Екі минутқа кешігіп аман қалды: Эфиопияда құлаған ұшақтың жолаушысын полиция тергеуге алды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Греция азаматы Антониос Мавропулос Alpha TV арнасына берген сұхбатында Эфиопияда құлаған ұшаққа кешігіп қалғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Екі минутқа кешігіп аман қалды: Эфиопияда құлаған ұшақтың жолаушысын полиция тергеуге алды

Оның айтуынша, ол екі минутқа кешігіп, ұшаққа үлгермей қалған. 

«Мен адамдардың ұшаққа отырып жатқанын көрдім. Сол кезде мені ұшаққа жібермегендеріне қатты ашуландым », — деді ол.

Сонда Мавропулос жүгін уақытында  өткізбегеніне байланысты рейске жіберілмегенін білді.

Ал ұшақтың апатқа ұшырағаны жайлы қайғылы ақпарат белгілі болғанда полиция қызметкерлері Грекия азаматын ұстады. Себебі, сол ұшаққа отырмаған жалғыз адам Мавропулос болған.

Сонымен қатар, Мавропулос тергеушілердің алдында ұзақ отырмағанын атап өтті. Себебі, полицейлер де оның рейске кешігуі мен әуе кемесінің құлауы арасында ешқандай логикалық байланысты көрмеген. 

Естеріңізге сала кетсек, 10 наурыз күні таңертең Аддис-Абебадан Найробиге жол тартқан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесімен байланыс ұшақ жерден көтерілгеннен кейін алты минуттан соң жоғалды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 149 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Қаза болғандардың арасында 35 елдің азаматы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz