«Сатқан емеспін»: Танымал ақын Қайрат Нұртасқа өлеңдерін тегін беретінін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Құрманай Бақтиярқызы талай хитке сөз жазып берген ақын. Бүгінде өлеңін нәпақа табудың жолына айналдырған қалам иесі әнші Қайрат Нұртасқа келгенде жырларын тегін сыйлайды екен.
Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қайратыма ешқашан өлең сатқан емеспін. «Алматының түндері-ай», «Жаным-жаным»… Өйткені анасы менің қатты сыйласатын адамым, әкесін «папа» деймін. Ол кісі мені «дочя» дейді. Бірге араласып, сыйласып жүріп, қалай сатамын?» — дейді Құрманай ақын.
Алайда сөзіне қарағанда, Айдарбековтер әулеті Қайратқа талай хит сыйлаған адамды құр қол қалдырмайтын көрінеді.
«Бірақ өздері сыйлықтарын беріп жатады. Мерекелерде, туған күнімде. Мысалы, әкемнің туған күніне келгенде брендті сақина тағып кетті Гүлзира. Сыйлықтан кенде қылмайды», — дейді ол.
Қайратқа әнді тегін жазғанымен, өзге әншілерге келгенде Бақтиярқызы нақты «ставкасы» барын жасырмайды.
«Құпия емес. Барлық жерде айтып жүрмін ғой, енді бастап жатқандарға 200 доллар, сыйласып жүргендер 300 доллар береді. Ал енді үлкен компаниялардан, болмаса үлкен продюсерлік орталық қызмет ететін жер болса, үш адамдық трио, квартеттерге 500 доллар. 1000 доллар деген баға әзірге менде жоқ», — дейді ақын.
stan.kz