Шымкент мектебінің мұғалімдері «ақша жинағыш» директор қайта оралады деп қорқады

0

Директор болса, «мен парақор емеспін, мұғалім ақшаны өзі әкеп берді», деп отыр.

Шымкенттегі №12 мектептен шу шықты. Мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорының креслосына бұрынғы директор қайтып келеді деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz vera.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы директордың есімі Дариға Әлімбекова. Ол 2019 жылдың 30 қаңтарында ақша алу үстінде ұсталған болатын.

– Мен екі сыныпта жұмыс істеймін, сол үшін директор менен ақша талап етті. Екі сменада жүрсің, мектепке көмектесуің керек деді. Қыркүйекте 50 мың теңге, қазанда 50 мың теңге әкел деді. Не үшін беруім керек десем, сен қарапайым мұғалім болып, екі сынып үшін 160 мың теңге алып отырсың дейді. Мен пәтер жалдап тұрамын, балам бар. Сосын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарластым, – дейді 30 жылдық стажы бар мұғалім Марина Голованова.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің адамдары арнайы операция жүргізді. Мұғалім директорға белгісі бар купюраларды ұстатқан, оның бәрі бейнетаспаға жазылған болатын. Алайда бірнеше күннен кейін бұл іс мүлдем басқаша өрбіп кеткен.

— Директор басында параны менен алғанын мойындаған еді. Сосын біраз уақыттан соң адвокат жалдап, мұның бәрі жай ғана қалжың еді деп шықты. Оған салсақ, ол пара алған жоқ, ол ақшаны мектепке жасаған көмегім деп мен өзім берген екенмін. Менің мектепке көмектесе қоятын артық ақшам жоқ қой. Тергеуші бұл ақшаның пара екенін дәлелдеуге фактілер жетпеді деп, істің жабылғанын хабарлады, – дейді мұғалім.

Дариға Әлімбекова шынымен де пара алған жоқпын, мұғалім ақшаны өзі әкелді дегеннен танбайды.

Бұрынғы директордың пікірінше, ол мектепке 4 бұрын директор болып келгеннен-ақ мұндағыларға жақпай қалған. Келе сала тәртіп орнатқаны үшін. Мәселен, екінші ауысымдағы балалардың сабағы 14.00-де емес, 12.00-де басталатын. Мен оны қайтадан 14.00-де басталатын етіп түзеп қойдым. Сол үшін мені бірден үш адам жек көріп кетті, дейді ол.

Алайда қалалық білім басқармасына жазылған арызға үш емес, 50 мұғалім қол қойды, деп шырылдайды мұғалімдер.

– Мектепте аудит жүргізіліп, әкімшілік заңбұзушылықтар анықталды. Мысалы, 8 желтоқсанда директордың тауар алу үшін коммерциялық мақсатпен Қорғасқа барғаны расталды. Сосын ол мектеп ішінде сол тауарын сатты, сөмкелер, нәки, орамалдар. Ол келе сала аула сыпыратын жұмысшының көзін құртты. Үш жыл бойы ауланы біздер, мұғалімдер мен техничкалар сыпырды. Қыс, жаз демей аула тазаладық. Қаржылық аудит көрсеткендей, ол аула сыпырушының ақшасын басқа адамдарға аударған. Олар ол ақшаны директорға қайтарып беріп отырды. Бұл анықталды, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Нина Алимова.

Педагогтердің айтуынша, анықталған заңбұзушылықтары үшін экс-директор ірі айыппұлдар төлеген. Бір айыппұлы 246 мың теңге, екіншісі – 450 мың теңгеден асатын. Сондай-ақ, қаржылық бақылау анықтағандай, Дариға Әлімбекова жыл басынан бері қазақ тілін пәнін өткізбеген.

– Мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде 2 сыныпты директормен бөлістім. Бірақ ол қазақ тілінен сабақ өткізген емес. Директор аптасына үш сабақты өзіне жаздыртқан, – дейді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алтынкүл Абдуллаева.

Ата-аналар да мектепте қалыптасқан жағдайға наразы. Ақшаны көптеп жинатады екен. Сосын №12 мектепке бала орналастыру тек бастықтың кабинеті арқылы шешілетін болған екен.

– Көрінген нәрсеге ақша жинайды. Баланы мектепке қабылдау үшін белгілі бір ставкасы бар. Нақты бір мұғалімнің сыныбына қабылдау ставкасы 10 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін жетеді. Бәріміз ақша бердік. Жалпы, бізде ақша жинамаған ата-ана жоқ, – дейді үшінші сынып оқушысының анасы Альбина Боровцова.

Экс-директор туралы сөз қозғалғанда Шымкент қалалық білім басқармасындағылар да көп сөз айтудан жалтаратын болып шықты.

– Біз жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне №12 мектеп директоры Әлімбекованың ісі жабылған, не жабылмағаны туралы сауалхат жібердік. Жауабын алған соң барып не істеуді шешеміз, – деді Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы Айткүл Оспанова.

Егер экс-директор қызметіне қайтып келсе, бұл мектептен маза кететіні анық, деп санайды мұғалімдер.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz