Жайық өзеніндегі өлі балықтар: министр түсініктеме берді
Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне байланысты комиссия құрылды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір алдын ала бағалау бойынша үш тоннадай өлі балық су бетіне қалқып шыққан.
«Бұл желтоқсан айында қырылған балықтар. Сол кезде уланған балықтар қазір су бетіне қалқып шықты. Қазір балық қырылып жатқан жоқ», — деді Омаров үкімет кулуарында.
Үш жыл депутат болған Сарапхан Омаров мінберге алғаш рет шыққанын айтты
Ведомство басшысы балықтардың жаппай қырылу себебін арнайы құрылған комиссия анықтап жатқанын айтты.
«Комиссияның ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысы жоқ. Балықтардың қырылуына не себеп болғанын комиссия айтады, біз сіздерге жеткіземіз», — деді министр.
Омаров кінәлілер комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров туралы не білеміз?
Айта кетсек, бұған дейін Жайық өзенінде мың тоннадан аса өлі балық жиналғаны хабарланған еді.
sputniknews.kz