Алматы облысында баласы бар келіншек ЖКО тап болып, көлік аударылып қалды

0

Жолдың қарсы жолағына шығып кеткен автокөлік жол апаты орнынан ізін суытқан.

Алматы облысында көлік тізгіндеген әйел адам қақтығыстан қашпақ болған сәтте, көлік аударылып түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖКО Іле тас жолында, Покровка ауылына жетпей орын алған.

Toyota Corolla көлігінің иесінің айтуынша, ол тас жолмен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Осы сәтте оған қарама-қарсы келе жатқан көлік жолдың қарсы бағытын шығып кетеді. Бетпе-бет қақтығыстан қашпақ болған келіншек рөлді шетке бұрып жіберіп, алдымен жол белгісін сүріп өткен. Артынша ол жол шетінде тұрған Audi автокөлігін соғып барып аударылып түскен.

Әйел адам мен оның қасындағы кішкентай баланы ауруханаға алып кетті. Екі адам да шок күйінде болған. Абырой болғанда, аса қатты жарақат алмаған. Ал жолдың қарсы бағытына шығып кеткен автомобиль, жол апаты орнынан дереу із суытқан.

Бойжетеннің туыстары ЖКО куәгерлері болса +7 707 479 0960 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz