Күйеу жігіті қайтыс болған қыз той күні сүйіктісінің қабіріне қалыңдық көйлегін киіп келді — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
АҚШ-та студент қыз той көйлегін киіп, үйлену тойы белгіленген күні қайтыс болған күйеу жігітінің қабіріне келді. Ол осылайша сүйіктісіне құрмет көрсеткісі келген.
Бұл туралы Chattanooga’s Times Free Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Теннеси штатында тұрған Мұхаммед Шарифи 19 ақпанда көз жұмған. 24 жастағы студент жараланып, кісі қолынан қаза тапқан екен.
Оның 22 жастағы қалыңдығы Сара Белуджи жігіті оқ жарақатын алған жігітінің жағдайын білу үшін бірінші болып ауруханаға жеткен. Алайда ол күйеу жігітін көріп үлгермеді. Дәрігерлер оған Шарифидің қайтыс болғанын естірткенде, ол есінен танып қалыпты.
«Мен ояған кезде: «Жоқ, бұл жай ғана түс. Біз екі аптадан кейін шаңырақ көтереміз. Оны кешке ғана көрген едім ғой», — деп ойладым», — дейді Сара.
Ғашықтар 10 наурызда үйленуі тиіс болған. Дәл осы күні Сара сүйіктісінің қабіріне той көйлегін киіп келді. Ол үйінен шығып бюара жатқанда анасы үстіне қазаны білдіретін жұқа қара матаны жапқан.
Белуджидің айтуынша, Шарифи жиі түсіне енеді екен. Жігіттің ата-анасы оның бұған дейін сүйіктісінің туған күніне сыйлық ретінде сатып алып қойған сағатын беріпті.
«Ол бұл жерде жоқ. Алайда мені таңғалдыруын жалғастыруда. Ол жер бетінде жоқ. Алайда әлі күнге дейін маған бүкіл әлемді сыйлауда», — дейді Белуджи көз жасын тыя алмай.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz