Эсеола екі ойыннан ғана шеттетілді

0

Қазақстан футбол федерациясының апелляциялық комитетінің шешімі бойынша «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеоланы дисквалификациялау мерзімі екі ойынға дейін қысқартылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған дейін ҚФФ-ның тәртіп комитеті «Қайрат» – «Астана» матчында қарсыласын шынтақпын ұрғаны үшін футболшыны Тәртіп регламентінің 1 бабы, 4-тармағына сәйкес бес ойынға шеттеткен еді.

Сондай-ақ, Тәртіптік регламенттің 31-бабының 2-тармағына сәйкес ойыншыға үш айлық сынақ мерзімі беріледі. Сынақ мерзімінің басталу күні — 2019 жылы 11 наурыз.



Дереккөз: prosports.kz/kz