Польшада шіркеу қызметкерлері жүздеген баланы «жыныстық бопсалаған»
Польшада католик шіркеуі өз қызметкерлерінің кәмелет жасына толмағандарды зорлауы не азғындық әрекеттер жасауы жайлы баяндама жариялады. Шіркеудің дерегінше, соңғы 30 жылда Польшада мұндай 600-ден аса жағдай тіркелген. «Зорланды» делінген балалардың жартысынан көбі он бес жасқа толмаған. Зорлыққа қатысы бар деп 400 дін қызметкері күдікке ілінді.
Баяндамада расталмаған зорлау оқиғалары есепке алынған.
2018 жылы желтоқсанда польшалық «Қауіптенбеңдер» ұйымы шіркеулердегі педофилия жайлы БАҚ-тағы хабарларға негізделген зерттеу жариялаған. Белсенділер «384 жыныстық бопсалау жағдайын анықтағанын, шын мәнінде мұндай оқиғалар бұдан әлдеқайда көп» дейді.
Былтыр маусымда италиялық дін қызметкері және бұрынғы дипломат Карло Альберто Капелла балалар порнографиясын сақтағаны үшін бес жыл түрме жазасына кесілген. Ватикандағы сотта кінәсін мойындаған Капелла Ватиканның Вашингтондағы елшілігінде қызмет атқарған кезде жеке өмірінде күйзеліске түскенін айтқан.