Түркістан облысының тұрғындары полигонның кесірінен балалары мүгедек болып туып жатқанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Полигоннен келген кесел! Түркістан облысында екі жыл бұрын пайдалануға берілген күл-қоқысқа арналған аумақ сол маңдағы жұрттың мазасын қашырып жатыр. Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекенінің тұрғындары түтінге тұншығып, мүңкіген иістен мезі болғандарын алға тартты. Тіпті, мүгедек болып туылған сәбилер де бар екен.

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл — Қарабұлақ ауылының іргесіндегі тұрмыстық заттар қалдығын тастайтын орын. Аумағы атшаптырым жерді алып жатыр. Айналасы пластикалық заттар мен күл-қоқысқа толып қалған. 

Сайрам ауданына қарасты 40 елді мекеннің тұрмыстық заттар қалдықтары міне осы полигонға жеткізіледі. Кем дегенде күніне 10 автокөлік күл қоқысты осында әкеп төгеді. Арнайы техниканың көмегімен оны ашықтан ашық сай салаға көміп жатыр.

Тұрғындардың ашуын туғызып отырған да осы мәселе. Өйткені, осы жерден тарайтын кейбір улы заттар біздің балаларымызды улап жатыр дейді.

«Балалардың барлығы ертең мүгедек болады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қызметке жарамай қалады. Сонда ертеңгі ұрпағымыз не болады», — деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Артық Қалжәлілов. 

«4 жыл ішінде мүгедектеріміз көбейіп жатыр. Денесіне жара шығып кеткенін көрсетті. Күні ертесіне оларға угроза жасап жатыр. Сен егер айтсаң үйіңді бұзамыз дейді», — дейді тұрғын. 

Полигон осыдан жеті жыл бұрын Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынған. Қазынадан 49миллион теңге жұмсалыпты. Әу баста жер көлемі 6.5 гектарға шақталып, кейін жаңа талапқа сәйкес, оның 4.5 гектары қысқартылған. Себебі, күл-қоқыс тастайын орын елді мекеннен кем дегенде бір шақырым қашықтықта болуы шарт екен. Сөйтіп, жергілікті билік әлгі жерді қайта жасақтауға тура келіпті. 

«Қазір, полигонның аумағы 2 гектар. 4.5 гектарды қысқартып, сол жерге 49 мың дана ағаш көшеті егілді. Ол жерде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары істелініп жатыр», — дейді Сайрам аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Сарыбеков. 

Алайда, әкімдіктің бұл сөзіне қара халық сенер емес. Шындықты айтып, шырылдағандарды түрлі айла амалмен қорқытып жатыр дейді. 

Дегенмен, бюджеттен қыруар қаражат жұмсап, арнайы жасалған орынды енді басқа жаққа көшіру мүмкін емес. Тек, айналасын абаттандырып, талапқа сәйкестендірсе болғаны дейді әкімдік қызметкерлері. Сондықтан, жергілікті жұртқа басқа салғанға көнгеннен басқа амалы жоқ.  

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz