«Ақша берсең, болады»: Шымкентте көпбалалы аналар бас көтеріп, жәрдемақы алу үшін құжаттарын рәсімдей алмай жүргенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Шымкентте көпбалалы аналар бас көтеріп, жергілікті шенеуніктердің 1 сәуірден бастап берілетін жәрдемақыны «Өрлеу» аталатын әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға арналған бағдарлама аясында жүзеге асырғалы отырғанын айтты. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу кезінде де біраз қиындыққа тап болыпты.

"Ақша берсең, болады": Шымкентте көпбалалы аналар бас көтеріп,  жәрдемақы алу үшін құжаттарын рәсімдей алмай жүргенін айтты

Бас көтерген көпбалалы аналар өздеріне берілуі тиіс жәрдемақыны «Өрлеу» аталатын әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға арналған бағдарламаға бағыттап жібермек, дейді. Олардың айтуынша, жергілікті билік әлеуметтік көмекті жырымдап тастамақ, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

«Біздің шымкенттіктер оны алды да «Өрлеуге» тығып тастады. «Өрлеу» деген бағдарлама арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алады екенбіз. Ол арқылы біреуі алады, біреуі алмайды. Екіншіден, неге барлық жерде дұрыс беріледі де, біз неге олай аламыз? Серікбаев кеше жауап беріпті. Қаласам ай сайын, қаласам үш ай сайын берем, қаласам 6 айда бір берем дейді. Неге өйтеді? Қалай бекітілді, солай бермей ме?» — дейді көпбалалы ана Карима Хайдарбекова.

Аналардың әрқайсы қазір құжаттарын өткізуге кіріскен. Алайда оның өзі әбден шырғалаңға салғанын айтады. Үй-күйсіз тіркеуге тұра алмай жүргендердің құжаттарын түгендеу үшін сондағы мамандар ақша сұрап ауыз ашады, дейді.

«2-3 мың теңгеге жасап беретінін айтады. Ол біз өзіміз өткізуіміз керек нәрсе. Неге ақша берсе құжаттар шығады да, өзіміз апарып өткізсек шықпай қалады? Өтірік алдап, «сіздікі болмайды» дейді. «Ақша берсең болады», — дейді. Демек ол болатын нәрсе ғой», — дейді Карима Хайдарбекова.

Бас көтерген аналарды көргеннен кейін тәртіп сақшылары да, жауаптылар да бірден жеткен. Ақыры мекемеге кіргізіп, жәрдемақының жайын түсіндірді.

«Әлеуметтік көмекті уақытылы беру үшін республикаға біз 10 миллиард өтініш бердік. Бүгін 10 млрд теңге ақшаны Шымкентке бөліп жатырмыз деп айтты. Сол ақшаны есептеп, 20 мың отбасыға санадық», — дейді әкімнің орынбасары.

Қала әкімінің орынбасары әлеуметтік көмекті «Өрлеу» бағдарламасымен шатастырмау керектігін айтты. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу кезінде қиындықтар болмайды деп сендірді. Сөйтіп, көпбалалы аналар әзірге әкімдік өкілдерінің уәдесіне сеніп тарқасты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz