Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақ диаспорасының мәселелері

0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақ диаспорасының мәселелері казакша Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақ диаспорасының мәселелері на казахском языке

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде — тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды.
Сонымен, тарихқа терең бойламай-ақ, адамзат тарихындағы алапат ғасыр ХХ ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі, өз жерінде отырып, қазақтай генезиз кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны — 1932 жылғы ашаршылық 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет — ұлт қаймағын сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы кеңестік саясат жемісінен болған жасанды ассимиляция. Осынша қасіретті бастан өткерсе де ұлт қуаты кеміген жоқ.
Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеген нанының жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кең пейіл ел. «Қазақ осындай болмаса, қырыларымыз анық еді» — деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол қасіретті жұрттардың алғыс батасы шығар, бүгін етек жеңімізді жауып, үзенгілестен бас оздырдық.
Қазақ кім десеңіз — тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім болып аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп жол салып, «соқтықпалы соқпақсыз» сергелдең шақта жорғадай жосылып, жол тапқан ұлт, ағайын. Саясат сонарында аңшы дәуірімен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп ақсақалдың ақылына, елдің сабырына, жастың жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де, сертінде тұрып, сүйреп берген сүйенерге лайық ерің — сол қазақтың баласы.
КСРО тарағаннан кейін жақын шетелдердегі (ТМД) қазақтар диаспораға айналды. ТМД елдеріндегі диаспоралардың мәдени және әлеуметтік — экономикалық өркендеу деңгейі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Қазақ диаспорасының мәселелерінің кешенді зерттеу және шешу, ғылыми зерттеулердің тәжірибелік шаралармен бірлігі және өзара байланысына әлде болса жете мән берілмей келеді.
Отаршылдық кезеңінде қазақ диаспорасының мәселелері Қазақстан тарихының құпия беттерінің бірі болған -ды, соның нәтижесінде шетелдерде тұратын қазақтар туралы деректер мен мағлұматтар, архивтер мен кітапханалардың арнайы қорларында сақталған. Қазақ халқына, яғни шетелдердегі қазақ диаспорасына деген Кеңес Үкіметінің қарым-қатынасы (саясаты) осындай еді. Бұдан жалпы қазақ диаспорологиясының жағдайын да көруге болады. Осы жағдай тек 1991жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстанның «Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдап егемендігін жариялағаннан кейін ғана өзгере бастады. 1992 жылы азаттығымыздың алтын бесігі — Алматыда, 2002 жылы — дініміздің қала төсіндегі діңгегі — қасиетті Түркістан төрінде, ал 2005 жылдың қыркүйегінде мемлекетіміздің ел ордасы арман қала Астанада қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайлары өткізілді. Ал 1995 жылдың 16-17 қарашасында Байырғы Түркістан шахарында «Қазақ диаспорасының өткені мен бүгіні» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырылған болатын. Онда қазақ диаспорасының пайда болуы, шетел қазақтарының қазіргі таңдағы экономикалық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық ортасы, ұлттық психологиясы, әлемге деген көзқарасы, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері сақтау, тіл, мәдениет, әдебиет және өнер мәселелері[1], Көші-қон саясатының негізгі проблемалары талқыға салынып, оралмандардың жағдайларына үлкен назар аудыралды.[2] Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы (2005ж) жоғарыда айтылған мәселелерді қамтыған-ды.
Байырғы ұлтпен өздері тұрып жатқан мемлекеттен тыс жерде тарихи отаны бар этникалық топтардың арасындағы мәселелерді (этнодемографилық, этнопсихиологиялық, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық) зерттеудің теориялыцқ және тәжірибелік маңызы зор деп танылды. Қазіргі таңдағы барлық үкіметтерді диаспора мәселесінің практикалық маңызы қызықтырады, сондықтан да бұл сұрақтардың жауаптарын (шешілу жолдарын) жаңарту мақсатында білім және тәжірибе алмасу ғалымдар үшін ғана емес, сондай-ақ көп этникалық қоғамда бұндай мәселелермен жие кездесіп отыратын билік тармақтары мен атқарушы органдар үшін де маңызы зор. Бұл саясат ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелеріне үлкен назар аударатын көпұлтты Қазақстанның Үкіметі мен ғалымдарына да қатысты. «Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азияның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көп ұлтты, әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының ең үздік қағидаттары бойынша тәуелсіздік орнаттық және ұлты мен діни нанымына қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін, әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.[3] Әу бастан Қазақстан ұлтаралық татулық қағидасын басшылыққа алып, сырт жердегі бауырларға қамқорлық қолын созды. Сол себепті ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелерімен Қазақстанның осы салада жүргізіп отырған саясатын баяндап, талдау диплом жұмысының зерттеу нысаны болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты: ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелерімен Қазақстанның осы салада жүргізіп отырған саясатына жан-жақты талдау жасау. Диплом жұмысының алдына қойған мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1) Шетелдегі отандастармен (ТМД-дағы) жұмысты жан-жақты жетілдіріп, оны тек ұдайы және мақсатты мемлекетті қолдау жағдайында ғана жүзеге асыру мүмкін болатындығын естен шығармаған жөн.
2) Қазақ диаспорасының әлеуметтік -экономикалық, мәдени, білім алу сұраныстарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, тарихи отанына қайта оралғылары келетіндерге мүмкіндік туғызатын ойластырылған шаралардың жүйесін жасау қажет.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: 1991 -2006 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан өз тәуелсізідін жариялағанға дейін КСРО құрамына кіре отырып, одақтың көптеген «бөліктерінің » бір бөлшегі іспеттес болғаны тарих беттерінен аян. Соның салдарынан тек 90-шы жылдардың басында ғана егемендікке қол жеткізген Қазақстан бұрыннан бергі қалыптасқан мәселелерді реттеу құдіреттілігіне ие болды (соның ішінде диаспора мәселесі де ), алайда бұл сұрақтар қазіргі таңда да толық шешімін таппай, өзектілігін жоғалтпауда, зерттеу жұмысының бүгінгі күндерге дейінгі жылдарды қамту себебі де осында.
Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысының алдына қойған мақсатын орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды 6 топқа бөлуге болады.
Деректердің бірінші тобына Қазақстан және ТМД елдеріне мемлекеттік деңгейдегі заң актілері мен қаулылар жатады. Зерттеу жұмысына Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Халықтың Көші-қоны туралы » ҚР Заңын, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы » Жарлығы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010жж арналған мемлекеттік бағдарламасы; Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы, ҚР Президентінің Халқына Жолдауы (2005ж), ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ҚР Көші-қон саясатының 2001-2010 жж салалық бағдарламасы, Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы, Ресей Федерациясының «Шетелдегі отандастарын қолдау туралы» Заңын, Ресей Федерациясының Конституциясын, Өзбекстан Республикасының мәдениет туралы Заңын кеңінен қарастырылуы, осы заңдар мемлекеттердің диаспораға байланысты ұстанып отырған ресми саясаттарын анықтайды.
Деректердің екінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған екі жақты мәдени, экономикалық қарым-қатынастардың құқықтың негізін құрайтын келісім шарттар, хаттамалар, конвенциялар, декларациялар мен меморрандумдар жатады.
Деректердің үшінші тобына мұрағат материалдары жатады. Бірнеше ғасырлық тарихы бар Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарға арналған құжаттар мен материалдардан құралады. Бұл құжаттарға Қазақ КСР ғылым Академиясы жанындағы Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, архиология және этнография институты мен Қазақ КСР Орталық, мемлекеттік мұрағаты бірлесіп құрастырған 2 томдық құжаттар мен материалдар жинағы жатады. Құжаттар жинағы ХVІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс, қазақ-өзбек қарым-қатынастарын қамтыған. Құжаттар жинағы қазіргі кездегі Орталық мұрағат материалдары негізінде құралғандықтан, біз бұл құжаттар жинағын деректердің осы тобына жатқызуды жөн көрдік.
Дипломатиялық мұрағат материалдарына келсек, бұл Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің Ресей Федерациясысындағы Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшіліктерінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының ағымдағы мұрағат дерек көздерінен тұрады.
Деректердің төртінші тобына мемлекет және үкімет басшыларының, мемлекет қайраткерлерінің және көрнекті дипломаттардың еңбектері, сөздері, сұхбаттары жатады.
Егемендік алған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттарын анықтап, белгілеп беруге және қазақ дипломатиясының алғышқы қадамдарының бет алысын айқындауға ел Президенті Н.Ә:Назарбаевтың еңбектері өзінің құндылығымен ерекшке.
Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы және болашақтағы екі жақты ынтымақтастық барысындағы сенімді достық, іскер әріптестік, жөніндегі мәліметтер де [4] назардан тыс қалмады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдік басшыларының еліміздің сол мемлекеттерге қатысты ұстанып отырған сыртқа саясатының мақсатттары және қарым-қатынастардағы туындап отырған мәселелерге байланысты берген дәйекті болжам, бағалары. Мұндай зерттеулердің қатарына мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің басшыларының әр жылдары берген сұхбаттарын, мақалаларын жатқыздық.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзі елдерімен өзара достық қарым-қатынасының қалыптасуы мен орнатуының алғашқы қадамдары, сонымен бірге егеменді еліміздің сыртқы саясатының бағыттарының стратегиясының және оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі алатын орны мен атқарып отырған роліне баға берген ҚР сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевтың бірқатар еңбектер құнды болып табылады.[5] Бұл еңбектердегі деректілік фактілер екі жақтық байланыстардың барлық салалардың даму барысын және кедергілерін түсінуге, талдауға мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі И.С.Иванов өз еңбектерінде Ресейдің қазіргі кездегі сыртқы саясатының және сыртқы саяси басымдылығындағы ұлттық мүдделерінің қалыптасуын қарастырады. [6]
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тең құқықты ынтымақтастықтың өркендеуіне ат салысқан, екі жақтық қарым-қатынастардағы маңызы зор құжаттарды топтастырып, жинақтаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған Т.А.Мансуровтың еңбектерінің де берері мол.[7] Қ.Е.Көшербаевтың газет, журналдарға берген сұхбаттары екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып отыр. [8]
Диплом жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобына — зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Бұған Республикалық, еларалық газеттер мен журналдардың түрлі жинақтары жатады.
Пайдаланылған деректердің алтыншы тобына статистикалық жинақтар мен анықтамаларды жатқызуға болады.
Олар Қазақстанның шетелдердегі (соның ішінде ТМД елдеріндегі) қазақ диаспорасы жөніндегі нақты сандық көрсетілімдер туралы мәліметтер береді.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысын жазу үшін деректік негіз болды. Оларды зерттеу жұмысында қолдану — қойылған мәселелерді жан-жақты сұрыптап, мақсаты мен міндетін ашуға мүмкіндік берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өткенді қаралап, жалған отаншылдық танытып жатқан біз жоқ. Тек қана қазақ диаспорасы ғана емес шет елдегі жалпы ұлттар шоғыры туралы тең көсіле әңгіме айтудың өзіне тиім салынған ғасырды да артқа қалдырдық. Шетелдердегі қандастарымыздың тағдыры қақында баяғы «советологтардың» бірталай еңбектері бар екенін қазір біліп жатырмыз, олардың өздері шаң басқан архивтерде табылып отыр. Бұрын қоғамтану ғылымында ауызға алынбайтын диаспоратану ұғымы бұл күнде тілімізге сіңіп үлгерді. Кең түрде зерттеле басталды. 1991 жылдан бастап Философия институтында «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми бағдарлама шеңберінде көңіл тоярлық игі шаралар жүзеге асырып келеді екен.
Диссертациялар қорғалған. Биыл Философия және саясаттану институты диаспоратану саласында үлкен зерттеу жобасын аяқтап, көлемді еңбекті баспаға әзірлеп те қойыпты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да диаспора мәдениеті мен әдебиетін, тарихын атамекенге танытуда елгезектік көрсетуде. Жоспарлы өткізіліп жататын ғылыми — тәжірибелік мәслихат, кеңестерді айтпағанда, шаңырақ белгісі бар осы қауымдастықтың кітапханасының сөресі де жыл сайын толығып келеді.
Алайда Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы жанындағы «Атажұрт» баспасының жалғыз өзі диаспораның сан-салалы мәдени құндылықтарымызды оншақты жыл ішінде игеріп, ойсыратып тастай алмасы анық. Ол — тілегей теңіз, мол мұра.
Бар қазаққа аса қажет — рухани байлық.
Қазақ диаспорасы жайлы шетелдік зерттеушілердің шығармаларын өзімізге насихаттау — тарихымыз үшін тағылым. Швед ғалымдары Линза Бенсон мен Ингвар Сванбергтің «Түркиядағы қазақ осқындары» және «Қытай қазақтары» атты мақалалары жеке кітап болып 1997 жылы жарық көрді. Әлі де таржымалап, насихаттауды күтіп жатқан қазақтар туралы дүниелер аз емес. Кешегі Гумилев, Левшин және Янукевич еңбектері қазақ тарихын, этнографиясын зерттеуде ең қастерлі үлгі болып жатқан жоқ па?
Өзіміздің қазақстандық ғалымдарымыздан диаспора мәселелерімен айналысып, еңбектерін жарыққа шығарып жүргендер саусақпен санарлық, олар Г.Меңдіғұлова, С.Балғабаев, Ғ.Саржанов сияқты азаматтарымыз.
Десек те, қазақ диаспорасының ТМД шеңберіндегі мәселелері әлі де толық зерттелмей келе жатыр, сонымен қатар, жалпы диаспоратану ғылымының тарих, археология, психология және әдебиет салаларында ашылмай жатқан көмбелер көп. Диаспораларымыздың барлық сан-салалы қорларын терең үңгіп зерттеу жергілікті қабілетті жастарды тәрбиелеу қажеттілігін туғызып отыр. Сондықтан бұл ұлағатты іс мемлекеттік қамқорлықты, қомақты қаржыландыруды талап етеді. Бұл іс алдағы бес жыл ішінде жедел қолға алынбаса, енді 10 жылдан соң тіпті кеш болады.
Қазақтар жасаған барлық құндылықтар — бүкіл елдің игілігіне айналуы тиіс.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден,негізгі бөлімі 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілді. Диплом жұмысының көлемі бет.
I ТАРАУ Тарихтың жаңа беттері
1.1 Қазақ диаспорасы ұғымының пайда болу тарихы
Қазақ — қазақ болғалы «Әлемдік кеңістікке дәл осындай қанатты серпінмен көтеріле алмаған шығар. Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық. Тәуелсіздік мәселесі — айрықша маңызға ие мәселе. Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бергі уақыт егемен мемлекет ретінде орнығу әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатында жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, атымыз барда желіп, жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен » өтті. Мұның өзі сыртқы саясатымыздың айқындығын аңғартса керек. Біздің сыртқы саясатымыз нарықтық реформалардың негізінде елдің ырғақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған[9].
Ғаламдану жүйесінде интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел интеграцияның тізгінінен мықтап ұстанғаны жөн. Ал бұрынғыдай «Мен үлкен аға, сен кіші інісің» дегенге ендігі жерде біздің қазақ халқы көнбейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақ халқының тарихындағы ең үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсаған арманы орындалды. ҚР өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Бүгінгі таңға бүкіл дүниежүзі қазақ деген Ұлт бар екенін, қазақтың жері, Отаны — Қазақстан екенін біледі, десе де, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық қатынас мәдениетін азаматтық келісіммен ұштастыру негізінде алға басып, келесі даму биігінен көріне беруіміз керек.
90 жылдар мен 2000-2005 жылдары қазақ халқының орташа жылдық табиғи өсімі Қазақстан бойынша 120-125 мың, бұрынға Кеңес Одағы көлемінде (ТМД) 140-150мың, ал әлемдегі барлық жиынтық санымен 165-180 мың адамға өсті. Статистикалық агенттіктің жүргізген санағы бойыншы 2002 жылдың ортасында қазақ халқының барша саны яғни, әлемдегі исі қазақтың толық саны 13 миллион 500 мыңға жетті. Яғни әрбір жеті жылда қазақтар бір миллионға өсіп отырады…

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!