Курстық жұмыс: География | География оқулықтары және олардың атқаратын қызметі

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………6
Негізгі бөлім:
I. География оқулықтары……………………………………………………………8
II. Оқулықты қолдану әдісі………………………………………………………..13
III. География оқулықтарының атқаратын қызметі…………………….17
Қорытынды……………………………………………………………………………..21
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………..22

I. География оқулықтары
Мектептегі география курсының мазмұнын оқушылардың ой-өрісін тәрбиесін арттыратын – ғылымның негізін салатын – ойлар, теориялар, фактілер ғылыми әдістер кіреді. Айта кетерлік нәрсе – мектеп географиясына таңдап алынған материалдар адам өмірен өте қажетті. Оқушылар алған білімін практикада қолдана білуі тиіс. Осы білімді игеруде іскерлік пен дағдыны қамту қажет.
Осындай көзқараста таңдалынып алынған білім, іскерлік пен дағды мектеп географиясының мазмұнын құрайды. Мектепті бітіруші «ғылымдар негізінің» орта мектептік білімін алады. Мектепте географияны оқытудың басты мақсаты – ғылыми негіздермен оқушыларды қаруландыру.
Жаңа ғылыми-техникалық революция кез-келген мамандықтар иесінің еңбектегі ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар ғылыми-техникалық революция кезіңінде ғылыми білімнің өсуі, география ғылымының да алға жылжуы байқалады. Осыған байланысты білім беру ісінде ойлау үрдісінің ролі өсіп келеді.
Мектепте оқушы өмір бойы қолдана алатын географиялық білім ала алмайды, ол география саласында оның қызығушылығын арттыратын танымдық әдістерді үйретеді. Ойлау қабілетінің дамуы географиялық білім алудың нәтижесі ғана емес, географиялық білімді географиялық облыстарда қолдана алу мүмкіндігі.
Курстың негізгі бағыты. «Жер – Күн жүйесінің планетасы», «План және карта» тарауы бойынша әлем кеңістігі жайлы мағлұматты бере отыртп, оқушыларға жалпы картографиялық тұсініктер мен заңдылықтар жүйесін игерту мақсаты қойылады. Оқулық мазмұнындағы географиялық

Ф – ОБ – 001/035
9
құбылыстардың өзара байланыстылығы мен әрекетттестілгі,күн мен түн, жыл мезгілдерінің ауысып келуі, жанартау,жер сілеіну. Табиғат кешендері жүйесі, т.б. білімдер оқушыларды географиялық мазмұнды игерге бағыттайды.
Географияны оқыту барысында тарихи, елтану, өлкетану, экологиялық мақсат-міндеттерге назар аудару керек.
Мектеп географиясы алдындағы келесі мәселенің бірі оқушының географиялық білім деңгейін қарапайымнан күрделіге қарай көтеру. Осы мақсатта олардың өз бетімен жұмыс істеу жолдарын қарастыру қажет.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты пайдалана білу әдісі – мектепте емес, сонымен қатар мектепті бітірген соң да керек. Оқу кезінде де және өздігімен білімін көтеру ісінде де оқулықтарды дұрыс қолдана білу талапкер жастарға көп көмегін тигізеді.
География оқулығы – оқушылардың білімі мен тәрбиесін жетілдіруде басты құралдардың бірі. Оқулық – географиядан берілетін білімнің бағдарлама талабына сай көлемін және жүйесін анықтайды, сондықтан ол мұғалімге және оқушыларға әрдайым оқып үйрену үшін қажет. Материалдың оқулықта қалай берілгеніне қарай оқушылар игеретін білім деңгейі де күрделене түседі.
Жақсы оқулық балалардың білімнің ойдағыдай меңгеруіне көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, пәнге ықыласын тудырады.
География оқулығының басты бір ерекшелігі, текстік құрам бөліктен (компоненттен) басқа карталар, суреттер, фотосуреттер, сызбанұсқа, кесте, профильдерден тұрады. Осындай құрам бөліктерді қосымша қолданған кезде ғана жұмыс табысты болмақ.
Қазіргі қолданылып жүрген география оқулықтарының тиімді әрі түсінікті болуы – олардың әдістемелік құрал-жабдықтарын түгелге жуық жаңартылды, әр түрлі тапсырмалардың көлемі өсті (білім негізін байыту,
Ф – ОБ – 001/035
10
оқылған материалды дәйектеу, өз бетінше білігі мен білімін қолдана білу т.б. негізделген). Сондай-ақ, оқу құралдарының бәрін бірдей пайдалану мүмкіндігі туды. Әрине, мұның бәрі оқушылардың аталмыш пәнді толық игерулеріне көп көмегін тигізеді. Жалпы мектептердегі жұмыс тәжірибесі көп мұғалімдедің география оқулықтарының функциясын толық игергенін және оларға сәйкес әдістемелік оқуды қолдануға ынталы екендіктрін көрсетеді. География оқулықтары сабақта жаңа тақырыпты өткенде көп жәрдемін тигізеді. Әсіресе, текстік карталы оқулықтар, санақ материалдары (қолдану кестелері, графиктер) жиі қолданылады. Оқулықтарда сабақ үстінде материалдарды сұрыптауға, оқушыларға қойылған сұрақтардың мәні мен түріне көп көңіл бөлінеді.
Бірақ іс жүзінде әлі де соңғы география оқулықтарындағы білім тәрбие мүмкіндіктері толығымен қолданылмайды. Кейбір мұғалімдер сабақта оқулықты қолдануда, оларды жаңа тақырыпты білуге пайдалануда, білімді бақылауда ондағы материалдарды жеткіліксіз білуінің салдарынан қиналады. Бұндай оқу үрдісі өте қауіпті, себебі, сыныпта балаларды әдейілеп кітаппен жұмыс істетпеуге әкеп соғады, берілген атериалды игеру қиындай түседі, сөйтіп білім және тәрбие сапасы төмендейді. Бірақ жұмыс басқа оқу құралдарсыз, керісінше, тек қана оқулықпен шектеледі. Мұғалім тапсырманың оқулыққа тікелей байланысты болуын және оқушылардан оқулықтағы тақырыпты дұрыс қабылдауларын қадағалайды. Осындай оқыту бағыты ұзақ мерзімге созылып кетсе, онда тиянақты оқып үйренуге мүмкіндік болмайды, себебі, оқушылардың пәнге ынтасы жойылады, олардың білімі үстірт болып шығады, ал ең басты жұмыс амалы – есте сақтау. Осындай бағыттарда оқушылар үй тапсырмасын оқулық арқылы қабылдау оқушының көп уақытын алады. География оқулығымен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде кейбір мұғалімдер рационалдық жұмысты таңдауға мән бермейді. Кейбір түсініктеме оқу қолданған кезде барлық
Ф – ОБ – 001/035
11
сыныптарда оқушылардың жас қабілеті ескерілмесе, орта және жоғары сыныптардағы оқушылардың сабаққа ықыласы төмендейтіні байқалады. Сондықтан 5, 7-сыныптарда сабақ өткенде (бұл әдіске оқушыларды бастауыш сыныптарда үйретсе де) оқушыларға тақырыптық жоспар құруды үйреткеніміз жөн.
Оқулықпен жұмыс әдісі. Оқулақпен жұмыс істеуді біз осы кезге дейін тақырыппен және тақырып құрам бөліктерімен жұмыс істеу деп түсініп келдік. Ал, география оқулығына мұндай көзқарас дұрыс емес. Географиялық тақырыптарды қосымша құралсыз, карталар, иллюстрациялық материалдар, статистикалық анықтамаларсыз түсіну қиынға түседі. Сондықтан география оқулығымен жұмыс істеген кезде оқулықтың әрбір құрам бөліктерін сонымен қатар бірнеше құрам бөліктердің бірге өтілуіне көңіл бөлінгені жөн.
Оқушылардың қабылдау ерекшелігі, олардың көрнекті — бейнелі ойлау қабілеті басым болуы оқулық материалдарын ойдағыдай меңгеруіне байланысты.
Оқулықтың әр түрлі құрам бөліктерімен жұмыс істеу – индуктивті пайда етеді және ол көбіне ереже, инструкция, жазлған жоспар бойынша ұсынылады.
5-сыныпта география сабағында оқушылар термин сөздіктермен танысады. Бұл – жұмыстың сабағында оқушылар термин сөздіктермен танысады. Бұл – жұмыстың жауапты кезеңі. Сондықтан 5-сынып деңгейіндегі жұмыстың бұл түрі аса маңызды. Терминдер сөздігіне аса көңіл бөлу керек, егер таныс емес, жаңа термин кездессе, сөздіктің көмегімен анықтап алуына болады.
5-сынып оқушылары бастауыш физикалық география курсын оқу үрдісінде география оқулығымен жұмыс істеу ерекшеліктерімен қатар

Ф – ОБ – 001/035
12
оның барлық құрам бөліктерін қолдану қажеттілігін географиялық карталармен байланысты біліп шығады.
Ф – ОБ – 001/035
13
II. Оқулықты қолдану әдісі
Оқулықты қолдану әдісі. География оқулықтарын комплекстік (кешендік) әдіспен оқытуға да болады. Олар негізгі білім беру көзі ретінде әрі сабақты басқа да оқыту түрінде пайдаланыла береді.
Оқулықпен жұмыс істеу ережелері төмендегідей:
— оқулықпен танысу (оның құрылымы және әдістемелік аппараты);
— белгілі пәннен және басқа пәндерден дайындық жүргізе отырып, тақырыпты қабылдау әдісі;
— этаптық оқу әдісі арқылы кітаппен жұмыс істей білу;
— оқулықтағы әр түрлі құрам бөліктерімен жұмысты үйрену әдісі;
— әрбіреуімен бөлек және үйлесімді жүгізу. Мысалы: нақтылы мектеп курсын және белгілі бір бағытта ұйымдастыру.
5-сыныпта оқушылар бірінші рет география оқулығымен, яғни пәннің арнаулы оқулығымен танысады. Сондықтан оқушыларға оқулықпен жұмыс істеу ерекшелігін жете үйрету өте маңызды. Н.А.Максимовты «Физикалық география туралы туралы әдістемелік құралында» (5-сынып) 5-сынып оқушыларын география оқулығымен таныстыру, келесі бетінде оқушылар оқулықты қалай пайдалану керектігі жөнінде нұсқау берілген. нұсқауда оқушыларды мынадай әдіспен оқытуға, үйретуге басты көңіл бөлінеді:
— тақырыпты талдау, ондағы басты мәселені көрсету;
— сұрақтармен және тапсырмалармен жұмыс істей білу;
— қосалқы анықтауыш пен (атап айтқанда, географиялық түсінік және термин сөздігімен) жұмыс;
— оқылықтың бірнеше құрам бөліктерімен және оқулықтағы тақырыпқа байланыст атлас картамен жұмыс:
Оқушылардың тақырыпты түсінуі төмендегі әдістерге байланысты:

Ф – ОБ – 001/035
14
— географиялық картамен міндетті түрде танысуы. 5-сынып оқушылары үшін өте маңызды.
Ол үшін алдымен, оқушыларды түсініктемедлік оқу арқылы таныстырған дұрыс. Бұл әдіс тақырып оқушылардың барлығына түсінікті болуын көздейді. Олар осы тақырыпта айтылар ойды жете түсінген болуы шарт. Егер кейбір түсініксіз ұғымдар болс…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!