Қазақстанда көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда автокөлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихандық бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ақау жөнделгенге дейін уақытша тоқтатылды», — делінеді хабарламада.

Комитеттегілер қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

stan.kz