Наурыз мерекесі Алматыда төрт күн бойы тойланады
Алматы қаласы биыл Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр. Ұлыстың ұлы күні саналатын ұлық мерекені ұлттық деңгейде тойлау үшін жан-жақты дайындықтар қызу жүріп жатыр. Төрт күнге созылатын мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерді, жәрмеңкелер мен фестивальдерді көріп, тамашалай алады
Наурыз мейрамына Алматыға әлемнің 6 елінен 170 қол өнер шебері келеді.
Көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі қолөнер шеберлерінің келуімен ерекшеленеді. Шеберлер көрмелер мен жәрмеңкелерге, шеберлік сабақтарына келушілерге өз өнерлерін таныстыратын болады.
Жаңа жылдың бас мерекесінің келуі ұлттық дәстүрдегі халық серуендерінен басталады, онда шетелден келген қолөнер шеберлері де болады: Түркиядан келген қолөнершілер әдемі ыдыс-аяқ пен шыны әшекей жасауды үйретсе, якут зергерлері асыл тастар туралы баяндайды, ал қырғыз шеберлері ерлерге ат әбзелдерін жасауды үйрететін болады. Бұған қоса, жәрмеңкеге келушілерді қышқа және жібек матаға өзбек нақышындағы ою-өрнек салуды, әйгілі түркмен кілемін тоқуды үйрету бойынша қызықты сабақтар күтеді және де олар жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнау мүмкіндігіне ие бола алады.
Алматы, Петропавл, Ақтау мен Түркістаннан келген шеберлер темірден, қыштан, киіз бен ағаштан жасалған өз бұйымдарын таныстырады. Ал жібектен, жүн мен барқыттан тігілген киімдер сәнқойлардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Қазақ дәстүрлеріне сәйкес, Наурыз мейрамын «Ұлыстың Ұлы күні» деп аталатын, ерекше ықласпен мерекелеу қажет. Наурыз отандастырымызға көпұлтты Қазақстанның мәдениеті туралы ата-бабамыздан қалған өсиетті еске түсіруге мүмкіндік береді. Бұл күндері қаланың символдарына айналған — алма мен қызғалдаққа ерекше көңіл бөлінеді
Мерекені ұйымдастырушылар жастарды да назардан тыс қалдырмады, «Жастар жылы» аясында перфоманстар, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері, сондай-ақ сүйікті әртістердің өнер көрсетулері жоспарланып отыр.
Наурыз мейрамына орай «МузАРТ» тобы негізгі мерекелік сахнада өнер көрсетеді. Сүйікті музыкалық топ 23 наурызда, кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында үлкен бағдарламасымен өз өнерін көрсетеді.
Ал 22 наурызда қала тұрғындарын мерекелік бағдарлама күтеді, онда Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова сынды әртістер, «Рензо», «Меломен», «Аянат», «Назар» сынды топтар өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, алматылықтарды Түркиядан, Әзірбайжан мен Қырғызстаннан келетін шетелдік музыкалық-би топтары құттықтайды. Шетелдік қонақтар бізбен мерекелік көңіл-күймен бөлісумен қатар, көктемнің келуімен ұштасатын шынайы түркі мерекесін мерекелеудің өздеріне тән дәстүрлерімен таныстырады.
Даршылар, моноциклистер мен Алтын адам — Наурыз мейрамын мерекелеуге шамамен 150 инсталляция мен ойын-сауық ұсынылатын болады.
Мереке қаланың барлық тұрғындары үшін — жастардан қарттарға дейін көптен күткен оқиғаға айналуы тиіс. Бұл үшін қала тұрғындары жастықтың, көктем мен қуаныштың мерекесіне қайтадан жиналуды қалайтын түрлі бағдарламалар әзірленді.
Фестиваль рухы ұлттық қазақ ою-өрнекпен безендірілген арнайы «сфера» — киіз үйлерге шоғырланады. Бірнеше киіз үйде шеберлік сабақтары өтеді: онда қалайтындарды қобыз, домбыра тәрізді ұлттық аспаптарда ойнауға, ұлттық бұйымдар мен ою-өрнек жасауға үйретеді.
Мерекелеу кезінде барлығы шамамен 150 ұлттық нақыштағы инсталляция орнатылады, олардың ішінде: Алтын адам туралы аңыз, Қазақ Хандығы билеушілері туралы тарих пен аңыз-дастандардың кейіпкерлері кездеседі. Әр инсталляция тек сәндік тұрғыда емес, сонымен қатар ақпараттық қызмет де атқаратын болады. Орнатылған ақпаратың экрандардан мереке өтетін орындар мен олардағы ойын-сауық бағдарламалары туралы білуге болады.
22 наурызда «Атакент» алдындағы алаңда қазақтың Жаңа жылына арналған NowRyz party фестивалі өтеді.
Дәстүрлі ойын-сауықпен қатар моноциклистердің әсірезаманауи шоуы өтеді. Көрермендер өздерінен бірнеше метр қашықтықта адамның мүмкіндіктерін және сәнді көліктік гаджеттер туралы стереотиптерін бұзатын жаңа акробатиканы көреді. Диджейлер күні бойы көшпенділер нақышындағы әуендерді ойнайды, дәстүрлі әуен мен үйлесімдерді заманауи – jazz, funky, rock пен fusion эксперименталды өңдеуде ұсынады.
Асық ату, арқан тарту, алтыбақан тебу тәрізді ұлттық спорт ойындары да өтеді.
Танымал Алматылық Тиін қала тұрғындары мен туристердің назарына қайта ілінетін болады. Мерекеге орай қаланың нышанына айналған Тиіннің басына ашық бояулы тақия киіліп, қолындағы жаңғақтың орнына қызғалдақ ұстатылады.
Бұған қоса, биылғы жылы өтетін күн мен түннің теңелу мерекесінде әркімнің-ақ қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуына болады. Баршаға дәстүрлі мерекелік тағамдар — көже мен бауырсақ таратылады.
Наурыз мерекесінде қала тұрғындарын дәмді көжемен тойдыруға Алматы қаласының пәтер иелері коперативтері де атсалысатын болды. Науқан мереке кезінде, яғни 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21-ші сәуірге дейін жалғасады. Жоспар бойынша барлығы 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады деп жоспарлануда.
Міндетті дәм татулардан өзге, қаланың жеті ірі аймағында халық серуендері өтеді. Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады, Алматының 40 мейрамханасы өздерінің үздік фирмалық тағамдарын ұсынатын көше бұрыштарын ұйымдастырады. Мейрамханалар арасында көпұлттық тағамдарды даярлауды кәсіп еткендер де болады.
Еске сала кетсек, халық серуендері қаланың 7 жерінде қатар өтеді. Олар: Астана алаңы, Панфилов пен Жібек жолы көшелері, «Атакент» көрме кешені, «Алматы Арена» мен «Халық Арена» спорт кешендері маңы, сондай-ақ, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені:
22,23 наурыз – Астана алаңы;
21-24 наурыз – Панфилов, Жібек жолы көшелері;
22 — наурыз «Нalyk Arena» Мұз айдыны кешені;
22 наурыз – «Алматы Арена» Мұз сарайы;
22 наурыз — «Атакент» ҚІЫО;
23 наурыз –«Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.
Abai.kz