Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру

0

Мазмұны

Кіріспе.
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
5. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
6. Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:
— коммерциялық қызмет;
— жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
— күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
— көлікпен қамтамасыз ету;
— қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
— ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар — өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар — өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын — өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
VII. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
VIII. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
IX. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз:
— арнайы (идентификациялау) әдісі
— орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо)
— қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо)
Мысалға, тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырылып отырған «Энергия плюс» ЖШС 2003 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны:
— цемент – 200 тонна 60000 теңге шамасына;
— бензин – А-95 – 100 литр 45000 теңге шамасына.
Күні Цемент Бензин А-95
Кіріс шығыс кіріс шығыс
Саны тонна 1 литрдің бағасы тенге Саны тонна Саны литр 1 литрдің бағасы тенге Сомасы, теңге Саны, литр
Ай басына қалдық 20 3000 60000 100 45 4500
Кіріс/шығыс
02.01.03 10 3100 31000 15 50
05.01.03 2 3200 6400 300 46 13800
11.01.03 10 150
20.01.03 17 3400 57800 500 45 22500
25.01.03 12 300
27.01.03 19 3400 64600 100
28.01.03 100
29.01.03 200 47 9400 100
Кіріс/шығыс 48 — 159800 37 1000 — 45700 800
Барлық қалдық пен кіріс 68 — 219800 * 1100 — 50200 *
Ай соңындағы қалдық 31 * 300 *
Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.
Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:
Есептік кезең соңында есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар.
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:
Орташа құны = ∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын
Мұндағы:
∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;
∑алын – алынған материалдардың құны;
К алын – алынған материалдардың саны.
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады:
60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге
Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз.
4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге
Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге * (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге.
Қалдық құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500 + 45700 – 36504 = 13696 теңге.
Цемент
Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге
Кіріс
10 т * 3100 теңге = 31000 теңге 15 т * 3000 теңге = 45000 теңге
2 т * 3200 = 6400 теңге 10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000 теңге
5 т * 3100 = 15500 теңге

Жиыны – 30500 теңге
17 т * 3400 теңге = 57800 теңге 12 т – 5 т(10-5) * 3100 =15500 теңге
19 т * 3400 теңге = 64600 теңге 2 т * 3200 = 6400 теңге
5 т * 3400 = 17000 теңге
Жиыны
Кіріс жиынтығы 159800 теңге Шығыстың жиынтығы 114400 теңге
“Фифо” әдісі – босасқыларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді. Біздің мәлімет негізінде “Фифо” әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдың құны мынаны құрайды:
Ай соңында қалған қалдығы 31 тонна (17-5+19) * 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.
Бензин
Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылады.
Соңына қалдығы 30 литр (200 * 47 және 100 * 45)/200 * 47 = 9400 теңге; 100 * 45 = 4500 теңге;
Жиыны 13900 теңге.
Шығыстың құны: 4500 + 45700 – 13900 = 36300 теңге немесе 50 литр * 45 теңге = 2250 теңге;
150 литр * (50 литр * 45 теңге, 100 литр * 46 теңге )=6850 теңге
300 литр * (200 литр * 46 теңге , 100 литр * 45 теңге )= 13700теңге
100 литр * 450теңге = 4500 теңге
100 литр * 45 = 4500 теңге
100 литр * 45 = 4500 теңге
Шығыс жиынтығы: 36300 теңге
“Лифо” әдісі — қорларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құны бірінші бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.Менің мысалымда “Лифо” әдісінің көрсеткіштері мынандай болады:
Цемент
Б.қ. 20 тонна * 3000 бағасы = 31000 теңге 15 т * 3400 теңге = 51000 теңге
2 т * 32000 теңге = 64000 теңге
10 т * 3400 теңге = 34000 теңге
12 тонна = 40600 теңге
11 т * 3400 теңге = 37400 теңге
1 т * 3200 теңге = 3200 теңге
17 т * 3400 теңге =57800 теңге
19 т * 3400 теңге = 6400 теңге

Кіріс жиынтығы: 159800 теңге Шығыс жиынтығы: 125600 теңге
Соңғы қалдығы: 20 т * 3000 = теңге
31 тоннаның құны 94200 теңге 10 т * 3100 = теңге
1 т * 3200 = теңге
Бензин
Б. қ.: 100 * 45 = 13800 теңге 50 * 47 теңге = 2350теңге
500 * 45 теңге = 22500 теңге 150 * 47 теңге = 1050 теңге
300 * 45 теңге = 13500 теңге
100 * 45 теңге = 4500 теңге
100 * 45 теңге = 4500 теңге
100 * 46 теңге = 4600 теңге
200 * 47 теңге = 94500 теңге

Кіріс жиынтығы: 45700 теңге Шығыс жиынтығы: 36500 теңге

Соңғы жиынтығы: 300 литр құны 13700 теңге 200 * 46 теңге
100 * 45 теңге
Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Менің мысалымда цементтің шығысы мынадай болды делік:
Б.Қ-ң 15 тоннасы *300 теңгемен — 4500 02.01.02. күні келіп түскеннің 12 тоннасы * 3100 20.01.02 келіп түскеннің 12 тоннасы * 3400 — 40800
Шығыс жиыны
Цемент қалдығынан қалғаны:
Б.қ.-тан 5 * 3000 — 15000 теңге
2 * 3200 — 6400 теңге
20.10.02 келіп түскен 5 * 3400;(12-17) — 6400 теңге
19 * 3400 — 1700 теңге
Ай соңына қалған цементтің құны — 103000 теңге
Бензин бойынша:
Қалдықтан қалған 50 л * 45 теңгемен босатылған — 2250 теңге
05.01.02 күні түскеннен 150 * 46 — 6900 теңге
20.01.02 күні келіп түскеннен 300 * 45 — 13500 теңге
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45 — 4500 теңге
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45 — 4500 теңге
05.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 46 — 4600 теңге
Шығыс жиыны — 36250
Бензиннің қалдығынан қалғаны:
Б.қ.-тан қалғаны:
Б.қ. 50 * 45 — 2250 теңге
05.01.02 күні келіп түскеннен 50 *46 — 2300 теңге
29.01.02 күні келіп түскеннен 200 * 47 — 9400 теңге
Ай соңына қалған бензиннің құны — 13950 теңге
Енді сапасын бағалаудың тәсілдерін салыстыруға болады:…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!