Курстық жұмыс: Геология | Өзен кен орындарында терең барлау

0

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………………………………………………………….. 5
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер 6
1.2. Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы …………………………………………………………………………………..7
1.3 Стратиграфия…………………………………………………………………………….10
1.4 Тектоника 15
1.5 Мұнайгаздылық 16
1.6 Сулылық 21
1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері 22
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………….………………25

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік жағыыан кен орны территориясы Маңғыстау облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол кен орнынан оңтүстікке қарай 8-15 км — де орналасқан. Батысында 80 км — Жетібай қаласы, ал 150 км — Ақтау қаласы.
Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар,олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі — 132м «Қарагие» ойпаты.
Аудан рельефі өте күрделі қүрылысымен сипатталады. Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде күрт үзіледі.
Өзен ойпаты 500км2 ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.
Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының маусымдылығынан пайдаланылмайды. Аудан климаты күрт континенталды, шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық, құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымымен сипатталады. Жазда максималды температура +45 С-‘С, минималды температура қыста -30 еС.
Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз. Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен кектем-күз мезгіліне келеді.
Атмосфералық жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.
Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.
Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.
Кен орнында ендірілген мүнай Атырау қаласына және одан ары Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына, маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК) тасымалданады.
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы
Маңғыстауды зертеу өткен ғасырдың аяғында басталған. Маңғыстау мұнайының алғашқы белгілерін 1899-1901 жж. Таспассорлары мен құдықтарының ауданында А.А.Насибьянц тапқан.
Өзен көтерілуі 1937-1941 жж. С.Н.Алексейчик далалық геологиялық зерттеулер жүргізгенде анықталған.
1941-1945 жж. арасында Маңғыстауда геологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
1950 ж. ВНИГРИ Б.Ф.Дьяков, Н.Н.Черепанов және
Н.К.Трифоновтың жетекшідігімен Маңғыстауға ірі кешенді
геологиялық-геофизикалық экспедиция ұйымдастырды. Бұл
коллектив ауданды зерттеуге үлкен үлес қосты. 1951 ж.
«Казнефтеобъединение» бас геологы Н.А.Кадин Батыс Қазақстанның
геологиясы мен мұнайлылығы бойынша кең мәлімет берді, барлық
геологиялық материал талданды және Маңғыстаудың мұнайгаздылық
болашағы ерекше атап көрсетілді.
1951 ж. Казахстаннефтеразведка трестінің геологиялық-
іздестіру басқармасы (директоры К.Н.Тулин, бас геологы
А.П.Черняева) Маңғыстау түбегіне бұрғышылар партиясын
бағыттады, олар Түбіжік алаңында құрылымдық-іздестіру бұрғылау
жүргізе бастады.
1957-1961 жж. Маңғыстаудың өндірістік мүнайгаздылығы жөніндегі мәселелер шешілді. Бүл мақсатта ВНИГРИ мұнайды іздеу және барлауға үш аудан ұсынды. Қазан құрылымын бүрғылаудың нәтижесі болмады, Түбіжік алаңында мүнай кен орны анықталды, бірақ ондағы мұнай ауыр, шайырлы жәые барлауға тиімсіз болып шықты, ал Жетібай және Өзен құрылымдары аумағында мұнайгаз кен орындары анықталды. 1961 ж. желтоқсанның басында 1248-1261 м аралығындағы 1 скважинаны сынағанда 10 мм штуцерден тәуліктік шығымы 80 м3 фонтан алынды. Горизонттың өндірістік бағалануы 1962 ж. сәуірде 3 режимде сынаумен берілді. 1963 ж. наурыздың басында осы горизонттағы 2 және 22 скважиыалардан мұнай фонтандары атқылады.
Өзен кен орны өнеркәсіптік меңгеруді жеделдету мақсатында КСРО үкіметінің 1963 ж. 7 қыркүйектегі қаулысымен Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында «Мангышлакнефть» бірлестігі құрылды да, Өзен экспедициясы соның құрамына енді.
1965 ж. ВНИИ Өзен кен орнын игерудің Бас схемасын жасады және ол Миннефтепром комиссиясымен бекітілді. Онда мынадай жағдайлар қарастырылды:
• кен орнын игерудің басынан бастап қабат қысымы мен
температурасын көтеріп ұстау;
• 4 пайдалану обьектілерін бөліп алу: I обьект ХІП+ХІҮ
горизонттар; II обьект — ХҮ+ХҮІ горизонттар; III обьект — XVII
горизонт; 4 обьект — XVIII горизонт;
•негізгі пайдалану обьектілері (І-П) бойынша кен орнын айдау скважиналарымен 4 км блоктарға бөлу;
•барлық обьектілерді біруақытта жеке блоктармен игеруге қосу; •III обьектіні нұсқа сыртынан су айдау жүйесімен игеру; •IV обьектіні қабат қысымын көтерусіз, аралас режимде игеру.
Бірақ кен орнының су айдауға дайын еместігіне байланысты ХІП-ХҮІП горизонттар 2.5 жыл бойы ешбір әсер етусіз, табиғи серпінді су арынды режимде игерілді.
Өзен кен орнының барлық өнімді горизонттары бойынша әсер етудің қолданылудағы жүйесінің тиімсіздігінен скважиналар шығымы төмендей берді. 1971 ж. дейін су айдау көлемінің өсуіне қарамастан жылдық өндіру өсіміне тек өндіру скважиналары қорының артуы арқылы ғана қол жеткізілді.
Негізгі алаңдар мен горизонттар бұрғыланып біткеннен соң мұнай өндіру төмендеді және скважиналар өнімінің сулануы қарқындады. Мұнай өндірудің құлау коэффициенті 1976 ж.-5, 1977-1979 жж. 15.6…10%.
1974 ж. жасалған игеру жобасында келесі жағдайлар қарастырылды:
• әрбір горизонт жеке игеру объектісі болып табылады;
• өнімді горизонттар ені 2 км блоктарға айдау скважиналары
қатарларымен бөлінеді;
• жаңа скважиналар әрбір горизонтқа жеке бүрғыланады;
• ыстық су айдаудың жобалық көлемі ұлғайтылды жоне кен орнын
1979 ж. қарай толығымен ыстық суға көшіру ұйғарылды.
Соңғы шарттың орындалуы қосымша 49.3 млн.т. мұнай алуға мүмкіндік берер еді. Бірақ жоба орындалмады да, ыстық суға көшу толығымен 1983 ж. ғана аяқталды.
Өнімді горизонттардан мұнайды алу ерекшеліктері мұнайдың қорын игеру сипатының күрделі екенін көрсетті. Күрделі
жағдайдарда тек блоктық су айдау, жеткіліксіз болғандықтан кейін сатылық термалдық су айдау фигуралық су айдау сияқты технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар кен орнын игерудің тиімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады. Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың циклдік әдісі игерілген. Оның мағынасы өнімді қабатқа берілген көлемде бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процесінде қабаттың жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетін жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады.
1.3 Стратиграфия
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділері байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, ХШ-ХҮІП горизонтар — жоғарғы және орта юра — кен орнының негізгі мұнай -газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX — XXIV горизонттары мұнайгазды.
Пермь — триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.
Пермь — триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті қүмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті қүмтастармеы орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара жәые қарасүр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бүл шөгінділері жалпы қалыңдығы1500 ІбООм болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.
Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы ІЗООм.
Төменгі бөлім (І)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан түрады. Қүмтастар сүр және ақшыл сұр, көбіие ұсақ жәые орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролмттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды -кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді қүрылымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге үшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 — 130 м. Төменгі юра қимасында XXIV — XXV екі опімді гормзонт айқындалған.
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағыыан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байлапысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м аалеп, байос жәгіе бат ярустары айқындалады.
Аален ярусы негізінен мортсынғыш, қүмды галькалы жыныстардан қүралған және орта юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және қоңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте , сүр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас.
Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.
Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 — деы 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.
Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470м, және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен көріиеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!