Таласқа түскен ақтөбелік қыз: 5 жасар қыз баққан анасын да, туған анасын да қимайды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Көптен күткен кездесу! Ақтөбеде туған қызын бейтаныс күтушіге тастап кеткен келіншек ақыры 4 жылдан соң бауыр еті баласын іздеп келді. Ана мен баланың кездесуі қалай өтті? Қамқоршылық орган тағдыры таласқа түскен қызды кімге бермекші? Ал бүлдіршіннің жүрегі нені қалайды?

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Биылғы наурыз Әсемгүл үшін ерекше болды. Ол ес білгелі тұңғыш рет туған анасын көрді. Кішкентай қыз содан бері өзіне қымбат жанмен әрбір кездесуді асыға күтеді екен. Қызы мен анасының жүздескен сәтін көргенде балалар орталығындар да көздеріне жас алыпты. 

«Бұрынғы кіндік мама дейді ғой, баққан мамасына барасың ба десем, оны да жақсы көрем, бірақ, өзімнің туған анама барам дейді. Інімді таныдым, інімді жақсы көріп қалдым, маған ұқсайды екен деп айтып жатыр. Қыз бала мықты қуанып жүр. Өзі жаңағы інім бар екен, мен анамды сағындым, анама барам, күн санап, сағат санап күтуде», — дейді педагог-психолог Анаргүл Басығарина. 

Анаргүл Басығарина анасымен жүздескенге дейін Әсемгүл тек Марианнаны аузынан тастамайтын болса, қазір екеуін де жақсы көретінін, алайда, өзінің туған анасымен қалғысы келетінін айтады дейді. Осы уақыт ішінде баланы тәрбиелеп, бағып-қаққан Марианна Фотеску қызға бауыр басып қалғанын жасырмады. Ол туған анасынан бүлдіршінді өзіне қалдыруын сұрапты. 

«Үйге алып кете алмай жатырмын. Заң бойынша, бермейтін болса, соған көнеміз. Осы жерен алып кетсек, әрі қарай қалай боларын көре жатармыз. Бала бізге бауыр басқан, бірақ анасына беру керек болса, оған да көнеміз», — деді асырап баққан күтуші Марианна Фотеску. 

Бес жастағы Әсемгүл қазір балаларды қолдау орталығында. Астанадан келген анасы қызын алып кетуге талпынып жүр екен. Жағдайын білуге күнде барып тұрады, ойнатады екен. Осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткенім жоқ, түбінде қызымды алып кетем деп Марианна Фотескуға ескерткемін дейді. 

«Алып кетем баланы, не болғанда да алып кетем. Бұл жағдай болсын, болмасын, жазда алып кетем деп былтыр ғана телефоннан сөйлескенбіз. Бұл енді жоғалтып алдым дейтіндей, енді әлі түсініксіз болып жатыр. Не үшін прессаға барып жоғалтып алдым, не могу найти деп не үшін айтқанын білмедім. Алып кете алмадым, отбасылық жағдайыма байланысты, өзімнің 4-бөпемді босандым, анау-мынау, пока этот, өмірдің күйбең тірлігінен алып кете алмадым. Бірақ, мен сөйлесіп тұрдым. Айттым, школға барғанша подготовительныйға барғанша мен барып алып кетемін дедім», -дейді анасы Әсел Пірманова. 

Тағдыры таласқа түскен титтей қыздың мәселесін әрі қарай қамқоршылық бөліміндегілер шешеді. Арнайы комиссияның отырысы болып, сол жерде Әсемгүлдің тәрбиесімен кім айналысатыны белгілі болады. Отырыс бейсенбіге жоспарланып отыр. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz