Қазақстандық шекарашылар иесіз қалған 400 келіден астам қытай тауарларын анықтады

0

Олар сонымен қатар шекарадан 140 килограммнан астам қытайлық дәрі-дәрмек алып өтпек болған контрабандашыны ұстаған.

«Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар кеденшілермен бірге жүздеген килограмм иесіз қалған заттар мен мемлкеттік шекерадан заңсыз контрабандалық дәрі-дәрмек алып өтпек болған контрабандашаның жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметііне сілтеме жасап.

«Кеше, 11 наурыз күні таңертеңгі сағат 9.30-дар шамасында Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан шекарашылар кеденшілермен бірге 4 центнерге жуық иесіз жүк – Қытайда шығарылған халық тұтынатын тауарлар тауып алды. Ал кешкілік, сағат 19.20-ларда Орталық аумағынан қайтып, шекаралық және кедендік тексеруден өтіп болған 29 жастағы қазақстандықтан азаматынан шекарашылар заңсыз жүк – 146 кг қытайлық дәрі-дәрмек тауы алған», — деп хабарлап отыр ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген заттар актімен «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz