Интерпол Хашогги өліміне қатысты 20 күдіктіге ордер берген
Бұл туралы Daily Sabah басылымы Түркияның әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Ордерлерді Анкара сұратқан.
Сауд Арабиясы журналисі Жамал Хашогги The Washington Post газетімен жұмыс істеп, Эр-Рияд саясатын сынаған. Журналисті Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында өткен жылы 2 қазанда өлтірген. Оның денесі әлі табылмады.
Сауд Арабиясының билігі Хашогги өліміне қатысы бар 21 күдіктіні ұстағанын хабарлады, кісі өлімін ұйымдастыруға Эр-Риядтың қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Abai.kz