Организм мен ауыз қуысының тіндеріне тіс протездерінің әсері слайд,презентация

0

Организм мен ауыз қуысының тіндеріне тіс протездерінің әсері слайд,презентация

 

 

 

Полимерлік материалдардың бұзылуы олардың механиикалық қасиеттерін төмендеуіне әкеліп, оларға ортақ атау полимерлердің ескіруі деп аталады. Полимерлердің уыттылығы науқастың ағзасына әсер етуі материалдың салмағына, көлеміне, протездің аумағына, сонымен қатар протез орны тіндерінің клиникалық жағдайларына тікелей байланысты болады. Пластмассаның ұнтағы мен сұйықтығының өзара қатынастары бұзылған уақытта да материалдың уытты әсері жоғарлайды. Мономердің уытты әсері науқастың ауыз қуысында тез қататын пластмассадан тікелей протез жөндеген де жоғары болады. Уытты – химиялық стоматиттің клиникалық белгілері акрилді пластмассаның негізінің әсер етуі мынадай болады:
Ауыз қуысында күйдіру симптомдары мен шырышты қабатта протездің жанасу бөлігінде құрғау симптомдары байқалады. 
Материалдардың уытты әсерлері олардың құрамы мен қасиеттеріне байланысты келеді( физикалық, химиялық, токсикологиялық). Полимерлердің құрамына кіретін толықтырғыштар, пластификаторлар, әр түрлі бояғыштар жекелеп немесе бір бірімен қосылып, адам ағзасына уытты әсерлерін тигізеді. Бірақта ең басты акрилды пластмасалардың уытты факторларына олардың құрамына кіретін мономері жатады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!