Мүбәрәк Жаманбалинов | өмірбаяны

0

Жаманбалинов Мүбәрәк 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысындағы Тәттімбет ауылында дүниеге келген. 

Орта дәрежелі агрономдық білім алып, Новосибирдегі Татар МТСнда учаскелік агроном болып істейді. Одан соң Омбы орысқазақ педучилищесін бітіріп, ұзақ жылдар мектепте ұстаздық етеді. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айна бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Содан бері әлденеше жыр жинағын шығарған ол негізінде балалар ақыны ретінде танымал.

Өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латын тілдеріне аударылған.

Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1982). Ертіс ауданының Құрметті азаматы.

Шығармалары: Айна бұлақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956; Сәлем. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Ертіс лебі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кішкентай достарға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Менің інім; Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Батыр ұстаз. Поэма. А., «Жазушы», 1972; Ашық күн. Өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Толқын. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Балғын гүлдей балақан. Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, мысалдар, дастандар. А., «Жазушы», 1974; Ашық күн. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, А., «Жалын», 1984; Ақын бала. Өлеңдер, ертегілер мен аңыздар, жаңылтпаштар. А., «Жалын», 1983; Ашық күн. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар. А., 1984; Ақшам. Өлеңдер. 2002; Жауқазын. Өлеңдер. 2003; Аштық азабы. Өлеңдер. 2004.