Нұртас Адамбай сал ұлын тастап кеткен қарамағындағы актерге қатысты пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары
Ұлы ДЦП дертіне шалдыққан соң, отбасын тастап кеткен Жан Ізбасардың оқиғасы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Әсіресе, Нұртас Адамбайдың фильмдерін сүйіп көретін фанаттар бұл жағдайға қынжылып қалды. Олар кинорежиссерге хат жазып, алдағы уақытта Ізбасарды фильмге түсірмеуді өтінген, деп жазады Stan.kz.
«Жан Ізбасарды фильмге түсірмеңізші. Әйтпесе сізді де тасжүрек адам деп санаймыз», — дейді оқырмандардың бірі. Елдің сынына Нұртас Адамбай жауап берді.
«Жанның оқиғасына байланысты менің пікірімді білгілеріңіз келсе, өзіне айттым. Ол жеке әңгіме болды. Жарияға арналмаған. Одан қандай қорытынды шығаратыны — өзінің жеке жұмысы. Актерлердің жеке өміріне араласуға құқығымыз да, құлқымыз да жоқ,
Менің парақшамда Жанға арналған сөздер жазбасаңыздар деген тілегім бар. Бұл жер оған арналмаған», — деп түсіндірді Адамбай.
Естеріңізге сала кетейік, Жан Ізбасар ұлы сал болып туған соң, отбасын тастап кеткен. Бұған дейін актер жүкті кезінде әйеліне бар жағдайды жасағанын, өзінің кінәсі жоқ екенін айтқан болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz