Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері

0

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………3
І. Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
1.1. Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі ……………………………………………………9
1.2. Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері …………………………………………………12
ІІ. Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері
2.1. Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен қырғыз халықтарын зерттеуі ……………………..14
2.2. Ш.Уалихановтың Қытай жеріндегі зерттеулері ……………………………………..20
ІІІ. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармалары
3.1. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының орны ……………..24
3.2. Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының этнографиялық маңызы …………………..28
Қорытынды ………………………………………………………………………………………………30
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі………………………………….. 32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” [ 19 ,160 б] дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет” [ 20, 5б ] депШоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. Шоқан Уалихановтың замандастарының жазған шығармалары оның тұлғалық қасиеттерін айқындай түседі. Мұндай шығармалар ретінде қазақ әдебиетінде жарық көрген “Замандастар лебізі” атты мақалада Г.Н.Потаниннің, А.Н.Платниковтың, С.Я.Капустиннің, П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің айтқандары, Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар ой пікірлерден үзінділер келтірілген. Мұндай пікірлердің тағы бір көрінісі Қазақстан мұғалімдері “Шоқан туралы ойлар” атты мақалада айқындала түсті. Мұнда П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Г.Н.Потаниннің, С.Мұқановтың, Ф.М.Достаевскийдің пікірлерінен үзінділер келтіріледі. Осы кезде жарық көретін “Современник” жұрналында былай делінген болатын “Шоқан Уалихановтың қабілеттігі және жігерлігі сонша, Сібірде тұратын бұратана халықтар арасында бұрын соңды ондай адам болған емес” /19, 5 б]. Осылайша Шоқан Уалихановтың аса зеректігі мен қабілеттілік қасиеттері кейінгі кездегі қолдау ғана емес өзінің кезінде де бағалаған болатын.
Қазақ тілінде Шоқан жайлы алғаш материалдар 1870 жылдардан бастап жарық көрді. “Айқап” басылымының 1870 жылы 9 санында және 1872 жылғы 1 санында ол туралы құнды мақалалар жарияланды. Ұлы ғалымның дүниеге келгеніне 60 жыл толуы қарсаңында “Айқап” газетінің 1894 жылғы 18 санында берілген мақалада: “Шоқан Уалиханов ғалым, өнер иесі, халықтық ғадет – заңын біліп, даңғыл биік жолға шықса да өзінің туған жайынан жатырқамай әлі ұмытпады” делінген.
Шоқан Уалиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1804 жылы Орыс географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды шығыстанушы Н.И.Веселевский әзірлеген болатын. Оған Шоқан Уалихановтың неғұрлым ілгері шығармалары: қазақтың ХVІІІ ғ. өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің өмірі мен қызметіне арналған, сондай-ақ қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі баяндалған. «Абылай» деген мақаласы, қазақтың діни нанымдары мен әдет-ғұрпына арналған «Қырғыздардағы шаман дінінің қалдықтары» деген еңбегі, «Жоңғар очеркі» және ғалымның «Алтын шаһардың немесе 1858-1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты шығыс қалалары жайлы» деген көлемді туындысы және басқа еңбектері енгізілген.
Кеңес үкіметі кезіндегі көзқарастар: Ендігі кезекте кеңес үкіметі кезіндегі ғалымдардың Ш.Уалиханов жөніндегі зерттеулерде аса көп Ш.Уалихановтың шығармаларындағы тарихи, археологиялық және этнографиялық тұстарды зерттеуші ғалымдар аз болған емес. Жалпы Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеуде Ш.Уалихановтың шығармалары тың дерек болып табылады. Сондықтан Ә.Марғұлан секілді ғалымдар Ш.Уалихановтың еңбектеріне баға беріп талдайды да және оған сүйене отырып өз еңбектерін жазады да. Ә.Марғұлан авторлығымен “Шоқан Уалиханов – Орта Азия халықтарын зерттеуші” атты мақаласы жарық көрген болатын. Мұнда Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі, Қазақстан мен Орта Азияның тарихын және мәдениетін зерттеуші ретіндегі орны көрсетілген. Ғ.Уалихановтың “Тұңғыш қазақ этнографы” мақаласында Шоқанның қазақ, қырғыз, Шығыс Түркістан халықтарының тұрмыс салтын зерттеуі айтылады. Сонымен қатар бірнеше мақалаларда Шоқан Уалихановтың аттың ертұрмандарына, киім кешекке, сәулет ескерткіштері жөніндегі пікірлері мен көзқарастары айтылады.
1940 жылы Шоқан Уалихановтың өмірі мен творчестволық қызметін зерттеу жүргізіле бастады. А.Х.Айдарова 1945 жылы “Шоқан Уалиханов” атты көлемді кітап бастырып шығарды. Айдарованың құрастыруымен ғалымның мақалалары мен хаттары 1947 жылы орыс тілінде, 1949 жылы қазақ тілінде жарық көреді.
Шоқантанушы зерттеушілер Омбының, Томскінің, Ташкенттің, Москва мен Ленинградтың архив қорларын қарап шығып, едәуір мөлшерде деректі материалдар жинайды. Осы негізде 1958 жылы оның «Таңдамалы шығармалары» жинағы шығарылады, оған бұрын жарияланбаған еңбектері, атап айтқанда, 1856 жылы жазылған «Құлжа күнделігі» енгізіледі. Сонымен бір мезгілде Шоқан Уалиханов шығармалар жинағының бес томдық академиялық басылымы үшін оның қол жазбаларын, мақалаларының неғұрлым аяқталған нұсқаларын іріктеу жөніндегі жұмыс мықтап қолға алынды. Қазақ СССР Ғылым Академиясы тарих институтының Ә.Қ. Марғұлан бастаған ғылыми қызметкерлері зор жұмыс атқарды. Солардың күш салуы арқасында Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов еңбегінің академиялық басылымының бес томы жарыққа шықты. [9,6 б].
Ғалым шығармашылығының ғылыми тұрғыда байсалды сөз еткендер қатарына Ә.Марғұлан, З.Ахмедов, С.Зиманов, Н.Фитисов, Е.Бекмаханов, Е.Букетов, Ш.Сәтбаев, М.Елеусізова, И.Стрелкова, П.Косинка, А.Х.Айдарова, Д.И.Дулатова, С.Бақбергенов және басқа да қаламгерлер елеулі шығармалар жазды.
1985 жылы Шоқан Уалихановқа қатысты орысша-қазақша мазмұндалған екі мыңдай әдебиет қамтыған көрсеткіш жарық көрді. Ондағы материалдар екіге бөлінеді. Бірінші бөлімінде Шоқан Уалихановтың еңбектері, шығармаларының жеке басылымдары мақалалары мен хаттар көрсетілді. Жеке кітаптар мен газет жұрналдарда басылған еңбектері, фольклорлық және тарихи-этнографиялық зерттеулері мен хаттары жеке топтастырылып берілген. Көрсеткіштің екінші бөлімінде Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар жинақталған.
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі көзқарастар: Енді кезектегі Шоқан жөніндегі ізденушіліктің бір кезеңі тәуелсіздіктен кейінгі уақыт. Бұл уақытта С.Өтениязовтың Шоқанның өскен ортасымен оның туған туыстарымен, яғни Шорман би ұрпақтарының қазақ мәдениеті мен тарихында алатын орны нақты суреттелген “Шоқан өскен орта” атты кітабы, Шоқанның публицистік, гуманистік, ағартушылық, жазушылық қабілетіне ден қойылып жазылған. Валиханова Г.Ш. авторлығымен “Проблемы терии и истории казахской культуры в творчестве Ч.Ч.Валиханова” атты еңбек жарық көрді, мұнда Шоқан Уалихановтың қазақ халқына байланысты тарихи мәдени зерттеулеріне баға берілген болатын. И.Стеклованың “Валиханов” еңбегінде ғалымның өмірі мен қызметіне егжей-тегжей тоқталу байқалады. Дәл осындай үрдісте Б.Сқақовтың “Ұмытылмас есімдер” атты еңбегі жарық көрген болатын. Н.Қанафияұлының “Шоқан — әдебиетші публицист” атты еңбегінде ғалымның ауыз әдебиетіне аса мол көңіл аударғанына мән берілді.
Шоқан Уалиханов еңбектеріне шетелдіктердің көзқарасы: Ш.Уалихановтың Орта Азия мен Шығыс Түркістан тарихын зерттеу ісіне сіңірген еңбегін дүниежүзілік ғылым таныған. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде жарияланған. Ш.Уалихановтың қауіпті Қашқария сапарынан алып қайтқан тың деректері 1860-1861 жылдары орыс, неміс баспасөздерінде жариялануы, “Жоңғар очеркінің” және Қытайдың батыс провинциясы жөніндегі шығармаларының 1865 жылы ағылшын тілінде Лондонда басып шығуы Шоқан есімінің кең таралуына септігін тигізді.
Француздың жаханды шарлаған жихангез географы, Франциядағы 1848 жылғы революцияға қатысқан Элизо Реклю “жар және адам” деген он тоғыз томдық күрделі еңбегінде Шоқанның атын П.П.Семеновпен қатар қояды. Реклю еңбегінің жетінші томында “Қытайлық Түркістан” деген үлкен тарауында Шоқанның материалдарын мол пайдаланылған.
Шоқан үшін Айғанымның қара шаңырағы мен Шыңғыс үйінен кейін алтын ұя болған поляк офицері Козмиревич Гутковскийдің үйі болатын. Өз үйінің адамы болып кеткен Шоқанның мезгілсіз қаза болуы Гутковский үйінің де қатты қайғысы болды. Сондықтан да К.К.Гутковский Омбыда, Сырымбетте, Баянауылда және Алтын кемелде болып, Шоқанның қолға түскен қағаздарын Петербургке алып кетіп, дереу қазақ ғалымының толық жинағын жарыққа шығаруға кірісті. Бірақ 1867 жылы Гутковскийдің кенеттен қайтыс болуына байланысты бұл іс аяқсыз қалады. Оның қызы Катрина Гутковская Шоқан Уалихановқа тиісті әкесі жинақтаған және өзіндегі барлық жазбаларды сақтайды. Қаншалықты қиындықтар басынан өтсе де Шоқан шығармаларын көз қарашығындай сақтап, 1920 жылы оларды Академия архивіне әкеліп тапсырады. Сол күннен бастап Ленинградтағы КСРО ғылым академиясы архивінде әйгілі қор – “Шоқан Уалиханов қоры” пайда болды [19, 18-19 б]. Осы бір тамаша кісінің арқасында Шоқанның аса құнды ғылыми мұрасы біздің заманымызға жеткізілді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Шоқан Уалихановтың этнографиялық шығармаларының және басқа зерттеулеріне сүйене отырып бұл зерттеулердің тарихи маңыздылығы мен деректік мәнін анықтау басты мақсат болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылған:
— Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметін көрсету;
— Ш.Уалихановтың ғылыми жолға түсу барысын анықтау,
— Ш.Уалихановтың Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихын анықтаудағы орнын көрсету;
— Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріне тоқталу;
— Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармаларының маңыздылығын көрсету.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс жазылу барысында тақырыпты жан-жақты қарастыру мақсатында және жұмыстың ғылымилығын жоғарылатуда үш бөлімге бөлініп қарастырылған.
Кіріспе бөлімінде жұмыс жөніндегі мәліметтер айқындалып, жұмыстың өзектілігі, зерттелу дәрежесі, хронологиясы, географиялық еңбегі сынды тақырыптарымен жазылған.
Негізгі бөлімінде жұмыстың негізгі мәтіні айтылған болатын және бірнеше тараулар негізінде жазылған.
Бірінші тарауда Ш.Уалихановтың ғалым ретіндегі тарихи орны көрсетілген, мұнда Ш.Уалихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі, Ш.Уалихановтың Орта Азия мен Қазақстан тарихына тоқталуы мен зерттеулеріне талдау жасалған.
Екінші тарауда Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері қарастырылған, мұнда Ш.Уалихановтың Қазақстан мен Орта Азияға байланысты зерттеулері мен Шығыс Түркістан яғни Қытай жерлеріндегі этнографиялық зерттеулер көрсетілген және Азия халықтарының тұрмысы, салт-дәстүрі, киім-кешегі, мәдениеті, ауыз әдебиетінің ерекшеліктеріне байланысты зерттреулерге талдау жасалынған. Үшінші тарауда Ш.Уалихановтың бейнелеу өнеріндегі шығармалары қарастырылған, мұнда архитектуралық және суретшілік өнеріне баға беріліп, мұның маңыздылығына талдау жасалынған.
Қорытынды бөлімінде Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріне талдау жасалып, жұмысқа жалпы қорытынды түйін жасалынған.
Хронологиясы: Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулеріндегі хронологиялық шеңберді анықтайтын болсақ Шоқан уалиханов 1835 жылы туылғаны белгілі, өзінің балалық дәуренін Құсмұрын мен Сырымбетте өткізген. Шоқан осында ең алғашқы халық ауыз әдебиетіне, халық мәдениетінің ерекшеліктеріне көңіл бөледі, ал 1847 жылдан бастап Ш.Уалиханов ғылыми дүниені жетік біле бастап оған ден қоюды бастайды. 1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысады. Орталық Қазақстан, Жетісуды және Тарбағатайды аралайды. 1856-1857 жылдары Шоқан Құлжа қаласына және Алатау қырғыздары мекендейтін жерлерге саяхат жасайды. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөленген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. Міне осы үш саяхат шеңберінде Шоқан Уалихановтың аса құнды әрі аса бай мақалалары мен шығармалары жарық көреді. Алайда Ш.Уалиханов өзінің ғылыми зерттеулерін 1865 жылға дейін жалғастырған.
Географиялық шеңбері: Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулерінің географиялық шеңбері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мекен еткен территория аясында болып табылады. Ш.Уалихановтың еңбектерінде ұйғырлар, қырғыздар, қарақалпақтар, қоқандықтар, дүнгендер, қытайлар жөніндегі этнографиялық мәліметтер мол. Сондықтан Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері де осы халықтар мекен еткен жерлер болып табылады.
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны.
1.1. Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.
Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған, әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі айғаным үлкен әсер еткен.
Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық поэзиясына да құмартады. Ол «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Еркөкше» халық дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық танытқан. Н.М.Ядринцевтің айтуынша «Шоқан ақын жанды … алам еді. Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге рахаттанып, мәз болып отыратын» [25, 20 б] дейді.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен танысады. Ол Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский, ұстаздары Н.Ф.Костылецкиймен достық қатынастарын орнатады. Шоқан Уалиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап оқып үлгереді. С.Ф.Дуров, П.П.Семеов-Тяншанский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев Уалихановтың көп білетіндігін, әсіресе шығыс әдебиетінен көп мағлұматы бар екенін жоғары бағалаған.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты әскердің корнеті деген офицерлік атақ алып шығады.
Ресми жағынан Сібірдің казак әскерінің алтыншы әскер полькінің офицері болып тағайындалғанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында қалдырылады да, бір жыл өткеннен соң Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің бас басқармасы бойынша Шоқан Уалихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктеледі.
1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздардан бұғы, сарыбағыш және солту руларының Россияға бейбіт жолмен қосылуы туралы мәселені…………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!