Қазақстандық әйел 17 жасында 73 жастағы шалға тұрмысқа шығып, 6 бала тапқан  — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Галина Новикова 17 жасында 73 жастағы қарияға тұрмысқа шыққан. Басында Бақтығали мырзаға көмектесіп жүрген Галина ол жанмен тұрыс құрамын деп ойламаған. Оның күйеуі 83 жаста қайтыс болған. Ал Галинаның қазіргі таңда 6 баласы бар. Олардың аттарын әкесі Бақтығали мырзаның өзі қойған. 

Қазақстандық әйел 17 жасында 73 жастағы шалға тұрмысқа шығып, 6 бала тапқан 

Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Галина қазақ тілін білмегенімен, балаларының барлығы дерлік қазақ тілінде таза сөйлейді. 

«Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Құдай барлық еркектерге менің марқұм күйеуімдікіндей денсаулық берсін. Мен сияқты бала туып, алға қарай қадам басудан қорықпасын деймін. Күйеуім мені жақсы көрді», — деген Галина Новикова өзінен 60 жас үлкен қариямен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

Жетімдер үйінде өскен Галина 17 жасқа келгенде жастар үйіне ауысқан. Болашақ жарымен сол жерде жүргенде танысқан. Жастар үйінде қызмет етіп жүрген Бақтығали мырза алғашқыда Галинаны үй қызметшісі ретінде қосымша жұмысқа алған. 

«Ол маған ақша төлеп тұратын болып келістік. Солай болды. Дұрыс тамақ та істей алмайтынмын. Өзі көмектесетін. Картопты былай турайсың деген сияқты айтып тұратын. Өзі маған бәрін үйретті. Жастар үйіне келіп тұрды, мейрам кезінде сыйлықтар бере бастады. Мен тек құрмет үшін деп ойладым. Соның аяғы осылай болды. Оған еш өкінбеймін. Қайта сол кісіні кездестіргенім үшін Құдайға рақмет айтамын. Қазір ол сияқты адамдар аз», — дейді Галина Новикова.

Бақтығали Мақаев Галинаға үйленген соң, 10 жылдан соң қайтыс болған. Ол кісінің бірінші әйелі мен ол некеден туған 9 баласы бар екен. 

«Бірінші әйелі өте керемет кісі. Есімі — Салима. Алғашқы некеден 9 баласы, 23 немересі, 16 шөбересі бар. Ішпейтін, шекпейтін. Балаларды жақсы көретін.  

Кез келген баланы өз перзентіндей көретін, ешқашан бөлмейтін. Маған ең ұнаған қасиеті сол», — дейді Галина. 

Әңгіме барысында Галина болашақта жақсы қарияны кездестіріп жатса, тұрмысқа шығуға қарсы емес екендігін айтты.

«Немеренің жөні бөлек, шал бәрібір керек», — деп қалжыңдайды бүгінде 30-ға келген келіншек. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz