Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру

0

Жоспар
1.Кіріспе
1.1 Биологиядан оқужұмысын ұйымдастыру. Биология сабақтарының түрлері.
2.Негізгі бөлім
2.1. Биология мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру. Сабақ талдау үлгілері.
2.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді бақылау түрлері мен тексеру әдістері.
2.3. Биология пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

1. Биологиядан оқужұмысын ұйымдастыру. Биология сабақтарының түрлері.

1. Биологияны окыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама.
2. Биология сабактарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастару түрлері.
3. Биология және экология сабактары.
4. Зертханалык және танымжорык сабактар.

Окыту — оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі — дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы — сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ — оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық «Трампа жоспары» бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% — топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы — сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
— сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
— әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
-оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз-ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
— сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру — әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ — оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1.Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3.Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4.Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5.Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6.Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7.Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат — білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен — биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары ашык аспан астында — мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап — оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой-пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
— жаңа білімді оқып игеру;
— оларды бекіту мен тексеру;
— үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабак типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
— жаңа материалды оқып үйрену;
— білімді бекіту сабағы;
-талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
— аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы — барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат — игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат — тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.
4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.
Тақырыптык жоспар. Такырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады.
2. Биология мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру. Сабақ талдау үлгілері.
1. Биология мұғалімінің тұлғасы.
2. Ұстаздық құпия.
3. Алғашқы биология сабағын өткізу.
4. Өзінің сабағын талдау.
Қазіргі балалардың көп нәрсені өте ерте біліп, кейде әдейі (мұғалімнің мәселеге байланысты не білетінін байқағысы келіп) сабақтан тыс мәселелер сұрайды. Бұл кездесіп жүрген шындық. Акпарат ағынының молдығы, стрестен ерте есею, күдіктіліктің дамуы — бұлардын барлығы уакыт талабы. Балалар өздерінше өмір сүргілері келеді, көпшілік біздіңше коғамның эталонын ойлап қабылдамайды. Ал ұстаз, тәрбиеші міндетті түрде өзін-өзі ұстай білуі керек, өйткені ол — педагог. Кәсіби шыдамдылык, басқаша ойлайтындарды түсіне алу кәсіби борышына адалдық болып есептеледі. Ең тамаша мектеп, тамаша безендірілген биология кабинеті, жетілдірілген окулыктар мен оқу құралдары-ешкайсысы және еш уақытта ұстаз түлғасына шақ келмейді, оны еш айырбастай алмайсын. Биолог-ұстаздың түлғасы, онын эрудициясы, өз ісіне берілгендігі және талантты оқушылар санасына өшпес белгі калдырады, көбінесе олардын кабілеттері мен ықыластарына тәуелсіз, жеткіншектердің өмірлік жолы аныктайды.
Казіргі, жаңа окушыға жаңа, білгір, эрудицийсы жоғары, жаңашыл ұстаз керек. Ұстаздың ең етене кәсіптік белгісі — педагогтық әдеп. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтык әдебінде жатады. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп — мұғалімнін оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері -мұғалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас бөлігі; үшінші біреулері — пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Осы айтылғандардын бәрінде де педагогтық әдептің азды — көпті белгілері бар.
Ұстаз алдында оку материалын жоспарлау, сағат көлемін, қажет болса оқылатын такырыптар, тараулар ретін өзгерту, оқытудың формалары мен сабакты өткізудің әртүрлі әдістерін колдану сиякты үлкен шығармашылык әлемі жатыр.
Оқушылардыц тірі табиғатқа деген танымдык кызығушылығын арттыру көпшілік жағдайда алғашкы, биологияға кіріспе сабағының (5-6 сыныптарда) сәтті өтуімен байланысты болады. Осы сабаққа дайындалу алдындағы сынып ерекшеліктері мен оқу кабинетінің материалдық базасына байланысты сабақ мазмұнын, оны беру әдістерін тандап алуда ұстаздан шығармашылык талғамды талап етеді.
Алтыншы сынып оқушыларын тірі ағзалар әлемімен таныстыруда педагогикалык тұрғыдан екі немесе үш кіріспе сабақтарын өткізу тиімді (алғашкы сабақтар міндетгі түрде биология кабинетінде өтуге тиіс).
Алғашқы сабақта Биология нені оқытады деген такырыпта окушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көп түрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру кажет.
Сабакты Дүниетану, Жаратылыстану пәндерінде оқылған табиғат жөніндегі білімдерін калпына келтіру, естеріне түсіруден, дүниетану, жараталыстану мен биология арасында логикалык көпір жасау аркылы бастаған орынды. Ол үшін оқушыларға талқылауға мынадай сұрактар ұсынылады; дүниетану нені оқытады? Екінші сабақты өткізуде биология кабинетінде табиғатты бакылау, танымжорык атты бұрыш ұйымдастырылуы тиіс, онда күздегі табиғат, жан-жануар, өсімдіктер жөнінде деректер (суреттер, нақпішіндер, гербарийлер т.б. ) болуы тиіс. Үшінші сабақ Окулықпен танысу, онымен жұмыс жасау такырыбында өте тамаша болары сөзсіз, сабакты табиғатта өзін-өзі ұстау ережелеріне үздік мазмұндамаға бәйге жариялап, соны жазғызып бастауға болады.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың жемісін теориялық білімнің нәтижесінен көруге болады.
Биология сабактарына койылатын жалпы дидактикалык, талаптарға тоқталайық: ұстаздын өзінің биологиялык білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі, сабақты талдай отырып оқушыларыңыз қалай жауап бергенін есіңізге түсіріңіз?
Окушылардың жауаптарының мазмұны койылған сұрактарға сәйкес болды ма?. Жауаптар қаншалыкты биологиялык сауатты болды?. Бір сөзді жауаптар болды ма?. Оқушылардың монологтык сөздері дағдысын калыптастыруда кандай жұмыстар жүргіздіңіз?.Алғашқы сабакта нақ балаларды ауызша жауапка койылатын талаптармен таныстырыңыз; сөздің сауаттылығын қадағалаңыз, қателерін ашуланбай түзетіп, сөздерінің аз болса да дамуын қадағалап отырыңыз.
Әрбір өткізілген сабактан кейін ұстаз өзіне сұрак коюы тиіс; бүгін менін жұмысымда қандай кезеңдер дұрыс болды? Қайсысы дұрыс шықпады?. Себебі неде?. Келесі жолы нені өзгерту, калай істеу керек? Сабақты өзіндік талдауды мына тұрғыда жүргізуге болады:
1- Биологиядан жетілдірілген бағдарламаның талаптарын орындау.
Белгіленген сабақ жоспары жүзеге асырылды ма?. Сабак мазмұны қаншалыкты дәрежеде бағдарлама талаптарына сәйкес болды, ауытқулар болды ма?. Егер болса, ол қажеттіліктен бе, әлде кездейсок па?.
Сабақты талдауды, салыстырудың, негіздеудің, корытынды жасаудың логикалық біліктілігін калыптастыруға; тәжірибелер кою, бақылау жүргізу микроскоппен жұмыс, гербарийлермен жұмыс жүргізудің арнайы біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға; мәтінмен жұмыс істеудің және оқулықтың мәтіннен тыс кұрам бөліктерімен жұмыс істеудің жалпы біліктілігін калыптастыруға кажетгі көңіл аударылды ма?.
2. Негізгі білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттердің шешілуі.
Сабақтың міндеттері дұрыс анықталған ба?. Соны ойланыңыз. Оларды алдынғы өткен және соңғы сабақтардың міндеттерімен байланыстыру болды ма?. Сабақ негізгі максаттарына жетті ме?.
3. Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу.
Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.
Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?.
Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.
Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.
Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.
Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.
4. Оқушылардың сабақтағы әрекетін … жалғасы