Мұхамеджан Рүстемов | өмірбаяны
Мұхамеджан Рүстемов 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушілігінен бастады. 1951–1952 жж. аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы болды. 1952–1953 жж.
Ташкент қаласындағы ХІ педагогикалық сыныпты бітіріп, Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданында мұғалім, аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып істеді. 1955–
1959 жж. Алматы жоғары партия мектебінде оқып, бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1960–1968 жж. облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, 1968–1991 жж. облыстық партия комитетінде нұсқаушы, партия мұрағатханасының меңгерушісі қызметін атқарып, кейін облыстық балалар қоры төрағасының орынбасары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент қызметтерін атқарды.
«Нартай» атты деректі повесі (1983, «Жалын») жарық көрді. Г.Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударып, 1995 жылы «Жалын» баспасынан шығарды.
Шығармалары: Табиғат ғажайыптары. А., «Қазақстан», 1986; Советы на каждый день, А., «Кайнар», 1988; Кәдеге жарайтын кеңестер, А., «Қайнар», 1993; Атақты адамдардың өмірінен. А., «Рауан», 1992; Дәстүріңді сақтай біл. (4-кітапша). А., «Ғылым»; Шымкент облыстық баспаханасы, 1993; Халық мұрасы, Шымк., «Әлия», 1993; Созақ қасіреті. Тарихи хикая. Шымк., «Жастар–91», 1993; Таңдамалы өсиет термелер. Шымк., «Жібек жолы», 1995.