Қостанайда екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ тоқтатылды

0

Сабақ жарақаттың алдын алу мақсатында өткізілмейді.

Қостанай мектептерінде көктайғаққа байланысты екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Білім бөліміне сілтеме жасап.

Қостанай әкімдігінің білім блімінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының арасындағы қайғылы жағдайды болдырмас үшін көктайғаққа байланысты, 11 ақпан күні екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды.

Синоптиктер 11 ақпан күні Қостанай облысында тұман, көктайғақ болып, желдің күшейуі 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23 м/с жететін дауылдың болатынын болжап отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz