ретпен орналасады, бірақ
ішіндегі материал бөлімдерге, бөлімшелерге және басқаларына бөлінбейді.
Күрделі топтауда суреттемелерді бөлімдер, бөлімшелер, рубрикалар
және кіші рубрикалар бойынша бөлу көзделеді, ал әрбір соңғы бөлінісі ішінде
де материал алдын ала таңдап алынған бір ретпен (авторлардың фамилиялары
немесе бас тақырып алфавиті, басылымның хронологиясы бойынша, әдебиеттің
түрлері бойынша, логикалық ретіне қарай – жалпыдан жалқыға, қарапайымнан
күрделіге қарай және тағы басқа орналастырылады. [19, Б. 34-39]
Библиографиялық синтезідің маңызды операциясы ол анықталып, іріктеліп
алынған материалдарды белгілі бір түрде реттеп, логикалық жүйеге түсіруге,
библиографиялық құралда келтірілген баспа шығармалары арасында байланыс
орнатуға мүмкіндік береді. Материалды топтау ақпаратты тұтынушының
документті деректемелерге бағдар алуын қамтамасыз етеді, әрбір нақты
жағдайда өзі ден қоятын әдебиет туралы мәліметтерді тез табуына
жәрдемдеседі. Синтездік шағын кезеңде анықталып, зерттелген құжаттарды
іріктеп алу мен библиографиялық жазбаларды топтау жүзеге асырылады.
Библиографиялаудың синтездік кезеңінің басты міндеті – осының алдындағы
барлық талдау операцияларының нәтижелерін етене бірітіру және қандай нақты
мақсатқа, қандай пайдаланушыға арналғандығына сәйкес тұтас библиографиялық
туынды ретінде құралдың құрылымын қалыптастыру. Құралды жазудың синтездік
кезеңі негізгі 3 операциядан : әдебиет ірітеп алу, библиографиялық
жазбаларды топтау, көмекші көрсеткіштерді құрастырудан тұрады.
Шектеулі іріктеу. Шектеулі іріктеу екі түрлі: формальды және
мазмұнды деп аталады. Әдебиетті формальды іріктеп алғанда
библиографиялаудың тікелей объектілеріне кеңестік жағынан ( белгілі бір
немесе бірнеше кітапхананың қоры), формальдық-баспагерлік (басылымның түрі,
тиражы, көлемі, көбейтілу әдісі), хронологиялық (есептегі кезеңі, жазылу
уақыты), территориялық (басылып шыққан жер), тілі және басқалары жағынан
сырттай шек қойылуы мүмкін.
Нақты библиографиялық практикада жоғарыда келтірілген формальды
белгілер әдетте ұштасып кетеді. Мәселен, белгілі бір орталықтандырылған
кітапхана жүйесіне жаңа түскен әдебиеттердің айлық бюллетенінде іріктеу
кеңістік (сақталу орны) және хронологиялық өлшемдері бойынша жүзеге
асырылады. Бұлайша іріктеп алған жағдайда құжаттардың мазмұны, тақырыбы
қозғала бермейді.
Формальды іріктеп алумен салыстырғанда, іріктеп алудағы мазмұн
жағынан шектеу оқырманға қатынасы жөнінен неғұрлым белсенді болады, бірақ
құжаттардың мазмұнына нысаналы баға беру сияқты мұнда да оларды айқын
саралау жоқ. Мысалы, Бүкілодақтық ғылыми және техникалық хабарлама
институтының ағымдағы (сигналдық үгімдегі) салалық библиографиялық
басылымдары белгілі бір салалық мазмұнмен шектеледі (құжаттардың сапасына
баға берілмейді) және инженер-техник, ғылыми-қызметкерлерге, конструкторлар
мен өнер табысшыларға, рационализатор-ларға, хабарламаны тұтынушылардың
басқа категорияларына арналған. Жалпы алғанда, мазмұны жағынан шектеп
іріктеудің өзі де құрастырушылардан мәселенің мәні жөніндегі әдебиетті
терең білуді, мықты әзірлікті талап етеді. Нақты шешімдер қабылдауда
библиографқа белгілі бір саладағы мамандар-ғылыми редакторлар мен
консультанттар көмек көрсетеді.[16, Б. 45-49]
Сапалық іріктеу. Мұндай іріктеу процесінде көрсеткіштің нақты
нысаналы және оқырмандық мақсатына сай келмейтін құжаттар алынып тасталуға
тиіс. Өткен кезеңде кейбір советтік библиография танушылардың ойлағанындай,
сапалық іріктеп алу ұсыныстықбиблиографияға ғана емес, сонымен қатар ғылыми-
көмекші библиографияға да тән.
Сапалық іріктеу-мейлінше күрделі процесс. Библиограф құралдың
тақырыбы мен ол бойынша қолда бар әдебиетті жақсы біліп қана қоймай,
сонымен қатар тақырыбы бойынша жақын еңбектердің ғылыми немесе көркемдік
құнды жақтарына салыстырмалы талдау жасай білуі, белгілі бір көрсеткіш
арналған хабарлама тұтынушылардың әртүрлі топтарының әзірлік деңгейін,
қабылдауының өзіндік сипаты мен психологиясының ерекшеліктерін ескере білу
керек.
Іріктеудің жоғарыда сипатталған түрлері библиографиялық
практикада көбінесе бір-бірімен ұштасып отыратынын атап көрсету қажет.
Мәселен, бір құралда бір мезгілде іріктеудің формальды, мазмұндық және
сапалық өлшемдері пайдаланылуы мүмкін. Бұл орайда олардың біреуі негізгі,
жетекші, басқалары қосымша ілеспе өлшем болады. Сапасына қарай іріктеуді
жүзеге асыру үшін таңдап алынған тақырыптағы әдебиеттерді жақсы білу аздық
етеді. Библиограф оқырмандар мүдделерінің психологиясына терең бойлай
білуге тиіс, мұның өзі оқырмандарды, олардың сан алуан ақпараттық
қажеттерін қазіргі ғылыми типтендіруді зерттеп білудің негізінде ғана
мүмкін болады. Сонымен, бұл арада библиографиялау әдісінің кітапхана
ісінің, атап айтқанда, оның оқырмандарды зерттеу және оқуға жетекшілік ету
сияқты бөлімдерінің жетістіктерімен тығыз байланысы, оған тәуелдігі ерекше
айқын көрінеді.
Шектеулі формальды және мазмұндық және сапалық іріктеп алуды қанша
ажырата қарағанмен, бұл құбылыстарды оқшауланған, өзара байланысы жоқ деп
санауға болмайды. Керісінше, библиографиялық құрал құрастыру практикасында
негізгі және жетекші болатын бір өлшем, әдетте басқаларымен ұштасып,
аралсып кетеді. Қосымша өлшемдер рөлінде көрінген бұл өлшемдер
библиографиялық хабарламаның (іздестіру, коммуникативтік, бағалау) негізгі
қоғамдық қызметінің айырмашылықтарын ғана емес, сонымен қатар бірлігін де
объективті түрде бейнелейді.
Оқырмандар кітапханадан ақпарат құралдары арқылы керекті құқықтық
ақпараттар мәліметтерін жинай алады. Осы орайда, оқырмандарға құқықтық
ақпараттарды жүйелі түрде жеткізе білу насихаттау тұрғысындағы,
жағдайларға сай барлық құқықтық ақпарат түрлері жинақталған,
нормативтік құқықтық заң актілер базасы арқылы, оқырмандарға электрондық
тұрғыда қызмет көрсететін секторлар ашылуда. Сектор өз жұмысын Сектор
ережесіне сүйене отырып атқарады. Онда сектордың міндеттері мен қызметі,
ақылы және ақысыз қызмет көрсету жөнінде ережелері мен талаптары,
университет студенттерінің құқықтық жағынан білімдерін көтеру реттеу
мақсатында, үгіт насихат жүргізу жұмыстары көрсетілген. Оқырмандарға сектор
қызметінің негізгі бағытының бірін атап айтатын болсақ, сектор
оқырмандарға, 40000 мыңға жуық жинақталынған Қазақстан Республикасының
Әділет министрілігінің құруымен Қазақстан Республикасының Құқықтық
ақпарат орталығының Заңдар атты заңнама базасы мен Юринфо
компанияларының Юрист атты заңнамасы орналасқан базаларын пайдалану
арқылы электрондық тұрғыда қызмет көрсетеміз. Осы базаларды пайдалана
отырып, оқырмандар өздеріне керекті құқықтық мағұлматтар мен мәліметтерден
хабардар болады. Секторда, оқырмандар құқықтық ақпараттар мәліметтерінен
хабардар болып қана қоймай, оны қолданудың жедел түрлері мен тиімді жолдары
қарастырылған. Мысалы, оқырман керекті ақпарат мәліметтерін дискетке
көшіріп алу немесе параққа шығару арқылы, өздерімен бірге тұрақты түрде
ақпараттар мәліметтерін алып жүре алады. Мұның өзі оқырманның тез арада
құқықтық ақпараттардан хабардар болуын тездетеді, әрі жылдамдатады, әрі
уақыттарын үнемдеулеріне мүмкіндік тудырады.
Заңнама мәліметтері әрбір салаларға бөлінгендіктен іздеу жолдары базада
тақырып немесе кейбір деректерге, салаларға, байланысты орналасқан.
Сондықтан да, кейбір оқырмандарға базамен жұмыс істеу жайында бағыт,
кеңестер бере отырып, олардың базаны дұрыс игерулерін қадағалаймыз. Бұл
оқырмандардың құқықтық мәліметтерді, ақпараттарды дұрыс, тұрақты
пайдалануларына мүмкіндік беріп, оның қолма-қол орындалуын тездетеді.
Құқықтық ақпараттар мен нормативтік құқықтық заң актілерін насихаттауда,
оқырман қауымды сапалы ақпараттармен таныстыру үшін, заң факультетінің
кафедраларына ҚР-ның нормативтік құқықтық заң актілерінен Заңдар атты
базадан айына бір рет бюллетень беріліп келді. Дегенмен де, күнделікті
өмірде қырық қатпарлы, түйінді бас қатыратын сұрақтар аз кездеспейді.
Сондықтан әлі де болса, ақпарат құралдары арқылы құқықты насихаттап, оны
арттырудың пәрменді жолдары қарастырылған. Осы орайда, құқықтық қызмет
көрсетуіміздің негізгі бағытын айтуға болады. Ол, оқырмандардың жаңа
заңдар мен нормативтік құқықтық актілермен дер кезінде хабардар ету
мақсатында, мерзімді баспасөз беттеріне берілген нормативтік құқықтық заң
актілерінен айына екі рет Жедел-ақпарат, Экспресс — информация атты газет
шығарылады.
Бұл — оқырмандардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, құқықты оқытудың,
дамытудың бағдарламасын іске асыра отырып, жүйелі жұмыс жүргізілуіне,
құқықтық көзқарастардың қалыптастырылуына тиімді ықпал етеді. Оқырмандарға
құқықтық тұрғыда қызмет көрсетуге байланысты негізгі
бағытымыздың бірі, оқырмандардың талап тілектері мен сұранымдарына
орай, электронды тақырыптық картотекалар құрастырылды. Атап айтсақ,
тақырыптық картотекалар Экономика саласындағы қылмыстық жемқорлыққа қарсы
құқықтық күресудің криминалистикалық мәселелері, Азаматтық, құқықтық,
салықтық, экономикалық мәселелерді заңды тұрғыда толық жетілдіру, кіші
тақырыптық рубрикалар картотекалары Азаматтық құқық, Адам құқын қорғау,
Тұрғын үй құқығы, Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Жер
құқығы тб. Сонымен бірге, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды білу
үшін, оқырмандарға электронды каталог ор-наластырылды. Студенттер
электронды каталогты пайдалануда белсенділік танытуда. Себебі, мұндағы
құқықтық әдебиеттер тізімі мен ақпараттар мәліметтерін бір мезгілде қолдана
алады. Бұл барлық ақпараттардың компьютерде сақталуы, оқырман қауымды
сапалы ақпарат мәліметтерімен толықтырып қана қоймайды, олардың өз
мамандығы мен біліктілігіне сай ақпараттарды тұрақты пайдалануларына
мүмкіндік береді.
Заңның сақталуын сенімді, автоматты дағды емес, күнделікті, кәсіптік,
азаматтық борыш пен парыз ретінде сыйлауға тиіспіз. Осыған орай,
оқырмандардың құқықтық ақпаратқа деген сұранымдары мен талап тілектерін
арттыра түсу мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
заң актілерінен оқырмандарға арнап кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Кейінгі жас толқын заңгерлерге берер тағылымымыз, көрсетер үлгіміздің
маңызы зор. Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функциялары
ұғымының ғылыми маңызы. Библиографиялық ақпараттың айтылған жалпы
теориясының бастапқы қалпын ең алдымен библиография ғылымының
методологиялық мүдделілігі позициясында қарау қажет,өйткені теориялық
қалып, ғылыми абстракция тікелей утилитарлы қолданысқа арналмаған, олар ең
алдымен ғылымның өзінің аясында пайдалылық функцияларына ие болады.
Сонымен қатар кез келген теориялық құрылымның ақыр соңында қоғамдық іс –
тәжірибе ісінде ақиқаттылығы ғана тексеріліп қоймайды, сонымен қатар оған
әсер етеді де, оны жетілдіру мақсатында пайдаланылатыны даусыз. Соның
арасында кейбір библиографтардың ортасында күні бүгінге дейін библиография
барынша іс – тәжірибелік, мұнда ешқандай да, теория болуы мүмкін емес деген
пікір бар.
Бұл барынша қателесу. Библиография ісін жүргізу саласындағы теориялық
зерттеулердің даму жолына бір жақты практицизм методологиясы кедергі
болып келді және бола береді де.
Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функцияларының
қабылданған теориялық түсінігі библиография ісін жүргізуде және басқа да
салаларда кеңінен тараған библиографияны қоғамдық құбылыс деп қараған әр
түрлі шектелген көзқарастарды жеңу үшін қажетті негізден тұрады (мысалы,
кітапхана ісін жүргізуде, кітап ісін жүргізу де, ақпаратта). Осы секілді
кейбір көзқарастар жоғарыда айтылып өтті.
Библиографиялық ақпараттың негізгі функцияларының ара жіктерін ашу
(зерттеу, коммуникативтік, бағалау) қоғамды библиографиялық қамтамасыз ету
негізінде жатқан принциптердің бір текті емес екенін, сондықтан да мысалы,
бар және кез келген библиографиялық ақпараттағы бағалы табиғат
концепциясының шектелгендікпен дәл емес екендігін түсінуге әкеледі. Іс
жүзінде, құжатты бағалай қарау библиографиялық ақпараттың тек бір негізгі
қоғамдық функциясын бағалау екендігін білдіреді.
Библиографиялық ақпараттың зерттеу және коммуникативтік
функцияларының бағалаудан айырмашылығы құжаттарды формалды және мазмұнды
ретке келтірумен байланысты. Библиографиялық ақпараттың зерттеу және
коммуникативтік функцияларының формалды – логикалық табиғаты сәйкес
библиографиялық процестерді толық автоматтандырудың принципті
мүмкіндіктерін қарастырады. Біздің көз алдымызда бұл мүмкіндіктер өзінің
өсе түскен масштабымен, әсіресе ғылыми – ақпараттық қызметке, сонымен қатар
күнделікті мемлекеттік библиография саласында өмірге еніп жатыр.
Жекелей, таза күйдегі, яғни абстракты алынған негізгі қоғамдық
функциялар ерекше қоғамдық ретінде оның тұрақтылығын көрсететін барынша
жалпы формада қызмет етеді. Бұл дегеніміз, библиографиялық ақпарат басынан
қандай да бір өзгертулерді өткізбесін, тәжірибелік іске асыру әдістері әр
түрлі жағдайларда спецификалық нақтылы тарихи бекітілген формалары
жаңалана, өзгеріске түсіп жатса да, модификацияласа да өзінің қоғамдық
функцияларын орындап келеді, орындап та отыр.
Оқырмандарға білім беретін мәдени ақпараттық ресурстардың құрамы мен
қасиеттері. Ақпараттық мәдениеттің сабақ жүйесі 1- 11 сынып аралықтарында
жұмыс істейді. Кітапханада мына тақырыптар бойынша арнайы сабақтар өтеді:
электрондық каталогтар және балалар кітапханаларындағы картотекалар,
электрондық мультимедия энциклопедия, іздестірудің әдістемесі мен
ұйымдастыруы, электрондық рефераттар, ақпараттық технологиялар

1.2. Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару

Барлық тауарлар мен қызметтердің сапасының маңыздылығы мен
туралылығының проблемасы, нарықтық экономикаға көшкенде өткір байқалады.
Кәсіпорынның кез келген түрі жекеменшіктікі екенін, жоғары сапалы қызметпен
қамтамасыз етпейді, дамуға және өмір сүруге ешқандай мүмкіншілігі жоқ,
мемлекеттің протекционды шараларының еш қайсысы көмектеспейтіндігін, кәсіби
кітапханалық бірлестікке мойындауға тура келеді.
Нарықтағы ақпараттық өнімдердің бәсекелестігі, жыл сайын күшейе
түсуде, бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыруды айналып өту мүмкін
емес, жаңа меншік иесінің көмегін тек кітапханалар және ақпараттық
кәсіпорындарын алады, пайдаланушылардың сұранымдарын сапалы
қанағаттандыратын.
Қазіргі уақытта сапалылық жүйесі әмбебап басқарма жүйесінің
төңірегінде қарастырылуда. Ақпараттық – кітапханалық қызмет, басқа саладағы
қызмет көрсету және өнеркәсіптерге қарағанда баяу дамып жатқандығын
мойындауымыз керек. Сондықтан сәйкес мақсатқа осы саланың мамандарының
жинақталған тәжірибесін, ақпараттық қызмет және кітапхана жұмысының
ерекшелігіне сәйкестендіріп пайдалану керек. Халықаралық әмбебап сипатта
қамтамасыз ету мүмкіншілігі, дәстүрлік емес стандарттық жұмыс түрлеріне
арнап, өнім өндіретін және өнім өндірмейтін жұмыстарды сапалы қамтамасыз
етуді ұйымдастырушыны , ИСО (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым)
сериясының 9000 стандарты бір ыңғайға келтіреді. Осыған қатысты 1991 жылы
сапалы қызмет жүйесіндегі талаптарды анықтайтын ИСО 9004 стандартының 2
бөлімінде бекітілгенін атап өту керек.
Сапалылық жүйесі келесі табандылық кезеңдерінде негізделеді:
1. Өнімнің сапалылығын тұтынушының талабы арқылы анықтайды. Нақты оның
талабы өнімге немесе қызмет талабына әкеледі. Сапалылыққа тексеру арқылы
емес бірнеше жылдық концептуалді тәжірибенің алғашқы кезеңдердегі
өнімдерді салу арқылы жету. Соған қарай жауапкершілік жүктеледі: қызметтің
сапалылығына бақылау бөлімі ғана емес жоғарыдағы басшыдан бастап барлық
қатардағы қызметкерлер жауап береді. Қызметкерлердің, технологиялық
операцияларды орындаушылардың қызметтегі бұрынғы жұмыс барысының
сапалылығының қадағалау қарастырылған. Қызметкердің негізгі мақсаты, оның
жұмысы келесі қатардағы технология маманын қанағаттандыру, сондықтан әр
қызметкер бұрынғы өнімді сұраушы рөліне шығады.
2. Зерттеу жүргізген кезде, өндірістегі, жобаланған, тауарды сату және
көтеруде қызметкерлер құрамы бір сапта жұмыс жасауы тиіс. Мекемелердің
тұтынушылар алдындағы міндеттемесін, жеке ұжымдық шеңбердегі міндеттерін
қарастыру.
3. Сапа жүйесін қарастырғанда тұтынушы мен жабдықтаушы байланысы
кіреді. Тәртібі қатаң сақталған мекемелермен меншікті жүйе қалыптастырып,
жабдықтаушымен ұзақ мерзімдік негізде қызмет атқаруға талпынады.
Қызметкерлердің біліктілігін, өндірістік мүмкіншілікті, жабдықтаушының
жоспарындағы шығарылатын өнімнің сапасының жағдайын зерттеуге арнайы жоспар
құрылады. Жабдықтаушымен сенімдік қарым қатынас орнатқанда, өнімнің
сапасын арттыру жолын бірігіп қарастыруды меңгеруде, келіп түсіп жатқан
туардың шыққан мерзімін тексергенде қаражат та уақытта айтарлықтай
үнемделеді. Соншалықты нәтижелі болса да, жеке іс шараға байланысты
тауардың сапасын арттыруға болмайтындығын, жабдықтаушымен үнемі бірігіп
әрекет етудің маңыздылығын дәлелдейді. Тұтынушыларға жеткізушілер ғана
емес, көптеген кәсіпорындар соңғы тауардың сапасымен қамтамасыз етеді.
4. Тұтынушымен қарым қатынас арқылы тауардың сәйкес сапасын және
пайдалану жағдайын анықтап, соңынан барынша кең немесе қарапайым жай әрі
жиілетіп тауар дайындаушы жұмысын жалғастыра алады. Үнемі нақты және
ықтималды тұтынушылармен қарым қатынас жасау арқылы тауардың сапасын
арттыруды қарастырып, жаңа тауарды жасауға қол жеткізуге болады.
Тұтынушылардың дәлелді шағымдарын мүмкіндігінше қанағаттандырып және
қортынды жасап, міндетті түрде белгілеуді жалғастырып отыру керек.
Өндірушімен тұтынушының арасындағы байланыс ешқашан әлсіремеуі тиіс.
Тұтынушыларға егжей – тегжейлі тауардың сапасы мен қызмет құнын дәлелдеп
және осы саладағы өздерінің мүдделерімен, негізгі ой мақсатын жариялап,
өндірістің технологиясын өзгерту себебімен, түсетін пайданы көтеруге
талпынады. Өндірушінің қызметі тұтынушылардан да мекемеден түсетін пайдан
арқылы екендігін үнемі дәлелдеп отырады. Басқаша айтқанда, бұл дәлел ойын
ортақ алаңда жүргізіледі дегенге келеді.
5. Сапалылық жүйесі қызметкерлердің ақылына қарай, мекеменің
қабілеттілігін арттырып, өз бетімен дамуына ықпал етеді. Мұндай қайта құру
автоматты түрде жасалмайды, әсер етуші құралдарды пайдалана отырып,
қызметкерлердің және басшылардың біліктілігін үнемі көтеріп отыруды талап
етеді.
6. Тауардың сапасына деген және оны жасау және ұсыну аралығындағы
барлық талаптарда қызметкерлердің жауапкершілігі құжатталады. Кешенді
құжаттар жүйесіндегі сапа жұмыс жағдайында қолданылуы тиіс, яғни үнемі
маңыздылығы артып отырады.
Нақты тауардың сапасы қамту мақсаты жанжақты болып ақпараттық қызметті
ұйымдастыруда өз күшіне қарай ортақ қарым қатынаста болып және осы салада
келесіндегідей түрде басқаша ұйғарылады:
Өнімнің сапасының жалпы принципін Ақпараттық өнімдердің сапасын
қамтамасыз ету қамтамасыз ету жағдайы
1 2
1. Өнімнің сапасын тұтынушының Ақпараттық өнімнің сапасын тұтынушы
талабына сай анықтайды. анықтайды. Егер кітапхана немесе
ақпараттық қызмет мекемесі белгілі
бір қызмет көрсету үшіні өзіне
міндетке алады, онда бұл қызметтер
тұтынушының сұранымын
қанағаттандыруы тиіс; жаңа білімді
қабылдауға олардың деңгейі дайын
болуы тиіс; ұсынылған ақпараттың
сапасына деген талап және онымен
жұмыс істеудегі қолайлылық.
2. Өнімнің сапасы жобалау сатысында Ақпараттық өнімдердің барлық
қалыптасады.Әрбір қызметкер өнімді түрлеріне қарай ортақ сапалық талап
тұтынушымен алдыңғы біркелкі қажет.Кітапхананың бөлімшелерінің
технологиялық тізбекте алға шығады. немесе ақпараттық қызмет орындарының
барлық қызметкерлері бір тұтас
команда болып қызмет атқарады,
команданың әр мүшесі жұмыстың өткен
технологиялық этаптарының сапасына
кепілдік береді және өзінің еңбегін
сапамен қамтиды. Тұтынушыны
сұранымын сапалы түрде
қанағаттандырылғанын талдап барлық
және қызметкерлерге жария етеді.
3. Сапа жүйесіне жабдықтаушы мен Ақпараттық өнімнің сапалылығы
байланыста кіреді. белгілі бір кітапхананың немесе
ақпараттық қызметтің қызмет
көрсетуін қалыптастыруына ғана емес,
басқада көптеген мекемелердің
қызметтеріне байланысты: кітап
шығару саясатына және кітапты
насихаттау; МБ дәйектілігі, салалық
қалыпта; телекоммуникация жүйесінің
өткізу қаблетіне қарай; Ақпараттық —
кітапханалық жүйенің мүмкіншілігі
және сапасына қарай; ең соңында
ақпарат беретін мамандардың
дайындығы мен қайта дайындалуына
байланысты. Соғын байланысты әрбір
жеке кітапхананың жұмысының сапасы
жалпы тұрғындарға қызмет көрсетуіңде
әсер етеді. Сондықтанда ең алдымен
екі бірдей міндетті атқарғанда өз
өніміңнің сапасына кепілдік бергенде
және іскерлік серіктестікті
таңдағанда, осы талапқа жауап беру
болады.
4. Сапа жүйесіне тұтынушымен қатынасҚабылданған наразылыққа жауап,
кіреді. тұтынушының көбеюі салдарынан.
Қанағаттандырмаған сұранымдарды
жүйелеп зерделегенде. Ақпараттық
мұқтаждық мониторингінің міндеті
және тұтынушының айрықша ықыласына
мыналар міндеттеледі; олардың қызмет
сапасына деген талабы және күтудегі
тиімділік жүйесі; ақпараттық өнімді
пайдалану мақсаты және
жағдайы;қызмет көрсету деңгейін
қанағаттандыру; кітапханаға
(ақпараттық қызметке) деген
сенімділік.
5. Қызметкерлердің үзіліссіз Қызметкерлердің біліктілігін
оқуының міндеттілігі. арттыру, ақпараттық технологиялардың
жаңартуды қарастырып қана қоймай,
әдеттен тыс талаптар тұтынушылардың
психологиялық жағдайын анықтауда
қызмет көрсету саласының жаңалығын
талап ету және олармен нәтижелі
қарым қатынас жасау; түрлі мәдени,
ғылыми, білім беретін, өндіріс және
т.б. мекемелердің мамандарымен
іскерлік қатынаста екі жаққа бірдей
пайдалы жағдайды қарастыру.
6. Қызмет көрсету барысындағы Жиынтық құжаттар жүйесінің
регламент сапалылығының үнемі актуалдығы және
өңделуі, қызметкерлердің регламент
белгіленген қызметтері және
тұтынушылардың күту тәртібін
құрастырудағы қаблеттілік.

Екі китте сапа жүйесінің негізделгендіктен. Сапа жүйесін жүзеге
асыру оларды анықтау ақпараттық қызмет көрсету жұмысына енгізуде ұстанымы
жеңілдемейді.
— өнімнің бағасын әділ белгілеу , оның сапасына кепілдік беруі;
— берілген сапамен қамтуда, технологиялық циклдің негізгі
барысында қатаң регламенті мүмкіншілігі.
Бұл базалық негізде, ақпараттық қызметтің кейбір бөліктері ғана
қамтылуы мүмкін. Оларды кезеңдерімен қарастырамыз.
ИСО стандартының 9000 сериясында ресми мәлімделеді, тұтынушының бағасы
және ұсынылған бақылау, қызметке деген талап мінездеме сияқты нақты
бөлінген болуы тиіс.
— қамтылған мінездеме санына, қызметкерлердің штатына, сонымен
қоса материалдарына;
— қызметті күту уақыты, оның ұсынылуы және технологиялық цикл
уақыты;
— қауіпсіздік мінездемесі, сенімділігі, қызметтің көрсетудің
нақты орындалуы;
— сыпайылық, байқампаздық, қызметкердің жете білуі және қол
жеткізуі, байланыста нәтижелегелі;
— қызмет көрсету орнының тәртібі және ыңғайлылығы.
Қажеттілікке байланысты осы талаптарға сай, технологиялық процестердің
орындалу регламенттері қалыптасатыны анық: сұрақтарды қабылдау – оның
орындалуы – қызмет көрсетілуі – тұтынушының пікірін білу. Басқаша айтқанда,
тіл талабы технология тіліне аударылады және сапалылық жүйесіне құжат
жүргізіледі. Ақпараттық қызмет көрсету ісіне қатысты берілген
мінездемелермен қаншалықты келісуге болады ? Олардың тұтынушыларға
қаншалықты маңыздылық көзқарасымен талдап, орнатуға әрекет етеміз:
Әр түрлі талаптар Ақпараттық қызметке Дұрыс бағалық
деген талап белгілердің болуы
1. Мінездемелер, 1.1.Ұсынылған ақпараттыңОның жете білуіне
дәйектіліктер, нақтылық нақтылығы байланысты жалпы әділ
және қызметтің толығымен бағасын, тұтынушы
орындалуы бағалайды. Аз нәтижелі
(сұрақтың мазмұнының
сәйкестігінде және
берілген ақпаратта)
түрде белгіленіп
бағаланады
1.2.Ұсынылған ақпараттыңТұтынушылар бағалайды;
толықтығы оның білімінің деңгейі
бағаланады. Кәсіби баға
(ақпарат беруші
маманның) әдеттен тыс
жұмыс көлеміне қарай
қолданылмауы мүмкін.

1.3. Ақпараттық қызметке
байланысты жаңа
мәліметтің көбірек —
болмауы, дәйектілікті
мәліметтің актуалдығын,
нақтылығын, түсіндіреді
2. Штатың және Ақпараттық қызметке Көлемдік көрсеткіштер
жабдықтаудың мөлшерінің байланысты мінездеме бар бірақ олар сирек
мінездемесі көрсетеді: ақпараттық жағдайда , қызмет
ресурстарға; еңбектік көрсетуді жүзеге асыруда
шығынға, қызметкерлердіңрегламентті өңдегенде
біліктілігіне қолданылады.
3.Күту уақыты, орындалуыСұраныстың қабылдануы Қабылданған сұранымды
және қызмет көрсетілуі және оның орындалуы, орындау мүмкіндігінің
күту уақыты уақыттық мөлшерін
орнату. Орындалу уақыты
сұраныстың қиындығына
және қиындықты
анықтауына байланысты.
4. Байланыстың Қызметкердің жете білуі Оқырмандардың
тиімділігі, қызметкердіңжәне қолжеткізуі; бағалауымен қызмет
қол жеткізуі және жете кітапхана қызметкерінің көрсетудің кез келген
білу шілігіне әкеледі. (ақпараттық қызмет) жәнесаласында өз тұрғысынан
оқырманның іскерлік бағалау болып келеді.
қатынастағы тиімділігі. Солай бола тұра бұл
көрсеткіштің есебі
міндетті болып келеді.
5. Қызмет көрсетуге Ақпараттық қызмет Тұтынушылар бағалайды.
берілген орынның тәртібікөрсетудің сапасы Көзқарасты бақылау
және жабдықталуы жабдықтаудың маңызды талабының жабдықталуы
көрсеткіші болады. және оқырманның ерекше
Жабдықтауға деген талап ықыласы, динамикалық
әр жыл сайын өседі және мінездемеге байланысты
өзгереді.

Ақпараттық қызмет бағасының маңыздылығы және әр түрлі сапалық жүйені
қолдануы, салыстыруды көрсетеді. Бірақта бірқатар себептерге байланысты
қызмет көрсету саласында толық жағдайда қолданылмайды. Оған себеп көп. Бұл
оқырманның өзіндік бағасы және оның жете білуіне, бұрынғы ақпараттық
жұмыстың тәжірибесіне жалпы тәуелді болады, күту жүйесі. Уақыт ұзақтығы
және ақпаратты пайдалану және танысуға дейінгі қызметтер ұсынылған
мерзімнен басталады. Қарастырылған қызметтің ерекшелігі болатынын
ескертеміз, олар оқырмандардың уақытын босатады, өзінің жаңа білімі бойынша
өзіндік жұмыс жасуды ұсынады.
Қиын сұрақтарды орындау уақытының нормасын қалыптастыру мүмкін
еместігі басқа себеп болады.
Ақпараттық қызмет және кітапхана қызметінің регламенті түріне қарай
ыңғайлау, сапа жүйесін қызметкерлер мен басшылықтың түсінбеушілігінен,
өндіруші технология тілін талап тіліне аудару қызметін білмегендігі жиі
байқалады. Іскерлік серіктестерден тәртіппен мекеменің қызметі және
кепілдігі жайлы ресми қабылданған нақты ұсыныс алады, кәсіпорын
қызметкерлері өздері тарапынан саяси рәсімделген құжаттықта сапа көлемінде
мүмкіншілік береді, ол өндірісте бірауыздан қабылданады.
Оған қоса тәжірибе, басқа салалардан жинақталған, нанымды дәлелдеп,
пайдаланушының бағасына толығымен сүйенуге болмайтын болса, ұсынылған
қызмет және технология құру регламентін анықтайтын басқа параметрлер салу
қажет, осыны мекеме өз клиенттеріне қандай жағдайда кепілдік бергендігін
көрсете отыру керек.
Ақпараттық қызмет көрсетуде жағдайға қарай мәліметтің нақтылығын және
көлемінің толықтығын салуға болмайды, бірақ ақпараттық ресурстарда, осы
немесе басқада сұранымдарды орындағанда пайдалануға кепілдік береді.
Қызметтің сапалық кепілі және ұсынылған ақпараттық өнімге жағдай орнатқан
сипаттаманы жинақтау арқылы, қажеттілікке байланысты қызмет көрсету сипатта
регламент енгізуге болады және керек те.
Мысалы, ақпаратты ресурстарды сипаттау толығымен шындық сиятын (СПА
және жеке қор; бірлескен жүйе; Интернет ресурстары ) және тереңірек
ақпараттық талдау осы және де басқа тапсырыстарды орындағанда кепілдік
береді. Белгілеуші құжаттың өзінде маңызды өзгерістердің қажеттілігінде
ақпараттық қызмет көрсетуді жүйелілік әрекет ретінде қарастыруға әкеледі.
Бірақ оның көпшілік бөлігі технологиялық істі жүзеге асыруды тәртіпке
келтіреді(технологиялық карталар, блок –схема) және бөлімшелердің немесе
жеке қызметкердің міндеті (бөлімнің ережелері туралы, лауазымдық нұсқау).
Кәсіпорында ақпараттық қызметтің міндеті туралы ереже қалыптастырады (НТБ
кіргізіп), кейде тұтастай ұйымдастыру жүйесінің аясында – маманның
ақпараттық қызмет көрсетуінде анықтаманы орындау нұсқау(нұсқа: ақпаратпен
қамтамасыз ету) бойынша орындалады.
ІІ тарау. Ақпараттық өнім: типологиясы және қасиеті.
1. Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары.

Кітапхананың ақпараттық қызметінің нәтижесінің ең негізгісі ақпараттық
құралдар құру болып табылады. ГОСТ 7.0-99 Мемлекет аралық стандартта
Библиография, кітапханадағы ақпараттық қызмет. Терминдер және нақтылық
бұл түсінікті мынадай жағдайда түсіндіркге болады: Қызмет етуші ақпараттық
жүйенің қортындысы болып мыналар жатады. Ақпараттық өнімдер – құжаттар,
ақпараттар кеңістігі, мәліметтер базасы және ақпараттық қызмет.
Ақпараттық қызметтің қажеттілік міндетіне жататындығын мойындай
отырып, ақпараттық қызметтің басқа қызмет түрлерінен ерекшелігін анықтап
көрсету қажет.
• Ақпараттық қызмет – бұл оқырманның сұранымына берілген қандайда
бір мәлімет;
• Ақпараттық қызмет – ақпараттық құралды ұсыну арқылы оқырманның
ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру;
• Ғылыми ақпараттық қызмет саласындағы ақпараттық қызмет – белгілі
бір жұмыстың технологиялық барысын орындау және алынған қортынды
мәліметті оқырманның сұранымын қанағаттандыру үшін жеткізу.
Ақпараттық өнімдерді пайдаланушыларға ұсыну ақпараттық қызмет
көрсетудің қортындысы болады. Маркетингтік зерттеу жүргізуге тапсырыс бере
отырып, тұтынушылар зерттеу қортындысын қолдарына алуы тиіс. Пресс –
клиппингтің орындалуы барысында тұтынушыға прессаның дайджесті ұсынылады.
Интернетте іздестірудің қортындысына пайдаланушының сұранысына сәйкес
құжаттар немесе дискетаға жазылған материалдарды жатқызуға болады. Басқа
жағдайда тұтынушы өзінің қалауы бойынша өзіне көрсетілген ақпараттық
қызметтерді есепке алып отырға болады, мысалы, өзіне телефон арқылы
берілген ақпаратты.
Соңғы уақытта американдық маман Т.Хилломның ұсынған қызмет түрі кең
тарауда. Ол тауар және қызмет түсінігін түбірімен өзгертеді. Т.Хилл
қызмет – бұл қандайда бір экономикалық бірлікке жататын, алғашқы алдына
ала келісілген экономикалық бірліктің қызметінің нәтижесінің шығуы жағына
тауарды немесе түрін өзгерту.
Бұндай анықтау тікелей қызмет түрін немесе қызметтің экономикалық
пайдасының белгілі бір нәтижесін қызмет түрлері ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Т.Хиллдің қызметті анықтауын назарға ала отырып, тауардың қызметтен
айырмашылығы үнемі байқала бермейтіндігін байқауға болады. Негізінде үнемі
тауарды алуда ілеспелі қызмет түрлері, және әр қызмет алуда ілеспелі тауар
қатар жүреді. Мұның мәні маңызды немесе маңызды еместерді сатып алуда.
Ақпараттық өнімдер құжаттай, заттай түрінде ұсынылуы мүмкін сол
себепті ол ақпараттық өнім немесе ақпараттық тауар деген терминдер
қолданылуы тиіс. Ақпараттық өнім ретінде дайжесттер, талдау шолулары,
библиографиялық көрсеткіштер т.б. болуы мүмкін.
Ақпараттық өнім қатарына өнімдерден басқа заттай түрге жатпайтын
ақпараттық қызметтерде жатады. Мысалға, ауызша анықтамаларды,
библиографиялық кеңестерді, ғаламтордағы іздестіру жұмыстарын т.б. айтуға
болады.
Ақпараттық өнімдердің және қызмет көрсетудің сапасы, олардың
қолайлығынан да болады. Оларды қолдану кітапхананың фирмалармен,
дүкендермен, компьютер сатушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргізгенде
ғана жүзеге асырылады. Новелл, Интермид, Кино және музыка
бейнекассеталар ақпаратты технологиялар фирмасының жеткізушілері
кітапханаға қазіргі уақыттағы технологиялар жағдайы, нарықтағы тауарлар
жаңалықтары туралы қабылдайды. []
Бізге фирмалармен серіктестік қатынаста жұмыс жүргізу, ақпараттық
технологияларды жеткізушілер ретінде, олардың тәжірибелері мен білімдерін
пайдаланып қалуға мүмкіндік береді сонымен бірге медиатека жұмысының
тәжірибесі, білімділік бейнебағдарламалар нарығы көрсеткен сияқты,
электрондық оқу-әдістемелік материалдары біздің аймақта шамалы екенін
көрсетеді. Қазақстан мәдениеті мен тарихынан материалдың жоқтың қасы,
мемлекеттік тілде оқыту бағдарламалары жетіспейді. Кітапхананы
пайдаланушыларға медиатека қорымен жұмыс жүргізуге арналған арнайы
жадынамалар, әдістемелік көрсеткіштер әзірленді. Көпшілік кітапханасы
Кітапханаларға арналған электрондық ақпарат жобасына қатысады және
Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциум мүшесі болып табылады.
Берілген келесі жоба: Academic Search FullTEXT International ғылыми
журналының деректер базасы гуманитарлық зерттеулер саласында, өзіне
тарихты, білімді, экологияны, халықаралық қатынасты, физиканы, медицинаны,
психологияны, заң ғылымдарын, саясатты, социологияны, компьютерлік
технологияларды енгізе отырып, ғылыми журналдардың әлемдік ең толық
жинағының бірі болып саналатын, деректер базасына қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Көпшілік кітапханаларға озық технологияны енгізу студенттерге,
магистранттарға, аспиранттарға, оқытушы-профессорлар құрамына техникалық
прогрестің жалпы легіне қосылуға, содай-ақ жаңа технологиялық дәуір
баспалдағының жоғары деңгейіне көтерілуге көмек көрсетеді. Заман талабына
сай ақпараттық казіргі уақыт – бағдарлама жүйелерімен және құралдарымен
студенттерге білім алуға қажетті және қолайлы етіп қана қоймайды, сонымен
бірге біздің мемлекеттің ең маңызды әлеуметтік және ғылыми – техникалық
элементтерінің біріне айналдырады. Ақпарат білім беру орталығы бүгінгі
таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде өзінің бірегей,
көп салалы кітап қорымен оқу – тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді
қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып
саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса,
пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз. Ақпарат
қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтердің бірі ақпарат
кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу
болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат
жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін
қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді.
Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның библиографиялық іс-әрекетінің дұрыс
жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай
ұйымдастырылуы тек өзінің ғана болашағын емес, сонымен қатар
университеттің де болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен,
жалпы оқу үрдісі мен ғылыми – зерттеу жұмысының, жоғарғы білімді мамандар
даярлаудың сапасы, тіпті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен
табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын
шығарған өнімін университет профиліне, оқырмандардың сұранымына, жаңа
технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау
басты мақсатымыз.
Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың
интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген,
сондықтан да олардың қажетті талап – тілектерін орындап, жаңа ақпарат
көздерін дер кезінде, жедел хабарлап отыру қажет. Осы орайда ақпарат білім
беру орталығының ғылыми Библиографиялық бөлімінде Жоғары мектеп
мәселелері орталығы жұмыс атқаруда. Орталықтың барлық қызмет … жалғасы