Дипломдық жұмыс: Қаржы | ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

0

Мазмұны

КIРIСПЕ………………………………………………………………………………………………5

I БӨЛIМ. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ……………………………….8
1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің құрылуы……………………………………………………………………………………….8
1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру әдістері……………………………………………………………….10
1.3. Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат………………………………………………………………………………………….13
1.4. Шаруашылық субъектісінің қаржы көздерінің ұтымды басқару жүйесі…………………………………………………………………………………………17

II БӨЛIМ. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………….25
2.1 Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiн талдау………………………………………………………………………………………..25
2.2 Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды тиiмдi пайдалануды талдау…………………………………….33
2.3 Шаруашылық субъектісінің маржинкалды табысты талдау………………………………………………………………………………………..48

III БӨЛIМ. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙIН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ……………………62
3.1 “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттерін және табыстылық де гейiн жоғарылатудың мәселелерi мен перспективалары……………………….62
3.2 “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттік саясатын және табыстылық деңгейiн жоғарылату жолдары……………………………………………………63

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………….66
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].
Өндiрiстiк өткiзу жабдықтау және қаржылық қызмет салаларынан кәсiпорындардың қаржы нәтижелерi туралы көрсеткiштер жүйесi аяқталған ақшалай бағалауға ие болып отыр. Қаржы нәтижелерiнiң аса маңызды көрсеткiштерi қаржы нәтижелерi туралы есепте айқын берiледi.
Қаржы нәтижелерi көрсеткiштерi кәсiпорын шаруашылығының абсолюттi тиiмдiлiгiн көрсетедi. Белгiлi уақыт мезетiндегi ағымдағы қаржы нәтижелерiн көрсетудiң маңызды формасы кәсiпорын табысы болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң N5 стандартына сәйкес “Табыс – бұл активтердiң көбеюi немесе мiндеттемелердiң азаюы”.
Бүкiл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәлiметтер қаржылық есептiң маңызды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Қазақстандық есеп стандарттары бойынша бұл мәлiметтер “Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiнде” қамтылған. Табыстылықтың өзiн-өзi қаржыландыру, ұдайы өндiру, еңбек ұжымдарының әлеуметтiк мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Табыстың есебiнен банк, бюджет, басқа субъектiлер алдындағы мiндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық көрсеткiштерi кәсiпорынның өндiрiстiк қаржы қызметтерiн бағалаудағы аса маңызды көрсеткiш болып табылады. Ол оның iскерлiк белсендiлiгiнiң және қаржы тұрақтылығының дәрежесiн сипаттайды. Табыстылық көрсеткiштерi арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейi және кәсiпорын активтерiне салымдардың тиiмдiлiгi анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты — “Оңтүстiк Құс” Ашық Акционерлiк Қоғамының қаржы нәтижелерiн талдау.
Дипломдық жұмыста қаржылық тұрақтылықтың өзектi мәселелерi қарастырылған.
Шымкент құс фабрикасы Шымкент қаласы және жақын аудандардын құс және құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында 1963 жылы құрылған.
Оңтүстiк Құс Ашық Акционерлiк Қоғам Шымкент қаласын және облыс көлемiн құспен және құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында, “XXI- партсъезд” атындағы совхоздың құс фермасы негiзiнде құрылған.
Ол Шымкент қаласының солтүстiк-батысындағы 12 шақырымында орналасқан. Бастапқы құрылысы 80 мың бас құс; аналық бастар цехы 10 құсханадан (жерде ұсталынатын), жас балапандар цехы 5 құсханадан құрылған ал, балапан ашып шығаратын инкубация цехы 1962 жылдың наурызында iске қосылды.
Екiншi кезектегi құрылысын: 12 құсханадан тұратын өндiрiс, 11 құсханадан тұратын жас балапандар цехы және қосымша цехтар (жұмыртқа қоймасы, құс сою цехы, жем қоймасы) 1967 жылы салынып бiттi. Жылдық өндiрiсiнiң көлемi 50 мың дана жұмыртқа өндiруге есептелiнген, құрылыс жұмыс күшi 250 мың бас орташа мекиен құс басын құрады.
1978 жылдан бастап бiрнеше жылдан берi фабрикада қайта құру жұмыстары iске асырылып жатыр. Құсханалар қайтадан құрылып, кеңейтiлуде және құс бастарын көбейту мақсатында инкубатор цехында жем қоймасындағы жабдықтар қазiргi заман талабына сай жабдықтар мен ауыстырылып жатыр.
1980 жылдан бастап бiрнеше жылдар аралығында фабрикада көптеген өндiрiс объектiлерi жөндеуден өттi. Жаңадан жылыту цехы, витаминдiк шөп ұнтағын шығаратын цех, ет-сүйек ұнтағын және жұмыртқа ұнтағын шығаратан цехтар салынып, iске қосылды.
Табиғи газбен жұмыс iстейтiн жылыту қазаны құрылып, iске қосылды. Лаборатория жаңа жабдықтармен жарақтандырылған. Сонымен бiрге жұмыртқа салатын қорап жасау цехы, жұмыртқа ұнтағын дайындау цехы, витаминдi шөп ұнтағын дайындау және ет-сүйек ұнтағын дайындау цехтары да осындай жабдықтар мен жабдықталған. Фабрикада тұрғын үйлер қажеттi газбен, су, электр жарығымен қамтамасыз етiлген.
Құсханалар құрылды және кеңейтiлдi, құстарды өсiру және ұстау технологиясы тереңдетiлдi. Сонымен қатар, әлеуметтiк-мәдени-тұрмыс объектiлерi де шетте қалған жоқ-ол 350-ден аса пәтер, “Птицевод” мәдениет сарайы, медициналық стационар, монша-сауна, шаштараз, сауда орны, асханамен бiрге нан жабу цехы, мұсылмандар мешiтi және христиандар шiркеуi ашылды.
1990 жылдан бастап, құс шаруашылығына қажеттi ең жаңа заманға сай техника мен технологиялық жабдықтарға қол жеткiзумен қатар әлемге әйгiлi Еуропа және Америка шет ел фирмалармен серiктестiк тығыз қарым қатынас орнақты. Көне жыбдықтардың орнына: 6 құсханаға Германиядағы “Меллер” фирмасының жаңа заманға сай автоматтандырылған жабдықтары Бельгияның “Петерсим” фирмасының инкубаторы құрылып және Исландияның “SILFUTUN” фирмасының жабдықтармен жаңартылған жұмыртқа салатын қорап жасау өндiрiс бойынша қазiргi цехтар жұмыс жасауда. Сонымен бiрге Голландияның “Мейн” фирмасынан шұжық жасау цехының жабдықтары мен осы фирманың тез мұздататын агрегат тоңазытқыштары бар.
АҚШ, Ресей, Үндi өндiрiстерiнiң жем құрамын жылдам, тез арада анықтайтын жабдықтары және АҚШ-тың “Элиза-тест” өндiрiсi сияқты таптырмайтын ерекше жабдықтармен ветеринарлық және зоотехникалық зерханалары қамтамасыз етiлген.

I БӨЛIМ. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің құрылуы

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шарушылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуымен, өндірістік-шарушылық қызметін қаржыландыруға шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралың заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктерінің мынадый нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестік;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам;
Толық серіктестіктің пайдалы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді, сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республмкасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттары тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым (тұлға) акционерлік қоғам деп танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандағы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды тартумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акцичлар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), лоардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді. Акционерлеу механизмі «Қаржы рыногің тарауында неғұрлым тоық жазылған.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады.Бұл секторға кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар.Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар – республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.
Еншілес кәсіпорын- өз мүлкінің есебінен басқа мемлекетік кәсіпорын құрған заңды тұлға.
Экономикалық кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының біріболып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
«Өндірістік кооператив туралың заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік еооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады.
Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері- ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түрі болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.
Корпорация қорларының, яғни ақша қорларының пайда болуы шаруашылық субъектісі пайда болғаннан бастап іске асады. Осыған сәйкес кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын қалыптастырады.
Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі.
Корпорация қорларының қайнар көзінің біріне қосымша капиталдар кіреді. Бұл қор негізгі қорларды қайта бағалау
Нәтижесінде мүліктің құнының өсуінің есебінен, эмиссиялық кіріс /акцияның номиналды бағасынан сату бағасының жоғарылауы/ және тағы басқалар есебінен құрылады.
Корпорация қорлары жалпы ішкі және сыртқы көздерден құрылуы мүмкін. Корпорация қорларының ішкі көздерден құрылуы корпорация түсіміне, яғни пайдасына байланысты болады. Ал түсім корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде пайда болады:
— өндірілген өнімді өткізуден түскен кіріс;
— қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындаудан түскен кірістер;
— мүліктерді қолданудан түскен кірістер;
Бұл кірістер корпорацияның есеп айырысу шотында көрсетіледі. Түсім бұл ең алдымен өндірістегі шығындарды жабудың қайнар көзі болып табылады. Түсімнің пайдадан айырмашылығы ол салық және басқа да шығындарды шегермеген кездегі жалпы пайда. Ал пайда корпорацияның шаруашылық қызметінің соңғы мақсаты және нәтижесі болып табылады.
Пайдадан барлық салықтар ұсталынған соң, ол корпорацияның өзінің игілігіне жұмсалады. Пайдадан резервтік капитал және тағы басқа резервтер мен тұтыну және жинақ қорлары қалыптасады.
Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты құрылған ақша қорлары. Бұл кәсіпорын банкроттық жағдайға душар болса, немесе төтенше жағдайлар және т.б. жағдайларға арналған капитал. Корпорацияда резервтік капиталдың болуы корпорация қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтудың маңызды шарты болып табылады.
Жинақ қоры — өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары. Бұл қорларды пайдалану кәсіпорын даму саясатымен тікелей байланысты.
Тұтыну қоры — әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары.
Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты үшін өнімдерді экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда қалыптасады.
Осындай жоғарыда аталған қорлардың нәтижесінде корпорацияның даму саясаты қалыптасады.

1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру әдістері
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде ғана қарастырып қоймайды,сонымен бiрге мақсатты ақша қорлары түрiндегi олардың материалдық iске асуын баса көрсетедi.Бұл қорлар қаржы қатынастарының…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!