Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны

0

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………………..3
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ..5
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні ………………………………………………………………..5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы және оларды ұлттық экономикада қолданудың ерекшеліктері …………………………………………………………………………….8
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ………………………………………………………………………………13
2.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік сақтандыру қоры ………………13
2.2 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру ………………………………………………………..18
2.3 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары ………………………………………………………………………………………………………22
Қорытынды ………………………………………………………………………………………………….28

Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше. Өз кезегінде бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі арналымы орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар негізінде іске асады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Экономиканың нарықтық жағдайында қаржы маңызды қызметтерінің бір болып табылатын қаржыны қайта бөлуде бюджеттен тыс қорлардың алатын орны ерекше. Өйткені, нарықтық экономикада мемлекеттің экономиканы тікелей реттеу шараларының әлсіздігіне байланысты және нарық заңының әсеріне байланысты экономикада қаржылар бір салада жеткілікті немесе артық мөлшерде болса, ал кейбір салалардың қаржы тартуға икемділігі аз болады, сонымен қатар экономиканың маңызды стратегиялық салаларын қаржыландырудың қажеттігі туындайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік бюджетпен қатар бюджеттен тыс қорлардыңқаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Экономиканың нарықтық жағдайында қаржы маңызды қызметтерінің бір болып табылатын қаржыны қайта бөлуде бюджеттен тыс қорлардың алатын орны ерекше. Өйткені, нарықтық экономикада мемлекеттің экономиканы тікелей реттеу шараларының әлсіздігіне байланысты және нарық заңының әсеріне байланысты экономикада қаржылар бір салада жеткілікті немесе артық мөлшерде болса, ал кейбір салалардың қаржы тартуға икемділігі аз болады, сонымен қатар экономиканың маңызды стратегиялық салаларын қаржыландырудың қажеттігі туындайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік бюджетпен қатар бюджеттен тыс қорлардың да маңыздылығы жоғары болып табылады. Мысалы, еліміздегі бұндай қорларға инновациялық қорды, сақтандыру қорын және Ұлттық қорды жатқызсақ болады.
Сондықтан қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын «Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны» деп алдық.
Аталған тақырыптың өзектілігі экономиканың басты секторларының бірі болып табылатын қаржы жүйесіндегі бюджеттен тыс қорлардың экономикалық маңыздылығы мен мәнін ашып, оның қалыптасу барысы мен еліміздегі бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығын ашу болып табылады.
Тақырыпты жазудағы негізгі мақсатым экономиканың дамуын қаржымен қамтамасыз етуші бюджеттік қорлармен қатар бюджеттен тыс қорлардың да қажеттілігі мен маңыздылығын ашу болып табылады. Курстық жұмысты орындаудағы басты міндеттерім келесідей:
• Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;
• Бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету принциптері мен сыныптамасына тоқталу;
• Еліміздің егемендік алып, нарықтық қатынастарға өте бастаған кезеңіндегі құрылған қорлар мен олардың қажеттігі туралы тоқталу;
• ҚР-ның сақтандыру қоры туралы айтып өту;
• Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тәртәбән, оның құқықтық аспектілерін талдау;
• Ұлттық қорды талдау, жетілдіру және қордың негізінде атқарылатын мемлекеттің саясаттары мен реттеу шараларына тоқталып өту болып табылады.
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықта да қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығын құрайды. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджеттің тапшылығын төмендетудің қажет болуынан еді. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры құрылды. Басқа жағдайларда нарыққа өту кезіңде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді әрі тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!