Қатты дауыл кезінде яхтадан суға құлап кеткен ер адам шалбарының арқасында аман қалды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Германия турист дауыл кезінде борттан ұшып кетіп, джинсыдан жасап алған «құтқару кеудешесінің» арқасында аман қалды.

Қатты дауыл кезінде яхтадан суға құлап кеткен ер адам шалбарының арқасында аман қалды (видео)

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

30 жастағы Арне Мурке ағасы Хельгемен бірге Жаңа Зеландия жағалауының маңында яхтамен жүрген. Осы кезде кенеттен дауыл тұрып, қатты жел Муркені борттың арғы жағына ұшырып түсіреді. 

Ер адамның сөзінше, ол арқанға оратылып қалып, бата бастаған. Ол әрең дегенде судың бетіне шыққанда, ағасы мінген кеме тым алыста болыпты. 

Сол кезде Мурке америкалық әскерилер қолданатын трюкті жасап көрмек болған. Ол джинсы шалбарын шешіп, оны түйіншектеп байлап, су астында ааға толтырып, мойнына іліп алады. Осылайша, ер адам «құтқару кеудешесін» жасап алады. Алайда қатты дауыл кезінде «құтқару кеудешесімен» аман қалудың өзі оңай болмапты. Оқиға орнына келген құтқарушылар Муркені судан шығарып алып, оның жолы болғанын айтқан. 

 

«Егер джинсы шалбарым болмаса, мен де осы жерде аман отырмас едім. Ол шынымен де мені құтқарып қалды», — дейді ер адам. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz