Астанада қыз балаға тап берген 19 жастағы күдікті ұсталды
Тергеу жүріп жатыр.
Астанада 13 жастағы қыз балаға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Полицейлер шұғыл іздестіру барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 11 наурызда шамамен сағат 22.00-де Астананың 19 жастағы тұрғынын анықтап, қамауға алды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат айтылмайды, – деп хабарлады мекеме.
Астанада тапа-тал түсте ер адам 13 жастағы қызға тап берген болатын. Оқушы қыз дүкеннен шыққанда күдікті кісі оның артынан подъезге кіреді. Бірінші-екінші қабат арасындағы баспалдақта ер адам қызға тиіскен. Шошып кеткен оқушы айқайға басып, күдіктінің қолынан құтылып шыққан.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz