«Атажұрт еріктілерінің» жетекшісі ұсталып, кеңседе тінту жасалды

0

Серікжан Біләшті полиция наурыздың 10-ы күні Алматыдағы қонақ үйден түнгі екі жарым шамасында ұстап алып кеткен.

Наурыздың 10-ы күні полиция Қытайдағы «қайта тәрбиелеу лагерьлері» жайлы жиі айтып, мәселе көтерген «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, «ұлтаралық араздық қоздыру» ісі бойынша тергеген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ал кейінірек ұйым кеңсесінде тінту жүргізіліп, заттар тәркіленгені хабарланды.

Наурыздың 10-ы күні полиция «Атажұрт еріктілері» ұйымының Алматыдағы кеңсесін тінтіп, компьютер, камера және өзге де заттарды тәркілеп алып кеткен.

«Ол компьютерлерде [Шыңжаңда қысым көрген] азаматтардың куәліктері сақталған еді» деген ұйым өкілі Гүлжан Тоқтасын AFP агенттігіне жексенбі күні. Кеңседе тінту болғанын, заттар тәркіленгенін ұйымның өзге де өкілдері растады.

AFP тілшісі кеңседен шыққан полиция қызметкерлерінің қара түсті пакетпен заттар алып бара жатқан сәтін түсіріп, Twitter-де жариялаған.​

Кейінірек «Атажұрт еріктілері» кеңсесі мөрмен бекітіліп, жабылған. Полиция тінтуге байланысты әзірге жауап бермеді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



[ad_2]

Zakon.kz