Курстық жұмыс: Экономика | Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылығы

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3
1 Кәсіпорында өнім өндіру есебін және өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру.
1.1 Өнім өндіру есебі және жүйелері……………………………………………………………4
1.2 Өнім сапасын басқарудың жалпы сипаттамасы………………………………………9
1.3 Өнім сапасының көрсеткіштері және оған қойылатын талаптар……………12
2 Кәсіпорында өнім сапасын басқаруға қатысты жасалатын тәжірибелер.
2.1 Өнім сапасын басқарудың Қазақстандық тәжірибесі…………………………….14
2.2 Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірибесі…………………………………….17
3 Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру………………………………………………20
3. 2 Елдің бәсекеге жарамдылығын бағалау әдістері…………………………………..28
Қорытынды:……………………………………………………………………………………………31
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Кәсіпорында өнім өндіру есебін және өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру.
1.1 Өнім өндіру есебі және жүйелері.

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өіндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатыы жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылармен қызметкерлерге де сандық және сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептеліп төленетін еңбеқақы түріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми — техникалық даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға, тағы басқаларға байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған,өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми — техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.
Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер мен ақпараттар болуы қажет:
• орындалған жұмыстың аталуы;
• оның қабылданған уақыты, яғни күні, айы, жылы;
• өндірілген өнімнің саны мен көлемі;
• өнімді өндіруге, жасап шығаруға және жұмысты орындауға кеткен уақыт;
• орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік нөмірі немесе
бригаданың нөмірлері;
• цех бөлімшесінің шифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы және қыз-меткерлермен есеп — айырысу жүргізіліп, сонымен қатар өндіріліп шығарылатын өнімдер мен істелген жұмыстар бойынша төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады.
Олардың ішінде:
• Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша істелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке — жеке еңбекақы есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша керекті мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.
• Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемін ең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметі мен орындаған жұмысына бір жолды және жинақтаушы құжаттар толтырылады.
• Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе — түгіндеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке — жеке өндірген өнімінің, істеген жұмыс көлемінің санын анықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлерді, өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қабылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпаратты мәліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге бері-леді. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшылар мен қызметкерлерге енбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады. Кәсіпорындарда өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін және олар үшін толтырылатын құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда (карточкада) біртектес материалдардан дайындалатын детальдармен белшектердің барлық технологиялық үдерістерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып —шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің нөмірін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшының кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.
Кәсіпорындарда көп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қоданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу нысаны (формасы) жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар енбекақыны мөлшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы төлеу жағдайында да өнім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақтылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар және тағы басқалар беріледі.
Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім өндіру есебінің инвентарьлық жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың, яғни сменаның соңында (аяғында) өңдірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін әр операция бойынша өңделмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңдеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңделмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азайту керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде әр түрлі себептермен өндіріске керекті материалдық құндылықтардың, жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жұмысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағынан немесе физикалық, химиялық қасиеттермен талаптарға сай келмейтін материалдық құндылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайларда ондай материалдық құндылықтарды пайдалану алдын — ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына әсерін тигізеді. Бұған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықтан да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс.
Кәсіпорындағы жұмыстың былай ауытқуына қосымша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашкы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса, онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады. Қосымша төлеу құжатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына төленуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай — ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы телеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

1.2 Өнім сапасын басқарудың жалпы сипаттамасы.

Өнім сапасын басқару — тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті, сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Өнім сапасын басқару (ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:
— ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен игеру;
— өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, яғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру;
— шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру;
— заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе жаңғыртып, жетілдіру;
— ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру.
Өнім сапасын басқару жүйесін құру принциптеріне мыналар жатады:
— өнімді жасау, енгізу мен жетілдіру;
— басқарудың функциясы мен құрылымының проблемалық — мақсаттық бағытталуы.
Өнім сапасын басқару — атқаратын функциялар жиынтығының мынадай белгілері бойынша егжей — тегжейлі жіті қаралады:
а) мақсат түрлері бойынша — басқарудың стратегиялық, тактикалық және оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті мақсаттарға жетуіне орай;
ә) басқару процесі фазалары бойынша шешімді қабылдау, ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың істеріне;
б) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша (зерттеу-әзірлеме, дайындау, жабдықтау мен тұтынуға айналдыру) басқарудың міндетті қызмет аясына;
в) мақсат тобы бойынша – ғылыми — техникалық, өндірістік, экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың міндетті қызмет аясына. Саланы басқарудың ұйымдық құрылымын құру ерекшеліктері.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
1. Саланы басқарудың міндетті қызмет аясының құрылымы дамыған және басқарудың жеке буындары арасындағы операциялардың бірқатарын бөлу кезінде функционалды аралық және анық функционалды ұйымдастырушылық және өндірістік атқару құрылымдары буындарының іс-әрекетін үйлестіру қажет.
2. Басқарудың дәстүрлі жүйесін қолдану сапаны басқару істерінің шағын номенклатурасында ақталады және міндетті іс құрамын ұлғайту қажет болғанда тиімділігі мардымсыз болады.
3. Көптеген жағдайларда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін осы функцияны орындау үшін мамандандырылған қызмет құруды қарастыратын матрицалық түрдегі басқарудың проблемалық-мақсаттық нобайды қолданған жөн.
Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсыбір өндіріс (бөлімнің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа — шын мәнісінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
А) Жағдайлар.
— тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;
— басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;
— кемелге келу шексіз деген сенім.
— олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн:
— мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;
— ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі — қалпы (стандарттары);
— фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы:
— адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;
— жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;
— еңбекті мойындап, қадірлеу.
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа — материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол — бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі)…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!