«Бірден жылап жібердім»: Қалыңдық тойға киетін туфлиінің астынан марқұм анасының хатын тауып алды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Ұлыбританиялық әйел үйлену тойына киетін туфлиінің астынан анасының хатын тауып алды.
Бұл туралы BBC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Лестершир графтығында тұратын Эмма 2016 жылы жігітімен некелескен. Бір айдан кейін оның анасынан өкпенің қатерлі ісігі анықталыпты. Қалыңдық 2019 жылы тамызда өтетін үйлену тойына дейін анасының көзі тірі болады деп үіттенген. Алайда әйел 2017 жылы қайтыс болыпты.
Наурыз айының басында 38 жастағы Эммаға сәлемдеме келген. Оның ішінде туфли болыпты. Қалыңдық аяқ киімді қолына алып, оның ұлтанынан жазуды көрген.
«Тұрмысқа шыққан күніңде менен сыйлық алғаныңды қаладым. Бұл туфли – менің саған сыйлығым», — деп жазылған туфлидің сол жақ сыңарының ұлтанында.
Эмма сәлемдеменің кімнен келгенін түсінбей, қолына туфлидің оң жақ сыңарын алыпты.
«Бұл күн сен үшін сыйқырлы болады деп үміттенемін. Мен сені қатты жақсы көремін және құшақтаймын. Бетіңнен сүйдім, анаң», — деп жазылған аяқ киімнің екінші сыңарында.
«Мен бірден жылап жібердім. Жүрегімді біреу тілімдеп жатқандай болды. Демалып, сөйлей алмай қалдым», — дейді Эмма.
Қалыңдықтың марқұм анасы туфлиге тапсырыс берген онлайн-дүкеннің иесі Аманда Вайзе бұл аяқ киім үшін көңілі босағанын айтады.
«Сол аяқ киім қалыңдыққа үйлену тойы күні тыныштық сыйлайды деп үміттенемін. Өзін анасы қолынан сүйемелдеп бара жатқандай сезінетін шығар», — дейді ол.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz