Әли Оқапов Димашқа хит керек екенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Жақында Димаш Құдайберген «Аққуым» әніне түсірілген бейнеклипін көпшілікке ұсынды. Алайда әріптестері әншінің шығармашылығынан кемшін дүниелерді де байқаған. Мәселен, Әли Оқапов Димаштың қоржынында хит ән жоқ екенін айтады.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Димаш дегенде, біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын, көз алдымызға аламыз. Ал Димаш, осындай ән дейтіндей өкінішке орай бірде-бір ән шықпаған. Ол енді ақиқат, ол – шындық! Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білемін. Қаншама концерттерді бергенін білемін. Бірақ, Димаш – әлемдік әндердің каверін орындаудан өз тыңдармандарын тапқан немесе жаулаған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек!» — дейді Әли Оқапов.
Әлидің айтқанымен өнердегі аға-әпкелері келіспейді. Өнер майталмандарының пайымдауынша, Димаш шырқаған әрбір шығарма өзіндік ерекшелігімен тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген.
«Оның барлық әні хит. Мен келіспеймін. Бізде «хит» деп арзанқол әндерді хит қылып алған ғой. Бүгін «ымба-ымба» дейді. Таңертең ол хит болып шығады. «Дайдидауды» төрт жасар балаға дейін айтады және бәрі Димаш сияқты айтуға тырысады», — дейді Майра Ілиясова.
«Димаштың әр орындаған әндері, өзінің жеке авторлық әндері болсын немесе каверлері болсын – бір жаңалық болып шығады. Димаштың ерекшелігі сол. Ол әр әнге фишкаларды қосады, әр әннің структурасын өзгертеді. Сол үшін Димаштың басқа әншілерден айырмашылығы көп!» — дейді Ринат Гайсин.
stan.kz