Тақпақ: Ұялы телефон

0

Тақпақ: Ұялы телефон казакша Тақпақ: Ұялы телефон на казахском языке

Қарасы бар әкемде,
Жаңасы бар тәтемде.
Аппағы бар анамда
Екеуі бар көкемде.

Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.

Сан алуан пішінде.
Ойындар бар ішінде.
Болады тіпті онымен
Суретке де түсуге.

Ғаламторды біледі,
Желіге де кіреді.
Кез келгеннің қолында,
Бір телефон жүреді.

Пайдасы көп не деген,
Мен де алып көрер ме ем.
Суретке де түсіріп,
Нөмірлерді терер ем.

Телефонның ұялы,
Көп дейді, анам, зияны.
Сондықтан ба, мені де
Ұстатпайды, тыяды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!