Мешіт дәрігерлік көмек көрсетті

0

Астана. 15 қараша. KAZISLAM – Үндістанның Хайдерабад қаласындағы мешіт жергілікті тұрғындарға діни сенім ұстанымдарына қарамастан емхана қызметін көрсетуде.

Масджид-э-Исхак мешіті қала маңындағы кедей-кепшіктер тұратын аудан халқына медициналық көмек жүргізіп келеді. «Мешіт айналасында жағдайы төмен 9 аудан бар, онда 150 мыңнан аса адам тұрады. Біздің мақсатымыз мемлекеттік денсаулық сақтау орталықтарынан тыс қалған осындай тұрмысы нашар елдімекен тұрғындарын емдеу» деп түсіндірді қайырымдылық қоры өкілі Муджтаб Аскар.

Оның сөзінше, мешітте күн сайын 40-50 адам ем алады. Келуге мүмкіндігі жоқ адамдарға көлік те ұсынылады. Мешітте мұқтаж жандарды тексеру, жараларын таңу, акушерлік көмек, физиотерапия және диагноз анықтау, оның ішінде қарапайым ауру түрінен бастап онкологиялық дерттерді анықтау шаралары жасалады.