Аскорбин қышқылының синтезі | Скачать Реферат

0

Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 С витамині кездесетін тағамдар
2.2 С авитаминозының белгілері
2.3 Фармакокинетикасы
2.4 Фармакодинамикасы
2.5 Аскорбин қышқылының синтезі
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Аскорбин қышқылы (Свитамині) адам мен жануарлар организмдеріндегі тотығу-тотықсыздану процесттерін реттеп, организмнің түрлі ауруларға қарсы түру қабілетін күшейтетін, суда еритін витамин. Аскорбин қышқылы өсімдіктер мен кейбір жануарлар организмдерінде түзіледі. Витамин С коптеген өсімдіктерде, қымызда (бие сүтінде) көп болады. С витаминінің адам организмінде жетіспеуі құрқұлақ ауруына шалдықтырады. Сол сияқты аскорбин қышқылы бұлшық ет тарамдарының қайта қалыптасуына көмектеседі

Аскорбин қышқылы формуласы
Аскорбин қышқылы тез арада ұлтабар және ащы ішекте сіңеді. Енгізгеннен кейін 30 мин соң қан сарысуында аскорбин қышқылының мөлшері айтарлықтай жоғарылайды, оның тіндермен жақындасуы басталып, алдымен дегидроаскорбин қышқылына айналып, жасуша мембраналары арқылы энергия шығынысыз бойлау қабілетіне ие болады және жасушада тез қалпына келеді. Тінде аскорбин қышқылы жасуша ішінде, үш түрімен анықталады — аскорбин, дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (байланысқан аскорбин қышқылы). Мүше арасында реттелуі біркелкі емес: ол ішкі сөлініс бездерінде көп, әсіресе бүйрек үсті безінде, мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде аз болады. Аскорбин қышқылы жартылай метаболизденеді және 90 % -ке дейін оксалат түрінде бүйрекпен бөлінеді, жартылай — бос күйде бөлінеді.
1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан овощтары жоқ — диетикалық тағамдармен қо-ректендіру арқылы жоғарыда аталған ауыруды туғызып байқады.
1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие және цингадан қорғайтын препарат алды.
1927 — 1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы С витамині деп атады. Свитамині аскорбин қышқылы. С витамині су мен метиль спиртінде жақсы, этиль спиртінде нашар еритін, ацетон мен эфирде ерімейтін ақ кристалды ұнтақ.
Химиялық жағынан С витамині — аскорбин қышқылы. Организмде бос аскорбин қышқылы қалпына келтірілген аскорбин қышқылы және тотыққан дигидроаскорбин қышқылы түрінде кездеседі.

С витаминнің жануарлар организміндегі физиологиялық мәні өте үлкен. Клеткалардың тыныс алуына, белоктар мен қанттар алмасуына қатысу, организмнен улы заттарды шығару — аскорбин қышқылының негізгі биологиялық ролі. Аскорбин қышқылы дәнекер тканінің, коллаген мен хондрамукоид белоктарының бауырдағы гликогеннің пайда болуына, қарын шырынының бөлінуіне, тирозин қышқылының тотығуына, нуклеин қышқылдарының өзгеруіне қатысады.
С авитаминозының белгілері:
С витаминінің ұзақ уақыт жетіспегендігінен құрқұлақ ауруы пайда болады. Бұл авитаминоздың төрт белгісі бар : ішектің зақымдануы, ет пен теріге қан құйылу, буын мен сүйектердің өзгеруі және қанның азаюы. Бұл дәруменнің негізгі қайнар көзі — балғын және мерзімінде мұздатылған көкөністер, жеміс — тер және жидектер. Бұлардың ішінде қырық — қабат, құлпынай, аскөк, цитрус — ты жемістер, бидайдың көк өскіндері, кептірілген ит — мұ — рын және т.б. атауға болады. Оларды қосып жасайтын тағамдарды бумен пісірген жөн, сонда С дәрумені жақсы сақталады. Ал қайнатып пісіргенде аскорбин қышқылының 50-60 пайызы жойылады. Дәрумен көп ыдырамас үшін тағам құрамдарын қайнап тұрған, сәл тұз қосылған, қышқылданған суға салу қажет. Құрамында органикалық қышқылдары бар тағам — дарда (борщ, қышқыл қырыққабат көжесі, тұздалған көкөністер, кисель түрлері) С дәрумені бірталай мөлшерде сақталады. Тұздалған қырыққабатты жуғанда аскорбин қышқылының жартысы шайылып кетеді. Асты кейінге қалдырып немесе қайтадан қыздырғанда С дәрумені толық ыдырайды.

Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Аскорбин қышқылының 25%-ға жуығы қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Қаннан барлық дерлік тіндерге және биологиялық сұйықтықтарға (соның ішінде плацентарлық бөгет арқылы және бала емізетін әйелдердің сүтіне) тез енеді. Дені сау адамдардың қан плазмасында аскорбин қышқылының концентрациясы 0,8 — 1,5 мг100 мл құрайды. Лейкоциттердегі және тромбоциттердегі концентрациясы эритроциттердегіге және плазмадағыға қарағанда жоғары. Тапшылық жағдайларда лейкоциттердегі концентрациясы кештеу және өте баяу төмендейді және тапшылыққа баға беруде плазмадағы концентрацияға қарағанда өте жақсы белгі ретінде қарастырылады. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылының түзілуімен қайтымды түрде тотығады. Бір бөлігі аскорбат-2-сульфатты (белсенді емес) және қымыздық қышқылын түзе отырып метаболизденеді және несеппен бірге бөлініп шығады. Аскорбин қышқылының бөлініп шығуы витамин үшін 1,5 мг100 мл құрайтын бүйректік межемен бақыланады. Шамадан тыс көлемде қабылданған С витамині өзгермеген түрде несеппен жылдам шығарылады.
Аскорбин қышқылы организм тіндерінде жақсы таралады, плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы — 25%. Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада шамамен 10-20 мкгмл құрайды. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң — барлық тіндерге жеңіл өтеді; анағұрлым жоғары концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмаға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек әрі баяулау төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі болып табылады.
Көбіне бауырда дезоксиаскорбин және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа метаболизденеді. Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде бүйрекпен, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен шығарылады. Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Темекі тарту және этанол қолдану организмнің қорын кенет төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын (белсенді емес метаболитке айналуы) жеделдетеді. Гемодиализде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылының құрамына кіретін диенольді тобы, жақсы тотықсыздандырғыш қасиетіне ие. Оның тотығу — тотықсыздану процессіне, көмірсулардың, белоктардың және липидтердің алмасуын реттеуге, қан ұю процессіне, стероидты гармондардың биосинтезінде, тіндердің қайта жаңғыруына
Өрік және Өрік шырынының құрамында каротин, кальций және В2 дәрумені; апельсин және оның шырынында С дәруменімен қатар түрлі минералдар және антиоксиданттық заттар болады. Дәрігерлердің кеңесін ескерсек аскорбин қышқылын күнделікті қолданып отырса асқазан ісік ауруын 50% -ға қысқартады екен. Сол сияқты аскорбин қышқылы адамда анемия, атеросклероз ауытқулары байқалғанда алдын алу үшін қолданылады. Қауындағы С дәрумені жүрек және онкологиялық ауруларының пайда болу қаупін тӛмендетуге маңызы зор.
Аскорбин қышқылы (С витамині) адам организмінде түзілмейді, тек аспен түседі. Фармакологиялық әсерлері: тәуліктік қажеттіліктен (90 мг) едәуір асып түсетін мөлшерде, гипо- және авитаминоз (цинга) симптомдарын жылдам қайтаруын қоспағанда, мүлдем дерлік әсер етпейді. Физиологиялық қызметтері: кейбір гидроксилдену және амидтену реакцияларының кофакторы болып табылады — электрондарды оларды қалпына келтіру эквивалентімен қамсыздандыру арқылы ферменттерге тасымалдайды. Гидроксипролин және гидроксилизин түзе отырып (коллагеннің пострансляциялық модификациясы) проколлагеннің пролинді және лизинді қалдықтарының гидроксилденуі, гидрокситриметиллизин түзу арқылы лизин бүйір тізбектерінің ақуыздарда … жалғасы