Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ____________________________________________________ 4-5
І Тарау. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері____ 6-22
ІІ.Тарау. Коммерциялық банктердің қызметін құқықтық реттеу
ІІ.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастырушы принциптері_____________________________________23-36
ІІ.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі________________36-51
Қорытынды ________________________________________________52-53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_______________________________54-55
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.
Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.
Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік бсқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдачстыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай банктік ортадаңы жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру жатады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді тәуекелге барғызбау шарт.
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттік қаржылық тұрақсыздық қателеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайту керек. Қаржылық бақылау агенттігі нің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет.
Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс.
Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуелділіктің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуы тиіс. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы.
Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30 наурыздағы ұлттық Банк туралы заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму қарқыны жағынан бірінші орында тұр.
І ТАРАУ. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық жағдайы.
І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметтін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көп деген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық өнімдерінің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәскелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бірн қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтық қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиентерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетуімен байланысты несіиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларын барлық түрлерімен айналысады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі – базалық қызметті. Бұл банкттің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%- ын құрайды. Басқа кәсіп орындар мен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталын төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалды ретінде басқа кәсіп орындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қәуіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіп орындардың материалдық обьектілерде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіп орындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасына өз міндеттерінжүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операиялардыдамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрлымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін Респуликамызда депозиттер басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелер алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшерімен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қйылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінң өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойыншанесиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық- обылыстық кеңселер бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пасивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептергет байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірбиесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдарының үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады.
— банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
— депозиттік операциялар әрекет ету керек;
— банк балансының оперативтік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
— банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік перациялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
— депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірбиеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарыесептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олар әр-түрлі формаларда — қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азаяды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттардың иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, есеп айырыусылар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағындағы шоттарын қаражатарды үнемі алып және оны бірнеше күнен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сиппатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебіенен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорентік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасынла айырмашылықтар бар. Дипозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болу мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай ол белгілі бір уақытта несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірбиде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансокациялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өнімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерде көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тиым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу ұсынады, ол бір жағынан өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айыру үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуға қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануға мүмкін есеп айырысу тратысы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу траталарын беруге болатын депозиттік шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етіледі.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айда жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табу мен қандайда бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ол осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3-айға дейін, 3 айдан 6-айға дейін, 6 айдан 12-айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланыста сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көпнесе тәжірбиеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозитердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнытты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқада коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, силыққа, жастарға мақсатты т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулары мен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан кемемес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады.Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін
Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 25000 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражат тартылған немесе жай міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды , банктік облигацияларды эмиссиялау және т. б жатады.
Банкаралық нарықта депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен қарыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала отьырып, қарыз алушы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты. Қарыз алушының бағалы қағаздарды қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің өтімділігінреттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдырудың өте икемді және ыңғайлы тәсілі.
Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің респуликаның банктік тәжірбиесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60%-ін Ұлттық орталықтанған несиелерінің есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көздеріне айналды.
Депозиттік емес поссивтерге банктік облигациялары мен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл облигациялардың мәні….