Көкшетаулық дәрігерлер 1 жасар қыздың өліміне екпенің әсері болмағанын айтуда — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Көкшетауда 1 жасар қыз баланың өлімінің себебі анықталып жатыр. Ата-анасы баланың екпе салдарынан шетінеп кеткеніне сенімді, деп хабарлайды КТК.
Медбикелер бұл болжамды мүлде теріске шығарды. Олар сәбиді аяқ астынан көз жұмды деп есептейді. Әлі нақты себеп айтылған жоқ. Дені сау бал анасының көз алдында шетінеп кеткен.
Анасы әжесімен бірге емханаға келіп, қызына екпе салдырған. Алайда көп ұзамай қыз бала шетінеп кетті.
«Үйге қайтып келгенде қызымыз күліп ойнап жүрді, мысықпен ойнады, әрі-бері жүгіріп жүрді», — деді әжесі Виктория Маркович.
Қыз бала ұйықтап жатып есінен айырылған. Мұны анасы байқап, жасанды деп бермек болады. Жедел жәрдем келгенде сәби өлі күйде болды. Емханада жоспардан тыс тексеру жүрді. Бірақ ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Қызға қызылшаға қарсы, полимиалит пен пневмокқа қарсы екпе салынған. Өңірде қызылшаға қарсы екпе салдыру науқаны хабарланып жатыр. Одан бас тартқандарға медбикелердің өздері келіп екпе салуда.
«Баланың өлімінің нақты себебі мен нақты диагнозы айтылады. Болжам бойынша, баланың өлімі екпе әсерінен болмаған деп айта аламыз», — дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнагүл Мусина.
Жақындары прокуратураға арыз жазды. Бұл анасының жалғыз баласы еді.
«Мен бұған екпе себеп деп ойлаймын. Оған тізім бойынша салынуы керек еді. Қызымның дені сау болды. Ол қалайша көз жұмды? Мұны жай қалдыра алмаймын», дейді анасы.
Баланың өлімін сот-седициналық сараптама анықтайды. Ал, дәрігерлер статистика жүргізеді. Былтыр осындай екпе 2 жарым мың балаға салынған. Олардың ешқайсысына зиянды әсері болмаған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz