атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Григориан күнтізбесі бойынша 72-ші күн, жыл соңына дейін 293 күн бар
13 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
13 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Таиланд пілі күні. Көптеген халықтың тарихы мен мәдениетінде пілдер маңызды рөл ойнайды және бейресми түрде табиғат қорғау ұйымдарының бастамасымен жылдың бірнеше күні осы жануарларға арналған. Таиландта әсіресе пілдердің орны ерекше, сондықтан 13 наурыз ұлттық маңыздағы мейрам ретінде аталып өтеді. Ақ піл – елдің нышаны, Таиланд халқы бұл жануарға аса құрметпен қарайды. Көктемде Пхукет пен Паттайяға демалуға барған туристер мерекеге орай ұйымдастырылатын іс-шараларды өз көзімен көре алады. Бұл күні пілдерге құрмет көрсетіп, оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеу үшін адамдар ғибадатханаға ағылады.
Сондай-ақ бүгін Диета күні. Бұл күні көптен бері диета ұстамасаңыз да, бір күн болса да дұрыс тамақтансаңыз денсаулығыңызға пайдасы болмаса, зиян келтірмесі анық. Сондықтан бүгін сүйікті диеталық тағамыңызды дайындап, мерекені жақсы атап өтіңіз.
13 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1869 жылы химик Дмитрий Менделеев химиялық элементтер кестесін аяқтады;
1894 жылы Парижде түнгі клубта әлемдегі алғашқы кәсіби стриптиз көрсетілді;
1916 жылы Манитоба «құрғақ заңды» қабылдаған алғашқы канадалық аймақ болды;
1921 жылы Моңғолия Қытайдан тәуелсіз екенін жария етті;
1925 жылы Теннесси штаты эволюцияны оқытуға тыйым салды.
13 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1920 жылы Сәкен Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» атты пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы шыққан көтерілісшілердің ерлікке толы күресін бейнелейтін қазақтың кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма;
1981 жылы Жамбыл облысындағы Кенен ауылында халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды;
1992 жылы Қазақстан мен Ливия арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды;
13 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1913 жылы кеңес және орыс ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, КСРО және Ресей Федерациясы әнұрандары мәтінінің авторы Сергей Михалков дүниеге келді;
1910 жылы кеңес және орыс цирк әртісі, арыстандарды жаттықтырушы, қоғам қайраткері, КСРО-дағы алғашқы әйел жаттықтырушы, КСРО Халық әртісі Ирина Бугримова дүниеге келді;
1961 жылы кеңес және орыс дәрігері, педагог, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева дүниеге келді;
1955 жылы америкалық актриса, «Эмми» сыйлығының екі мәрте үміткері Гленн Хедли дүниеге келді.
13 наурызда Қазақстанда кім туды
1913 жылы композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаев дүниеге келді;
1982 жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин дүниеге келді;
1991 жылы қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данияр Елеусінов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін жұмыс көп болып, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл күні жаңа істерді бастамай-ақ қойғаныңыз жөн. Әр адам мен әрбір оқиғадан жақсылықты көруге тырысыңыз.
sputniknews.kz