Алматы облысында жер сілкінді
Сейсмологтер Алматы облысының аумағында жерасты дүмпуін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан 323 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Zakon.kz some.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 14 наурызда Алматы уақытымен 07:34-те жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан территориясында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым қашықтықта болды», – делінеді хабарламада.
Зілзаланың энергетикалық класы 8.5.
MPV бойынша магнитудасы 3.6.
Тереңдігі 30 шақырым.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz