Алматылық ер адам Астанаға көлік аламын деп барып бар ақшасын лото-клубта ұтылып қалған — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Алматылық Нұрдін Қожамбердиев көлік алу үшін Астанаға аттанған. Алайда темір тұлпарға жинаған ақшасының бәрін лото-клубта ұтылып қалған. Осылайша, ол бір сәтте 3 миллион теңгесінен айырылыпты.
Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адамның айтуынша, бастапқыда 50 мыңнан ақша тіккен. Артынша бәсті 100 мыңға дейін ұлғайтыпты. Ол қомақты соманы ұтылып қалғанын ұққаннан кейін, жоғалтқан ақшасын қайтару үшін ойынды әрі қарай жалғастырған. Алайда ол бүкіл ақшасынан айырылып қалып, мұнан кейін клубтан ақшасын өтеп беруін сұраған. Алайда клубтағылар бас тартты.
«Мен олардан 10 пайызын сұрадым. Алайда олар ешқандай бонус бермеді», — дейді Нұрдін Қожамбердиев.
Клуб әкімшісі Гаухар Әбдірахманова ер адамның шағымына қатысты жауап берді. Ол өтемақы жүйесінің казинода ғана бар екенін, алайда ойын автоматтары орналастырылған клубтарда мұндай жүйенің жоқ екені түсіндірді.
«Бинго-клубтардың ешбірінде мұндай жүйе жоқ. Ол бізді казиномен шатастырып тұрған шығар. Ол жерде қайтарым бар»,- дейді әкімші.
Сонымен қатар клуб әкімшісі кіреберісте клуб ережелері ілініп тұрғанын, онда клиенттерге мұқият болып, ойынға салынбау керектігі ескертілгенін айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz