Курстық жұмыс: Психология | Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2
І. Тарау. Жеке тұлға және қарым – қатынас
1.1.Қарым – қатынас туралы жалпы ұғым…………………………………………3-4
1.2.Қарым – қатынастың «топ», «ұжым» деген ұғымдарымен
тікелей байланысы………………………………………………………………………….. 5-11
1.3. Қарым – қатынас мәдениеті………………………………………………………12 -14
ІІ. Тарау. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым – қатынастың дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы қарым –
қатынастың қалыптасуы………………………………………………………………….15-17
2.2. Мектепке дейінгі балалардың қарым – қатынасының
ерекшеліктері……………………………………………………………………………………18-21
2.3. Жеткіншектер мен ересектер арасындағы қарым –
қатынастың дамып жетілуі…………………………………………………………….22-24
2.4. Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі арқылы балалар арасындағы қарым – қатынасты дамыту……………………………………………………25
Қорытынды………………………………………………………………………………………….26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….27
Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау — жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зертеудің міндеті: Баланың қарым-қатынас арқылы ақпарат алумен ғана шектелмеуі, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым екендігі, спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те, осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қырлары екендігі, өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте балалар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хатжүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түсуі, мәселен, мұның тікелей «бетпе-бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отыруы осы жұмыстың басты міндеті болып табыады.
Зерттеудің әдістері: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты
қарым – қатынастың дамуын зерттеуде психологияның әдістерін: әңгіме әдісін, анкеталық әдістерді қолдану.
Теориялық танылымы: Балалардың әртүрлі жас ерекшеліетеріне байланысты қарым-қатынастың тиімді үлгілерін табу.
Практикалық әдістері: Әртүрлі жастағы балалардың қарым-қатынасын бақылау және олардың дұрыс қарым-қатынас жасауын қамтамассыз ету.
І. Тарау. Жеке тұлға және қарым – қатынас .
1.1.Қарым – қатынас туралы жалпы ұғым.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу — қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, үйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жүртпен араласып, дұрыс қарым-катынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау — жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау — бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те — осының бәрі — қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хатжүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе-бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады
1.2.Қарым – қатынастың «топ», «ұжым» деген ұғымдарымен тікелей байланысы.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мұның бірі — нақты (реалды) топтар. Бұл — ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке тұсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, уйымдасқан, уйымдаспаган, жасанды, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі «шағын топ» деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа (оқу, еңбек, т.б.) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құралып, әрісі 30-40 адамнан аспауы тиіс,
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол коман-дасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойыл-майды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне карай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мұмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ — бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу — осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл — әр адамның жекелеген топтар-дың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекеше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдан қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі — ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол»,»бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу — ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды. Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір рөль атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың дейік, біраз уақыттан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы ұжымның қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады….