Курстық жұмыс: Жер құқығы | Жерді пайдалану және оны қорғау құқықтық тәртібі
Мазмұны
Кіріспе
І БӨЛІМ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІБІ.
1.1. Жер ресустары және жер пайдаланудың мәселелері
ІІ БӨЛІМ ЖЕР АУДАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ҚАТЫСЫ.
2.1 Жерді пайдаланудың бақылау формалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.
« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы – Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді: «… Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді ».
Бұл бағдарлама құқықтық мемлекет құрудың және заң шығару үрдісін жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер құқық қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғұрлым тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бұл салада, ең алдымен, жер және басқа табиғат байлықтарын тиімді және ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету – еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.
Құқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге де қызмет етеді.
І-БӨЛІМ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІБІ.
«Жер құқық қатынастарының түрлері дегеніміз- жер құқық қатынастарының құрамдас бөлігі. Олар жер құқық қатынастарының қырларын көрсетіп, соған орай олардың өзгешеліктерін айқындайды.
Жер құқық қатынастарының бөлінуі немесе түрлері жөнінде ғалымдар арасында қалыптасқан пікір жоқ.
Жер құқық қатынастарын Г. А. Аксененок екі топқа бөледі. Біріншісі- жерге меншік құқық қатынастары, яғни жерді билеу және басқару қатынастары. Екіншісі- жерді пайдалану құқық қатынастары. Бірақ бұл екі жер құқық қатынастарының негізінде жерге мемлекеттің меншігі жатыр. Сондықтан жер пайдалану құқықтық қатынастар жерге мемлекет меншігі құқығынан туындайды, әрі оған бағынышты дейді.
А. А. Русколдың пікірінше жер қатынастары- бұл жерді мемлекет атынан бөліп беретін мемлекет органдары мен жерді әр түрлі мақсаттарға алатын жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар.
И. В Павловтың айтуынша жер құқық қатынастары- мемлекеттің меншігі болып табылатын жерді басқару, оны бөлу және қайта бөлу, пайдалануға беру. Және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жер пайдаланушылар мен шаруалар арасындағы қатынастар.
Жер құқық қатынастарының қағидаттары- заңдарда бекітілген негізгі бастамалар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастардың қағидаттарға қайшы келетін тұжырымдары болмауы керек.
Ә. Стамқұлұлы «экология құқығының қағидаттары- мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы» деп анықтама берген.»(1)
Біз де осы анықтаманы қолдай отырып, жер құқық қатынастарында да қағидаттар осындай қызмет атқаратынын басшылыққа аламыз.
Жер құқық қатынастары- экологиялық құқық қатынастарының бір саласы. Жер құқығының өзі экология құқығының салалық бөлігі болғандықтан жер құқық қатынастарының қағидаттарымен ұштасып жатады. Табиғи ресурстардың ерекшеліктеріне және оларды реттеу өзгешеліктеріне байланысты салалық қағидаттар болады.
Жерге мемлекеттік меншік құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны- мемлекеттің жерді иелену, пайдалану, билік ету және басқару құқығы болып табылады. Бұл құқықтық халді аталған иелікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы және басқару құқығы десе де болады. Бұлар аталған жерге меншік құқығының заңдық көрінісі.
Бұл жөнінде Жер туралы Жарлықта Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемелекеттік және жеке меншікте болады, меншік иесінің өзіне тиесілі жерді иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Конституцияда «мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады»(5) дегенімен, олардың құқықтық жағдайлары бірдей емес. Ол алдымен, жерге мемелекеттік меншіктің мазмұны, түрлерімен, меншік құқығын іске асыру жолдарымен де ерекшеленеді. Сондықтан біз жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұнын және жерге жеке меншік құқығының мазмұнын жеке- жеке және өз алдына қараймыз. Жерге мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдар арқылы халық шаруашылығы салаларын ұйымдастыру жолдымен және ғылым, қорғаныс, табиғатты қорғау, ренталық қатынастарды белгілеу және мемелекеттік құрылымдардың шаруашылық қызметі, соның ішінде жерді өндірісв құралдары және аумақтық объектілер есебінде пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің жер пайдалану құқығы бүкіл халықтың, қоғамның мүддесіне, болашақ ұрпақтың мүддесі үшін пайдаланылады. Бұл- жерді мемлекеттік пайдаланудың бір көрінісі. Жерді мемлекеттік пайдаланудың бір көрінісі. Жерді мемлекеттік пайдаланудың екінші көрінісі- нарық экономикасына байланысты мемлекеттік құрылымдардың ауыл шаруашылық ғылыми- зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсаттары және басқа жағдайларда жер пайдалануы.
Жер пайдаланушы субъектілер мемлекеттік, мемлекеттік емес, ұлттық, шетелдік, азаматтығы жоқ адамдар, жеке және заңды тұлғалар. Олар: тұрақты, уақытша, бастапқы және кейінгі жер пайдаланушыларға бөлінеді. Соған орай, олардың жер пайдалану құқығының мазмұнында өзгешеліктер бар. Жер туралы Жарлықта «жер пайдалану құқығы жерге заттық құқыққа жатқызылған.»(4) Ол ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де бар. Жер пайдалану құқығы- тұлғаның мемлекет меншігіндегі жер учаскесін мерзімсіз немесе белгілі мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер туралы Жарлықта белгіленген шарттар мен шекте жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығына иелік етуге де құқығы бар, яғни жер пайдаланушы жер құқығын пайдаланады және иелік етеді.
Бұл анықтамада жер пайдаланушының құқығында кездесетін билік ету өкілдігі аталмаған. Жер пайдаланушылар Жер туралы заңдарда көрсетілген жағдайларда пайдалануындағы жерге билік ету құқығын да жүзеге асырады. Оған мынадай мысалдарды келтіруге болады. Жер туралы Жарлықтың 40 бабының 3 тармағында тұрақты мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың өздеріне тиесілі жер пайдалану құқығына билік етуге құқығы бар деп көрсеткен. Осыған қарағанда 1- баптың 12- тармағы, 40- баптың 3- тармағына сәйкес келмейтінін байқаймыз. Егер 1- баптың 12- тармағындағы «иелік» сөзін, «билік» сөзімен алмастырылса, оның орысша атауына тура келеді. Онда аталған атау жөнінде пікір- талас болмас еді. Жерді пайдалануды және қорғауды бақылауға алу жүйесі жер мониторингісін және жер кадастрын қамтиды.
Жер мониторингісі- айналадағы табиғи ортаны қорғау мониторингісінің құрамдас бөлігі. Жер мониторингісі- жерде болып жатқан өзгерістерді дер кезінде анықтау, оларға баға беру, табиғи келеңсіз және антропогендік үрдістердің немесе төтенше ахуалдың алдын алу және оларды жою үшін жер қорының сапалық және сандық жай- күйін жедел мерзімді, болжамды және базалық бақылау жүйесі болып табылады. Сондықтан ол жердің табиғи объект, Казақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаттарын жүзеге асыру шараларының бірі болып табылады. Бұл ретте жер мониторингісі мен жер қорғау мәселелерінің жүзеге асыру механизмдері деуге болады. Оның үстіне бұл саладағы жер құқық қатынастары жердің мүліктік құқық объектісін реттеуді мақсат етіп қоймайды. Себебі бұл қатынастар жер ресурстарының табиғи болмысын немесе қасиетін анықтап, экономика саласында пайдаланатын немесе пайдаланылмайтын, адамның өмірі мен. Денсаулығына жағымды немесе жағымсыздығын анықтап береді.
Мониторингі объектісіне барлық санаттағы жерлер жатады. Олардың құқықтық тәртібі, ведомостволық бағыныстылығы, пайдалану мерзімі, пайдалану мақсаты, сипаты жер мониторингісін жүргізуге де әсерін тигізе алмайды.
Жер мониторингісі- айналадағы табиғи орта жай- күйінің мониторингісі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаның мониторингілерін жүргізудің базасы болып табылады.
Жер заңдарын бұзбаудың және бұзуға жол бермеудің алдын ала шараларын белгілеу және оларды жүзеге асырып отыру мәселелері « Қазқстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» және Жер туралы Жарлықтың нормаларынан туындайды. Оның айналадағы табиғи ортаны қорғаудың қағидаттары қатарында табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу бар. Одан басқа бұл заңда айналадағы табиғи ортаны қорғауға халықтың қатысуы туралы да нормалар бар.
Жер туралы Жарлықтың 3- бабында жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау мен жерге келтірілетін залалдың алдын алу немесе оның зардаптарын жою қағидаттары бар. Бұл екі заңдағы қағидаттар бірімен- бірі ұштасып жатыр.
Жер табиғи ресурстардың ең негізгі объектісі болғандықтан оны сақтау, қорғаудың басқа табиғи объектілерді қорғауға маңызы зор екенін атап өттік. Бірақ, өкінішке орай, Жер туралы Жарлықта жерге жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді сақтау және қорғау шараларын үнемі жүргізгені үшін жердің құнарлығын арттырғаны, құнарсыз жерлерді ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға қосқаны үшін оларға қолданылатын көтермелеу шаралары жоқ.
Егер осы саладағы «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңның талаптарын еске алатын болсақ, «халықты және жеке адамдарды жерді сақтауға және қорғауға қатыстыруды, олардың экологиялық қоғамдық ұйымдары арқылы жер заңдарын бұзудан сақтандыру шараларын қолдауға баспасөз, радио, теледидиар арқылы жерді сақтау және қорғау жөнінде хабарлар тарату және табиғи қорғау заңдарына қайшы келмейтін басқа да шараларды жүзеге асырып отыруға мүмкіншіліктері бар екенін және ол аталған заң талаптарынан туындайтынын байқаймыз.»(2)
Менің пікірімше, жер туралы заңдарда ең алдымен мынадай көтермелеу шаралары орын алу керек.
1. Құнарлылығы төмен жерлерді жеке меншігіне немесе пайдалануына алған адамдарды, оларды үш жыл ішінде құнарлылығын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіргендерді жер салығын төлеуден босату.
2. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің құнарлығын агротехникалық, экологиялық шараларды қолдану арқасында арттырып ауыл шаруашылық өнімдерін дылда арттырып отырғандарға жер салығының үштен бір бөлігіне жеңілдік беру.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруда және де басқа да экологиялық шаралар қолдану нәтижесінде су және жер эрозиясынан жерді сақтағаны, жасыл белдеулер мен желектердің аумағын молайтқаны және басқалар ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өңдеуге қолы жеткен шаруашылықтарға мемелекттік материалдық және моральдық қолдауларды жүзеге асырып отыру.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылмайтын жерді суармалы жерлерге айналдырып, жерді ұтымды пайдаланғаны үшін жер алымдарының белгіленген мөлщеріне жеңілдік беру құқығын жер қатынастары және жерге орналастыру және аудандық әкімге беру.
Жерді өздігінен басып алуды тоқтатудың негізгі жолы жергілікті атқарушы органдардың жерді жеке меншік құқығын немесе жерді тұрақты, яғни уақытша пайдалану құқығын сату туралы мәліметтерді жариялап отырса, адамдардың қалаған жер учаскесін заңды бұзбай- ақ, пайдалануына алуға мүмкіндік туар еді.
Жер заңдарын бұзған әрбір оқиғаны жергілікті хабар беретін органдар арқылы, күнделікті басылымдар мен радио арқылы жариялап, қолданылатын, соның ішінде заң орындары тарапынан қолданатын және қолданылып жатқан шаралар жарияланып отырса, жерді өз бетімен басып алу, улы заттарды кір және улы суларды, қалдықтар мен қоқыстарды жерге төгу, тастау, орналастыру фактілері азайып, бірте- бірте жойылар деген ойға келемін.
Жер құқық қатынастарының жалпы объектісі жер, яғни оған Қазақстан Республикасының барлық аумағын алып жатқан жерлер жатады және Қазақстан Республикасының біртұтас жер қорын құрайды. Біртұтас жер қоры негізгі пайдалану мақсаттарына қарай құрамдар мен санаттарға бөлінеді. Олар жөнінде тиісті құқықтық талдаулар мен теориялық тұжырымдар жасалды. Соның ішінде негізгі мақсаттарды пайдаланудан басқа да жердің өз алдына құрамы болуы керек. Ол экологиялық жарамсыз жерлер. Ондай жерлердің пайда болуына жерді шұаруашылықта немқұрайлықпен пайдалану нәтижесінде және жер заңдарының тәртіптерін сақтамау және талаптарын орындамау себепше болады. Соның салдарынан жер пайдалануға жарамай, құнарлығы жоғалып, айналадағы табиғи ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Ондай жерлер мыңдаған гектар мөлшерінде еғсептеледі. Сондықтан мұндай жерлерді Қазақстан Республикасы жер қорының жеке құрамына жатқызып, оларды пайдалануға шек қойып, щаруашылыққа жарамды болу шараларын белгілеу қажет.
Жер заңдарын бұзғаны үшін түрлеріне тәртіптік, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және экологиялық- құқықтық жауаптылықтар жатады. Бұлардың ішінде соңғысы заң әдебиеттерінде атала бермейді.
Экологиялық салалық заңдарда да экологиялық- құқықтық жауаптылық аталған жауаптылықтар қатарында көрсетілмейді. Бірақ аталған салалық заңдарда экологиялық құқықтық жауаптылықтың түрлері, олардың салалық заңдардың ережелерін және телаптарын бұзғаны үшін пайда болатын, тиісті санкциялары бар екенін байқаймын. Мысалы, жер заңдарының талаптарын бұзғаны үшін орындамағаны үшін жерді қайтарып алу, су заңдарында су заңдары ережелерін бұзғаны үшін су пайдалану құқығын жою орман және жануарлар дүниесін қорғау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтар бар.
Жер құқық қатынастарында жауаптылықтардың түрлерін, олардың қолдану мақсатын және болдырмаудың алдын алу шараларын қолдану республикамызда заңдылықты сақтаудың құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл тек қана мемлекеттік органдар мен ведомостволарға ғана тиісті мәселе емес, ол барлық қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың міндеті.
Ол Конституциялық құқықтар мен міндеттемелерден туындайды. Жер заңдарында жеке және заңды тұлғалардың жерді қорғауға қатысуын және оларға тиісті көтермелеу шараларын қолдану, сондай- ақ, осы кітаптың тиісті тарауларында көрсетілген толықтырулар мен өзгертулерді Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылырында қарастыру жер құқық қатынастарын бұдан әрі жетілдіру болып саналады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері жерді тиімді пайдалану менг қорғау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең дамыту үшін жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту мақсатында жер қатынастарын реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде болады. Осы Жарлықпен немесе оған қайшы келмейтін өзге де заң актілерімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер сол сияқты жеке меншікте болуы мүмкін.
Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ратінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай- ақ, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының табысталу және берілу тәртібін, солар арқылы осы құқықтарды беру жүргізілетін актілер мен шарттардың нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алуға жататын жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушы, сатып алу туралы шешім мемелекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, учаскені сатып алу туралы келісім жасалғанға дейін немесе сот шешім қабылдағанға дейін жер учаскесінде өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыра алады және жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті шығындарды жасайды. Бұл орайда меншік иесі немесеғ жер пайдаланушы жер учаскесінде жаңа құрылыстарға, үйлер мен ғимараттарды кеңейтуге немесе қайта жаңартуға байланысты шығындар мен ысырапты аталған кезеңге жатқызу жөнінде тәуекел жасайды.
Мемлекеттік қажеттілік үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алу учаскені алуды жүзеге асыратын құзіретті атқарушы органның бір жақты шешімі негізінде жүргізіледі.
Мұндай шешімге жоғары тұрған органға не сот тәртібімен шағымдануға болады. Шағым беру жер учаскесін алу жөніндегі шешімнің орындалуын кідірте тұрады.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың міндеттері – Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының Жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау, Жер қойнауын пайдаланушылар мудделерін қорғау, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында Операция жүргізуді реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауның, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тікелей қолданылады.
Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынуға тиісті жер учаскесі меншік иесі немесе жер пайдаланушы сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап, учаскенің бағасы туралы келісім жасалғанға немесе учаскені сатып алу туралы сот шешімі қабылданғанға дейін жер учаскесіне қатысты өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы және учаскені оның мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті шығын шығаруы мүмкін. Бұл рете меншік иесі немесе жер пайдаланушы аталған кезеңде жер учаскесіндегі жаңа құрылысқа, үйлерді кеңейтуге немесе қайта жаңғыртуға байланысты шығындар мен залалды өздеріне алуға тәуекел етеді.
Егер жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесінің бөлігі алып қойылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады. Бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексінде 86- бап бойынша « Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынуға тиісті жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының құқықтары»(3) бөлімінде жазылған.
Осы кодекстің 87-бабы байынша сатып алынатын жер учаскесінің бағасы:
1. «Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынатын жер учаскесіне төленетін баға, сатып алудың мерзімі мен басқа да жағдайлары меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен айқындалады.
2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын айқындау кезінде оған жер учаскесінің немесе оған құқықтардың, онда орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық құны, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өздері шеккен шығындарды қоса алғанда, жер учаскесінен айырылуына байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығын қосылады.
3. Меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен келісім бойынша мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынатын жер учаскесінің орнына осы жер учаскесінің немесе оған құқықтардың құнын бағаға шығарып есептей отырып, оған басқа жер учаскесі берілуі мүмкін. Мемлекеттік қажеттіктер үшін алынатын жер учаскесі немесе оған құқық мемлекеттен сатып алынуға тиісті болып, бірақ сатып алу жүргізілмеген жағдайларда, жер учаскесінің нарықтық құны бағаға қосылмайды, жер пайдаланушымен келісім бойынша оның орнына оған басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.» (3)
1.1. Жер ауданы және оның халық санының қатысы.
Құрама Штаттардағы жер көлемі жағынан аз емес. Жалпы ауданы 48 біріккен штаттардан (Альяска мен Гавайаны қоспағанда) 3 млн миль шаршы ………….