Туылған күнге құттықтау тілектер / туган кунге тилек / туған күн құтты болсын поздравления с днем рождения на казахском языке / туган кунге куттыктау

0

Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!


Айнұр, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!


Ақты ақ деп айтатын, қараны қара деп айтатын ақылды досты тіледім… Жаныңа жалау болатын, сөзіңе қалам болатын жанашыр жанды тіледім! Көзінде от бар, сөзінде оқ бар қайсар бауырды тіледім! Сырыңды шашпайтын, сандығыңды ашпайтын адал жандарды тіледім! Жалғызсыратпайтын, орынсыз мұң айтпайтын биіктегілерді тіледім… Шыңнан құлатпайтын, жаныңды жылатпайтын мейірімділерді тіледім… Себепсіз xабарласатын, есепсіз араласатын асыл жандарды тіледім! Айтқызбай ұғып жүретін, қадіріңді біліп жүретін іні-сіңіліні тіледім! Маңдайтан сүйіп тұратын, сен үшін күйіп тұратын аға-апаларды тіледім! Қолдары ашық болатын, жаныңа ғашық болатын мырза жандарды тіледім! Бақытты, байлықты, екі дүниенің абыройы, барлық заңғарды тіледім! Бұл менің сіздерге айтар ақ тілегім!

автор: Айнұр Есмұрзина


Аққудың — ақтығын
Өмірдің — пәктігін
Арманның — ажарын
Бақыттың — базарын
Денсаулықтың — зорын
Махаббаттың — молын тілеймін


Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы — өнерлі бол.


Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей


Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!


Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!


Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып,
өмір сізді бақыт құшағында аяласын!


Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілеймыз.

Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын


Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!


Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!


Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.


Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!


Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!


Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!


Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!


Туған күн құтты болсын!
Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші — адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші — тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші — қатарыңда кемелді бол.
Бесінші — берекелі, беделді бол.
Алтыншы — арыстандай айбатты бол,
Жетінші — жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.


Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!


Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!


Уақыт — ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.


Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген — сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген — біреулер үшін — ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!


Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!


Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.


Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!


Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!


Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.


Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды — оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді — олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.


Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!


Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.


]Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін


………, сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!


Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.


Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!


Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!

Құттықтау - тілек: Туған күн

Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!


Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.


Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,
шаңырағыңызға ырыс байлығын,
жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,
көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,
табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,
өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,
аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың —
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!


Туған күнге арналған Қайрат Нұртастың әні


Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе — үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!


Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

…. туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.


Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.


Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.


Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.


Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.


Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,
көрер қызығыңыз мол болғай!


Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.


Алтынай Жорабаева — Туған күн


Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін


………, сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!


…….., туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!


Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. андарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.

Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.

Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!


Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!


Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!


Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілеймыз.

Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын.


Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!


Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.


Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей

Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы — өнерлі бол.


Аққудың — ақтығын
Өмірдің — пәктігін
Арманның — ажарын
Бақыттың — базарын
Денсаулықтың — зорын
Махаббаттың — молын тілеймін

Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!


Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!


Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!


Туған күн құтты болсын!
Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші — адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші — тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші — қатарыңда кемелді бол.
Бесінші — берекелі, беделді бол.
Алтыншы — арыстандай айбатты бол,
Жетінші — жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.

Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!


Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!


Уақыт — ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.


Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген — сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген — біреулер үшін — ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!


Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!


Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!


Құрметті …!

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!


Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.


Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды — оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді — олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

 

 

 


Тегтер:болсынднемказахскомкуттыктауКүнкүнгенапоздравленияпоздравления с днем рождения на казахском языкерождениястілектертилектуган кунге арналган олендертуган кунге куттыктау тилек создертуган кунге суреттертуган кунге тилек апкеметуган кунге тилек балагатуган кунге тилек баламатуган кунге тилек досыматуган кунге тилек жаныматуган кунге тилек женгеметуган кунге тилек жигиткетуган кунге тилек куйеуиметуган кунге тилек кызыматуган кунге тилектер казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачатьтуган кунге тилектер кыз балагаТуылғанТуылған күнге құттықтау тілектер / туган кунге тилек / туған күн құтты болсын поздравления с днем рождения на казахском языке / туган кунге куттыктау туган кунге тилектуғантуған жер туралы шығарматуған күнтуған күнің құтты болсынтуған күніңментуған күніңмен құттықтаутуған күнге арналған тілектертуған күнге арналған әндертуған күнге тілектуған күнге тілек ініметуған күнге тілек құрбыматуған күнге тілектертуған күнге тілектер ағамаТуған күнге тілектер Туылған күнге құттықтаутуған күнге құттықтауязыкеқұттықұттықтау