Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Автопортре́т)
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2018/11/1541731415_image_b.jpg)
![Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Автопортре́т) казакша Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Автопортре́т) на казахском языке](http://www.zharar.com/uploads/posts/2016-04/1462025670_bbce8e00ea4c72055e266b918b87abcb.jpg)
Сөзінің салмағы — алтындай,
Ойының салмағы — қартыңдай.
Мінезі — Меккенің төріндей,
Мұң-шері — базардың нарқындай.
Ойының салмағы — қартыңдай.
Мінезі — Меккенің төріндей,
Мұң-шері — базардың нарқындай.
Көздері — көгілдір көктемдей,
Сезімі — жұпарын төккендей.
Қос қабақ қабарса маңдайда,
Қара нар қайғыдан шөккендей.
Жүрегі — жап-жасыл жұмақтай,
Жанары — сөнбейтін шырақтай.
Күлгені — күмістің сыңғыры,
Мүсіні- жараған құр аттай.
Жанына тең келмес ешбірі,
Тәні де тәнті еткен естіні.
Бейнетін жеңетін сабыры,
Бостан-бос өтпейтін бес күні.
Сөйлесе аузынан жыр ұшқан,
Мекені — мерейлі гүлстан.
Адамның барлығы — тамырлас,
Адалдың барлығы — туысқан.
Маңайы — мөлдір су, жасыл бақ,
Қолыңа қондырсаң — тосын бақ.
Әйелдей әуелгі перизат,
Адамды көрсеңдер асылзат —
Сол МЕНМІН!