Әсет Ирғалиев Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

0

ҚР Үкіметінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-Министрдің өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.

Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz